Презентация по математики на тему ашық сабақ (6 класс)

Пән аты:Математика              Сыныбы:6                       Күні: Сабақтың тақырыбы:Оң сандар және теріс сандар. Сабақтың мақсаты:Б.Теріс сандарды енгізу жолымен оқушылардың сандар туралы түсініктерін кеңейту; Д.Ойлау,есте сақтау қабілеттерін,өз беттерімен жұмыстануды дамыту. Оқушылардың  шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Т.Алдына қойған мақсаттарына жетуге,ұжымдық жұмысқа,жауапкершілікке, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі:жаңа сабақ Сабақтың типі:аралас сабақ Сабақтың әд...
Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты:Математика Сыныбы:6 Күні:

Сабақтың тақырыбы:Оң сандар және теріс сандар.

Сабақтың мақсаты:Б.Теріс сандарды енгізу жолымен оқушылардың сандар туралы түсініктерін кеңейту;

Д.Ойлау,есте сақтау қабілеттерін,өз беттерімен жұмыстануды дамыту. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.

Т.Алдына қойған мақсаттарына жетуге,ұжымдық жұмысқа,жауапкершілікке, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың типі:аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап әдісі

Сабақтың кңөрнекілігі:формулалар,есептер жинағы,слайдтар,үлестірме материалдар.

Сабақтың жүру барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі:Оқушылармен амандасу,түгендеу,сыныпты сабаққа дайындау.

2.Үй тапсырмасын тексеру:Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру. Өткен сабаққа қысқаша тоқталып өту.

"Ой қозғау "стратегиясы.

-Жиын дегеніміз не,жиынның элементтері;

-Ішкі жиын ,бос жиын;

-Жиындардың қиылысуы,бірігуі;

3.Жаңа сабақ.

Кейбір шамалардың тура мағынасы,тура бағыты болуымен қатар, қарама-қарсы мағынасы,қарама-қарсы бағыты болады.Шамалардың өзгерісінің сан мәнін жазғанда,оқығанда оның тура мағынасының сан мәнінің алдында"+" таңбасы қойылады.Шаманың қарама-қарсы мағынасының сан мәнінің алдына "-"таңбасы қойылады.

Анықтамалар:

"+" таңбасымен жазылған сандар оң сандар деп аталады.

"-" таңбасымен жазылған сандар теріс сандар деп аталады.

О(нөл) саны оң санға да, теріс санға да жатпайды.

Ережелер:

Егер берілген өрнекте оң сан бірінші орында тұрса немесе өрнекте бір ғана сан болып және ол оң сан болса,онда оның алдына "+" таңбасы қойылмайды. Мысалы,+3а-7,5+8в өрнегін 3а-7,5+8в түрінде жазамыз.

4.Бекіту есептері:

"Іс -әрекет стратегиясы". Оқулықпен жұмыс.

№296,№297,299 есептер шығарылады.

Деңгейлік тапсырмалар.

Кестедегі бос орынға оң немесе теріс сандарды жазыңдар және тиісті сөздерді қойыңдар.Сөздер:қарыз,ыстық,көтерілді.(слайд арқылы көрсетіледі)

------------------------

Шаруашылықтың пайдасы 450 000 теңге.

-60 000

Фермердің -----------60 000 теңге.

31 градус

25 тамызда күндіз 31 градус ---------- болады.

------------------------

Аулада 25 градус суық.

+40 м

Көктемде еріген қар суымен өзен деңгейі 40 см - ге ------------------

------------------------

Ойпат теңіз деңгейінен 14 м төмен орналасқан.

5.Қорытындылау.

-Оң сандардың ережесін қорытындылау;

-Теріс сандардың жазылу ережесі.

6.Бағалау:Сабаққа белсене араласқан оқушылар бағаланады.

7.Үйге тапсырма:п.2.1.(ереже жаттау) №298,303.



© 2010-2022