Конспект на тему ПИЗА

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып:Конспект на тему ПИЗА Күні: 22.01.2015ж

Тақырып: Мазмұнды есептерді теңдеу құру арқылы шешу

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік: Мазмұнды есептерді теңдеу құру арқылы шешу барысында оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру, PISA есептерін шығартуға машықтандыру, білімдерін тереңдетіп жинақтау.

ә)дамытушылық: есептер шығару барысында оқушылардың қызығушылығын; шығармашылық қабілеттерін арттыру ;

б)тәрбиелік: оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу;

Көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, PISA есептері

Әдісі: практикалық, топтық жұмыс

Түрі: Жинақтау, бекіту

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут):

а) сәлемдесу

ә) оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

б) оқушы зейінін сабаққа аудару

Оқушыларды әртүрлі геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөлінеді

II. Жан - жақты білімдерін тексеру (2 минут):

1. Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды?

2. Қандай теңдеу мәндес теңдеулер деп аталады?

3. Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?

4. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірі қалай табылады?

III. Үй тапсырмасын сұрау: №841, №852 (ауызша)

Сергіту сәті (5 минут)

IV.Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

Енді бүгінгі сабағымыз мазмұнды есептерді теңдеу құру арқылы шығару жолдарын қарастырамыз

V. Есептер шығару: № 842 (оқулықтан) (8 минут)

2x+3+x=21, 3x=21-3, 3x=18, х=6

Жауабы: бірінші сан 15-ке тең

№843

1600-65x=1215+45x

45x+65x=1600-1215

110x=385

x=3,5

Жауабы : 3,5 сағаттан соң екі бассейннің су көлемі теңеседі

Осы есептер шығарылып болған соң, арнайы дайындалып келген есептерге көшу.

VI. «Математика - дүкенде» (4 минут)

1-топ.
Жиһаздар дүкенінен үйге диван мен үстел сатып алуға 75000 тг жұмсалды.Үстелдің бағасы диванға қарағанда 2 есе арзан, диван қанша тұрады

Шешуі: х+2х=75000, 3х=75000, х=25000

Жауабы: диван 50000 теңге тұрады

2-топ.
Жаңа оқу жылына оқушыға жейде мен күрте сатып алуға барлығы 9200 тг ақша жұмсалды. Күрте жейдеден 3 есе қымбат тұрады. Сонда күрте қанша тұрады?

Шешуі: 3х+х=9200, 4х=9200, х=2300

Жауабы: күрте 6900 теңге тұрады

3-топ.
Қысқа жеміс сусынын даярлау үшін анам базардан 1260 теңгеге шие және өрік сатып алды. Шиенің бағасы өрікке қарағанда 2 есе қымбат болса, шие қанша тұрады?

Шешуі: 2х+х=1260, 3х=1260, х=420

Жауабы: шие 840 теңге тұрады

VII «Математика - тұрмыста» (6 минут)

1-топ.

Менің жанұямның айлық кірісі 96 000 теңге. Ал бір айлық шығысы: тамаққа коммуналдық қызметке қарағанда 2 есе артық жұмсалады, ал киім-кешекке 3 есе артық кетеді. Ал банкке коммуналдық қызметке қарағанда 5 000 теңге артық салынады. Банкке қанша ақша салынады?

Шешуі: 2х+х+3х+х+5000=96000, 7х=91000, х=13000

Жауабы: банкке 18000 теңге ақша салынады.

2-топ.
Менің бөлмемнің еденін сырлау керек. Бөлмемнің ұзыны енінен 3 есе артық, периметрі 16м. Егер 1м2 жерге 200г сыр жұмсалса, онда еденді сырлауға қанша сыр керек?

Шешуі: 2х+6х=16, х=2, ауданы S=12м2, 12*200=2400г=2,4кг

Жауабы: еденді сырлауға 1,4кг сыр керек

3-топ.
Аптасына біздің жанұяда 7кг картоп пен сәбіз қолданылады. Егер картопты сәбізге қарағанда 3кг артық жұмсаса, онда 1 жылда қанша картоп, қанша сәбіз қолданылады?

Шешуі: 2х+3=7, х=2, аптасына 2кг сәбіз, 5кг картоп жұмсалады.

1 жылда 53 апта болса, 53*2=106кг сәбіз, 53*5=265кг картоп дайындалу керек

VIII. Пиза есептерімен жұмыс. (14 минут) 3топқа берілетін тапсырма

АЛМА АҒАШТАРЫ

Шаруа бақ учаскесіне суретте көрсетілгендей шаршы пішінінде алма ағаштарын отырғызады. Алма ағаштарын желден қорғау үшін ол учаскенің шет-шетіне қылқан жапырақты ағаштар отырғызады. Төмендегі суретте n-нің бірнеше мәніндегі алма ағаштары мен қылқан жапырақты ағаштар отырғызылуының схемасы көрсетілген, n - отырғызылған алма ағаштары қатарының саны. Бұл тізбекті n-нің кез-келген саны үшін жалғастыруға болады.

n = 1

n = 2

n = 3

n = 4

X - қылқан жапырақты ағаш

- алма ағашы



X

X

X

X

X

X

X

X






X

X

X

X

X

X


X

X




X

X


X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X



X

X






X

X



X

X






X

X



X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

X




X

X








X

X




X

X








X

X




X

X








X

X




X

X

X

X

X

X

X

X

X

X

Сұрақ 1: АЛМА АҒАШТАРЫ

Кестені толтырыңдар:



n

Алма ағаштары саны

Қылқан жапырақты ағаштар саны

1

1

8

2

4


3



4



5



Сұрақ 2: АЛМА АҒАШТАРЫ

Жоғарыдағы тізбекте қарастырылған отырғызылған алма ағаштары мен қылқан жапырақты ағаштары саны мына үлгіде есептеледі:

Алма ағаштары саны = Конспект на тему ПИЗА,

Қылқан жапырақты ағаштар саны = Конспект на тему ПИЗА,

n - отырғызылған алма ағаштары қатарының саны.

n-нің қандай мәнінде алма ағаштары саны олардың айналасына отырғызылған қылқан жапырақты ағаштарының санына тең болады?

Шешуін жазыңдар.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Сұрақ 3: АЛМА АҒАШТАРЫ

Фермер өз учаскесіндегі алма ағаштары қатарының санын біртіндеп көбейтуді шешті деп жобалайық. Бұл жағдайда қайсысы тез көбейеді: отырғызылған алма ағаштары саны ма, әлде қылқан жапырақты ағаштар саны ма?

Өз жауаптарыңды түсіндіріп жазыңдар.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Тапсырмалар үлестірмелі парақтарға жазылады.

IX.Сабақты қорытындылау: оқушылардың жинаған смайликтеріне қарап бағалау (2 минут)

X. Үйге тапсырма: (1 минут) №844,№845

Тексерілді:

© 2010-2022