Сабақтың тақырыбы: Виет теоремасына есептер шығару

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Виет теоремасына есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп,жинақтау.жүйелеу.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру,белсенділігін арттыру,сабаққа қызығушылығын қалыптастыру.

Тәрбиелілік: Өз ойларына сенімділікке ,жауапкершілікке,өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, плакаттар,оқулық,кесте,карточкалар.

Сабақтың түрі: оқушылардың алған білімдерін бекіту.

Пәнаралық байланыс: физика,экономика

Сабақтың барысы:

Ι.Ұйымдастыру кезеңі:

1.сәлемдесу

2.оқушылар тізімін тексеру

3.сабаққа назарларын аудару

4.сабақтың мақсаты мен міндетін баяндау

5. сынып оқушыларын топқа бөліп , әр топқа «Алғырлар», «Тапқырлар», «Ойшылдар», деп ат беріп, топ жетекшілерін сайлау.Топ жетекшілері бағалау парағына өз тобындағы оқушыларды бағалап отырады.

ΙΙ.Үй тапсырмасын тексеру.

№149 Берілген сандар квадрат теңдеудің түбірлері болатынын тексеріңдер:

Теңдеу

х²+4х-77=0

3х²+7х-6=0

6х²-7х+2=0

4х²-5х=0

сандар

7;-11

-3; 2/3

1/2,;2/3

0; 5/4



ΙΙΙ.Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.

Квадрат теңдеулерді шығара отырып,сайысқа түсеміз.

Сайыстың бірінші бөлімі. Танымдық сайыс

Мен саған-сен маған ойыны

1.Квадрат теңдеудің анықтамасын айт?

2.Дискриминант қай формуламен табылады?

3.Қандай теңдеуді келтірілген квадрат теңдеу деп атайды.?

4.Виет теоремасын айтып бер?

5.Дискриминанттың үш жағдайыны көрсетіңіз?

6. Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не?

Интерактивтік тақтамен жұмыс

Сұрақ: Теңдеудің түрін және коэффициентін ата. Жауап:

  1. 3х²-8х-3=0

  2. х²+2х-9=0

  3. 2х²+6х=0

  4. 7х²=0

  5. х²-16=0

Толымсыз квадрат теңдеулерді шешіңдер:

  1. 2х²-50=0

  2. 4х²-20х=0

  3. 7х²-14х=0

Толық квадрат теңдеулерді шешіңіз.

1.2х²-8х-10=0

2.-х²+6х+16=0

3.7х ²+8х+1=0

ΙV.Оқулықпен жұмыс.

№150

1.х²-10х+25=0

2.х²+6х+9=0

3.4х²-12х+9=0

№151

Теңдеудің түбірлерінің қосындысы мен көбейтіндісін табыңдар:

1.3х²+4х-6=0

2.-х²-7х+8=0

3.2х²-5х+1=0

4.5х²+х-4=0

№152

Түбірлерінің қосындысы -5, көбейтіндісі 6 болатын квадрат теңдеу құрыңдар.

«Зерде» ойыны

Мұнда мақал-мәтелдер айтылады.Оның ішіндегі 2 сан есім квадрат теңдеудің түбірлері,яғні Виет теоремасына кері теорема бойынша квадрат теңдеу құрастыру керек.

  1. Ер бір рет өледі,қорқақ мың рет өледі.

х²-1001х+1000=0

  1. Жігіт бір сырлы,сегіз қырлы.

х²-9х+8=0

  1. Ұлға отыз үйден.қызға қырық үйден тыю

х²-70х+1200=0

Үйге тапсырма:№156,№157

Сабақты қорытындылау.

Топтардың жинаған балын айтып,оқушыларды бағалаймын.







© 2010-2022