Есептер шығару. Дидактикалық ойындар

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару. Қайталау.
Сыныбы: 5
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылар өткен сабақтағы білімін тиянақтау, жүйелеу, ережені түсініп жаттау есеп шығаруда қолдану.
Тәрбиелігі: Жолдастарының алдында жауапкершілік сезімін арттыру, ұқыптылыққа, алғырлыққа, сыйластыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың іскерлік дағдыларын арттыру, топпен жұмыс жасай білуге, өз білімін практикамен ұштастыру.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: Деңгейлеп оқыту, Сұрақ - жауап, Сауалнама
Көрнекілігі: топқа арналған тапсырмалар, жедел тест, ауызша есептер, логикалық есеп.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру
• Оқушылармен амандасу;
• Түгелдеу;
• Сабаққа дайындығын қадағалау;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Математикалық буклет» ойыны

Ауызша есепте:

1. 78 + 22 = 100 1. 29+51= 80

2.100-61 = 39 2. 120- 50 = 70

3. 74-31 = 43 3. 85 -22 = 63

4. 100-56 = 50 4. 116- 46 = 70

5. 83+28 = 111 5. 78 +14 = 92

6. 93+117 = 210 6. 36+24 = 60

7. 29-18 = 11 7. 136+18 = 154

Ой қозғау. «Е р е ж е» сұрау.

1.Қосудың қандай қасиеттерін білесіңдер? (ауыстырымдылық,терімділік)

2.Азайтудың қандай қасиеттерін білесіңдер?( саннан қосындыны азайту,қосындыдан санды азайту)

3.а санын в санына көбейту дегеніміз не?(а санын в санына көбейту дегеніміз әрқайсысы а - ға тең в қосылғыштың қосындысын табу)

4.Санды 1- ге көбейту дегеніміз не? (санды 1- ге көбейткенде сол сан шығады)

5.Санды 0- ге көбейту дегеніміз не? (санды 0-ге көбейткеде 1 болады.)

6.Бөлу мен көбейту өзара қандай амалдар? (кері)

7.Санды 0- ге бөлуге бола ма? (болмайды)

ІІ. Математикалық домино . Өрнектерді ықшамдау.

ІІІ.Тор көзді қағаз бетінде 5 фишка орналасқан. Олардың орналасуында бір ерекшелік бар. Түзу және қисық сызықта екі фишка қатар келмейді., біраз уақыттан кейін 3 фишка бос торкөздерге ауысты, бірақ та ешқайсысы басқа фишкалармен бір сызықтың бойына келмейді.

Сұрақ. Қай фишка қай тор көзге ауысты?

ІУ. Топпен жұмыс. 2 топқа бірдей есеп беріледі.

Төрт 7 -лік арқылы математикалық амалдар мен жақшаларды қою арқылы нәтижесі 1- ден 10 - ға дейінгі сандарды тап.

1.7:7 +7-7 =1

2.7:7+7:7 = 2

3.(7+7+7):7=3

4.77:7-7=4

5.7-(7+7):7=5

6. (7*7-7):7=6

7.(7-7)*7+7=7

8.(7*7+7):7=8

9.(7+7):7+7=9

10.(77-7):7=10

У. Логикалық есеп

  1. Бір санды өзіне-өзін қосқандағы қосынды оның өзіне-өзін көбейткендегі көбейтінтіден артық. Ол қандай сан? /1саны/
    2. 8жұмыртқа 4минутта піседі. 15 жұмыртқа неше минутта піскен болар еді? /4минутта/
    3. Тебіндегі 27 жылқының үштен бірі және 2 - еуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы қорада ұстауға кетті. Сонда тебенде неше жылқы қалды?
    1) 27: 3=9/ж/
    4. Бір - бірімен жарысқа,
    Бес аю, бір арыстан
    Екі қой мен үш түлкі
    Бәрі нешеу, кім білді? (Барлығы 11)
    5. Үстелде 5 стақан сүт тұрған еді. Дастан 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды үстелге қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды? (5 стақан)
    6. Үш тұйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (Түйеқұстар ұшпайды)

УІ. Пингвиндерді әр қатардағы сандардың қосындысы 12- е тең болатындай етіп1,2,3,4,5,6,7 сандарын орналастыр.

Жауабы: бірінші қатарда 7,2,3 ортада 4 , 2 - қатарда 5,6,1

Қорытындылау.

Үйге тапсырма беру.

Бағалау




© 2010-2022