Озық ойлы оқушы атты интеллектуалды сайыс

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Озық ойлы оқушы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды логикалық есептерді шешуге және математика тарихын білуге үйрету;
Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру;
Сабақтың барысы:
Сабақтың мақсатын, ережесін таныстыру.
Жүргізуші:
- Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

«Озық ойлы оқушы» ғажайып алаң ойынның бастауға рұқсат етіңіздер!

Ғалымдардың патшасы атанғансың
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Тізбектей өтірікке, жалғандыққа
Жасықтан емессің сен, қаталдансың
«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән - математика атанғансың!, - дей келе ортаға ойынға қатысушыларды шақырамыз.

Бірінші үштікке қатысатындарды тыңдау. Таңдауға 5 оқушы қатысады. Бұл
кезеңде нақты үш тапсырма беріледі. Егер қатысушылар осы тапсырмаларға жауап таба алмаса, онда тағы үш сұрақтар қойылады. Ең көп сұраққа жауап берген 3 оқушы бірінші үштікке қатысады. Сол үш оқушының жауап берген сұрақтардың көптігіне қарай өз орындары барып тұрады. Көп сұраққа жауап берген оқушы 1 орынға т. с. с

2. Бірінші үштікті таңдау сұрақтары.
Сұрақтар
1. Оқушы 19 тиындық дәптер сатып алғысы келді. Оның тек 3 тиындық монеталары, ал дүкенде тек 5 тиындық монеталар ғана бар. Оқушы дәптерді сатып ала ма?

(Егер 24 тиын, яғни 3 тиындықтан 8 берсе, онда сатушы оған 5 тиын қайтарып береді, сондықтан оқушы 19 тиындық дәптерді сатып алады.)

2. Мына санның 66666666 цифрларының арасына қосу таңбасын өрнектің мәні 264 - ке тең болатындай етіп қойып шығарыңдар.
(66+66+66+66=264)

3. Екі бөлмеде 76 адам бар. Бірінші бөлмеден 30 адам, ал екінші бөлмеден 40 адам шыққан кезде, бөлмедегі адамдардың саны бірдей болды. Алғашқыда әр бөлмеде неше адамнан болған?

(76 -(40+30)): 2=3, әр бөлмеде 3 адам қалған, олай болса, бірінші бөлмеде 33 адам, ал екінші бөлмеде 43 адам болған.

Қосымша.
4. Өзіне және бірге бөлінетін сан қалай аталады? (жай сан)
5. Ең кіші жай сан? (2)
6. 3 - ке қандай сандар бөлінеді? (цифрларының қосындысы үшке бөлінетін сан үшке бөлінеді?)

Бірінші үштікке өткен оқушыларды ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:
Дауылпаздағы секторлардың мағынасы:

Б - бірінші әріпті ашу;
О - әріп ату;
Д - досының көмегі;
К - келесі кезек.

Тапсырма. Берілген санның бөлгіштерінің қосындысы сол берілген санның өзіне тең сан қалай аталады? (кемел )

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер, - дей келе келесі екінші үштікті таңдауға қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық.

3. Екінші үштікті таңдау сұрақтары.

1. Мына суретте неше үшбұрыш бар? (сурет 12 слайдта)
(18ұшбұрыш)

2. Мына суретке 5 шаршы болатындай етіп тек екі сызық жүргіз. (сурет 13 слайдта)

3. Қарындашты қағаз бетінен алмай төрт түзу арқылы барлық нүктелерді сызып шығыңдар. (14 слайд)
Қосымша.
4. Екіден көп бөлгіші бар сандар қалай аталады? (Құрама сандар)
5. Қандай сандар 5 - ке бөлінеді? (соңғы цифры 0 мен 5 пен аяқталса)
6. Тең бөліктер қалай аталады? (үлестір)

Тапсырма. Жай сандарды зерттеуде зор еңбек сіңірген орыс математигінің тегі. (Виноградов И. М.)

«Оқусыз - білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» - демекші келесі кезекті үшінші үштікке қатысатын оқушыларды шақырайық.

4. Үшінші үштікті таңдау сұрақтары.
15 слайдтағы үшбұрыштың бір қабырғасының бойындағы сандардың қосындысы 20 - ға тең болатындай етіп 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандарын орналастыр.
2. Мына дөңгелектердің орнына 6 - дан 14 - ке дейінгі сандарды бір түзу бойында орналасқан кез келген үш санның қосындысы бірдей болатындай етіп қойып шығыңдар. (16 слайд)
3. Кестедегі қалдырып кеткен санды жазыңдар. (17 слайд)

Қосымша.

4. 50 мен 70 сандарының арасындағы жай сандарды ата. (53, 59, 61, 67.)
5. Сыныптағы оқушылар саны 12. Оның 1/6 - і ұлдар. Сыныпта неше ұл бар? (2)
6. 9 - ға қандай сандар бөлінеді? (цифрларының қосындысы тоғызға бөлінетін сан үшке бөлінеді.)

Тапсырма. «Жеріміздің үсті де, асты да бай. Менің геолог ретінде борышым - жер астындағы қазбаны зерттеп табу, оның қорын анықтау. Ал ғалым ретіндегі міндетім - кең байлықтарын халықтың игілігіне жарату» деп айтқан тұңғыш қазақ академигінің аты (Қаныш Сәтбаев)
5. Жанкүйерлер сайысы
Мына фигураның ауданын табыңыз (18 слайд)
6. Мәре.
«Арифметика математиканың, ал математика ғалымдардың патшасы» - деп айтқан ғалым? (Карл Гаусс)
7. Ақтық сайыс.
Тікбұрышты өзінің бір каттеті бойынша айналдырғанда шыққан фигура қалай аталады? (клонның заты) (Конус)

Көңіл бөліп бұл кешке
Келгендерге көп рахмет.
8. Қорытындылау. Жеңімпазды және ойынға қатысушыларды марапаттау.

© 2010-2022