Конспект на тему БІР АЙНЫМАЛАСЫ БАР СЫЗЫҚТЫҚ ТЕҢДЕУ

Тақырыбы: Бір айнымаласы бар сызықтық теңдеу   Сабақ түрі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы   Сабақ мақсаттары:   Білімдік мақсаты: оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсінік беру,  тақырып бойынша, оқушылардың білім дәрежесін анықтау, алған білімдерін тиянақтау.    Дамытушылық: Оқушылардың ой ұшқырлығын арттыру. Оқушылардың ақыл-ойын жан-жақты дамыту, математикалық сауаттылығын арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Тазалық пен ұқыптылыққа үйрету. Оқушыларды...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БІР АЙНЫМАЛАСЫ БАР СЫЗЫҚТЫҚ ТЕҢДЕУ

Тақырыбы: Бір айнымаласы бар сызықтық теңдеу

Сабақ түрі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы

Сабақ мақсаттары: Білімдік мақсаты: оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсінік беру, тақырып бойынша, оқушылардың білім дәрежесін анықтау, алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Оқушылардың ой ұшқырлығын арттыру. Оқушылардың ақыл-ойын жан-жақты дамыту, математикалық сауаттылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Тазалық пен ұқыптылыққа үйрету. Оқушыларды шапшаңдыққа, батыл шешімге келуге тәрбиелеу.

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Өткен тақырыпты қайталау

4. Жаңа тақырыпты түсіндіру

5. Сабақты бекіту.

6. Жаттығуларды орындау.

7. Рефлекция.

8. Сабақты қорытындылау.

9. Оқушыларды бағалау.

10. Үйге тапсырма.

Сабақтың жүру барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылардың сабаққа дайындығы (дәптер, қалам, қарандаш, сызғыш)

ә) журналды толтыру

2. Үй тапсырмасын тексеру №589 1,3,5

Оқушылар бір-бірінің дәптерлерімен алмасып, бағалайды.

3. Өткен тақырыпты қайталау - сәйкестендіру тесті

Теңдеуді шешіңдер;

1) х+3=7 а)-6

2) Х-5=3 б) 4

3) Х+7=1 в) 8

4. Жаңа сабаққа бетбұрыс;

Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989)

Математика ғылымының дамуына көп енбек сіңірген ғалым. ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Алғашқы ұлттық жоғары математика оқулығының авторы. Негізгі ғылыми еңбектері математикалық теңдеулерге, теориялық және қолданбалы механика саласына арналған.

ах=в түріндегі теңдеу (мұндағы х - айнымалысы, а және в - қандай да бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу сызықтық теңдеу деп аталады.

1 қасиет:

Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.

2 қасиет:

Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.

Мысалдар келтіру;

1. 4х+3=х+5,1 2. 7х+3=3х+5

4х-х=5,1-3 7х-3х=5-3

3х=2,1 4х=2

Х=2,1:3 х=2:4

х=0,7 х=0,5

3. 2х+4=2х-5,8 4. 2х+х-5=3х-5

2х-2х=-5,8-4 3х-3х=-5+5

0*х=-9,8 0*х=0

Теңдеудің түбірі болмайды кез-келген сан теңдеудің түбірі

болады.

5.Бекіту сұрақтары;

  1. 1. Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар теңдеу деп атайды?

  2. 2. Бір айнымалысы бар теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?

  3. 3. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірін қалай табады?

6. Оқулықпен жұмыс;

№606 (ауызша)

1) х+2,7=3

2) х-0,6=1,4

3) 2х-5=х-1

4) 2,7+1,3=х+3

№607 (жазбаша)

1) 2х+17=22+3х 2) 18+3х=х+14

2х-3х=22-17 3х-х=14-18

-х=5 2х=-4

х=-5 х=-2

а) Суретке қарап, теңдеу құрастыр. Бұл жерде 1пакет ұнның массасы Х кг. Теңдеуді шешіп, 1пакет ұнның массасын табыңыз. (сергіту сәті)

Х+Х+Х=2+2+Х 3х=4+х

3х=4+х

3х-х=4

2х=4

Х=4:2

Х=2 Жауап:2кг

б) Мен бір сан ойлап, оны 5-ке көбейттім, содан кейін көбейтіндіні 2,7-ге арттырдым. Нәтижесінде 22,7 шықты. Менің ойлағаным қандай сан?

Х*5+2,7=22,7

Х*5=22,7-2,7

Х*5=20

Х=20:5

Х=4 Жауап:4

7.Рефлекция

8.Сабақты қорытындылау.

9.Оқушыларды бағалау

10. Үйге тапсырма. №608







109-жалпы орта мектеп

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу»

Конспект на тему БІР АЙНЫМАЛАСЫ БАР СЫЗЫҚТЫҚ ТЕҢДЕУ

6-«Г» сынып

Мұғалімі: Шарахимова С









© 2010-2022