Жай және ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Сабақтың тақырыбы:Өткенді қайталау Білімділік мақсаты:Жай және ондық бөлшектерге амалдар қолдануды,сандарды дөңгелектеуді,арифметикалық ортасын табуды меңгерту. Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың ұлттық ойындар арқылы математика пәніне деген танымдық қызығушылығын,белсенділігін,тез ойлауға дағдыландыру. Тәрбиелік мақсаты:Қазақтың ұлттық спорт ойын түрлері арқылы ептілікке,шапшаңдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі:Дәстүрлі емес Сабақтың әдісі:Түсіндірмелі,сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырмалар. Пәнаралық байл...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Өткенді қайталау

Білімділік мақсаты:Жай және ондық бөлшектерге амалдар қолдануды,сандарды дөңгелектеуді,арифметикалық ортасын табуды меңгерту.

Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың ұлттық ойындар арқылы математика пәніне деген танымдық қызығушылығын,белсенділігін,тез ойлауға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты:Қазақтың ұлттық спорт ойын түрлері арқылы ептілікке,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі:Түсіндірмелі,сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс:Қазақ тілі,тарих

Көрнекілігі:Слайдтар,сандар жазылған құрастыру парақшалары,ат макеттері.

Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру
Кабинет ішін даярлау.Оқушыларды түгендеу.

Оқушыларды екі топқа «Тұлпар» және «Сәйгүлік» бөлу.

ІІ. «Шашу» (Үй тапсырмасын ауызша тексеру)

ІІІ. «Бәйге» Ойын ережесі:

Бұл ат жарысқа жігіттер мен қатар қыздар да қатыса алады.Ойнаушылар көмбедегі сызықтың бойына барлығы қатар тұрып,ойын жүргізушінің белгісі бойынша бір мезгілде көмбеден шығады.Ойынның шарты бойынша әрбір айналым 2 шақырым.Көмбеге қай бұрын келгені жеңімпаз атанады.

Топтарға І,ІІ орындарды беру.

Тапсырма:
1.Жай бөлшек дегеніміз не?

Жай және ондық бөлшектерге амалдар қолдану түріндегі санды жай бөлшек деп атаймыз.m-натурал сан немесе 0,nл сан.

2.Ондық бөлшек дегеніміз не?

Бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігі үтірмен айырылып жазылған сан ондық бөлшек аталады.

3.Сандардың арифметикалық ортасын қалай табамыз?

Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп олардың қосындысының мәнін осы сандардың санына бөлгенде шыққан бөліндінің мәнін айтады.

4.Сандар қатарының өзгеріс ауытқуын қалай табамыз?

Ең үлкен және ең кіші мәндерінің айырымы өзгеріс ауытқуы деп аталады.

5.Сандар қатарының модасы дегеніміз не?

Берілгендер қатарында ең көп қайталанатын сан немесе шама мода деп аталады.

6.Ондық бөлшектерді 10;100;1000;... т.с.с. сандарына қалай бөлеміз?

Ондық бөлшектерді 10;100;1000; т.с.с. санға бөлу үшін осы ондық бөлшектің үтірін бөлгіште бірден кейін қанша нөл болса,сонша орынға солға қарай жылжыту керек.

ІҮ. «Көкпар» ойыны.

Ойын шарты:
Екі топтың біреуіне бірнеше санның арифметикалық ортасын құрастыру,екінші топқа жай және ондық бөлшектерді құрастыру тапсырылады.

«Тұлпар» тобына

(20+32+43+49):4=36

(5+7+10+16):5=10

(0,1+2+0,5+7):4=2,4

«Сәйгүлік» тобына:

0,25;72,61;103,1 Жай және ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Ү. «Теңге алу» ойыны. Деңгейлік тапсырмалар

«Тұлпар» тобына

А тобы

1000 теңге
4,9+1Жай және ондық бөлшектерге амалдар қолдану

500 теңге
0,6:Жай және ондық бөлшектерге амалдар қолдану

В тобы

2000 теңге

Амалды орындаңдар:
(4,3+3Жай және ондық бөлшектерге амалдар қолдану

С тобы

10000 теңге

Квадраттың периметрі 22,48 м.Оның ауданын тауып,жүздік үлестерге дейін дөңгелектенген жуық мәнін жазыңдар.

Шешуі: Р=22,48 м а=22,48:4=5,62 S=5,62*5,62=31,5844Жай және ондық бөлшектерге амалдар қолдану м

Жауабы:Квадраттың ауданы 31,58 м

«Сәйгүлік» тобына

А тобы

1000 теңге

40,8+15Жай және ондық бөлшектерге амалдар қолдану

500 теңге

Жай және ондық бөлшектерге амалдар қолдану

В тобы

2000 теңге

(33,74-5Жай және ондық бөлшектерге амалдар қолдану

С тобы

10000 теңге

26,16 м сымды балалар бес құсқа ұя жасау үшін тең 5 бөлікке бөлді.Бір құстың ұясын жасауға жұмсалатын сымның ұзындығын жүздік үлестерге дейін дөңгелектеп табыңдар.Бұл құстың ұясы неше метр,неше сантиметр сымнан жасалады?

Шешуі:26,16 м:5=5,232 мЖай және ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Жауабы:Бір құстың ұясына 5 м23 см сым жұмсалады.

ҮІ. «Аударыспақ» ойыны

«Жай бөлшектер» сөзінен бірнеше сөз құрастырып тақтаға жазу.Ең көп жазған топ алда.

ҮІІ. «Той табағы» Үйге тапсырма

Әрбір оқушы арифметикалық орта табуға,өзгеріс ауытқуын табуға сандар қатарын құрып табу.

ҮІІІ. «Той тарқар»
Балаларды бағалау.Сабақты аяқтау.



© 2010-2022