МИФ мейрамханасы қорытынды кеш

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: МИФ мейрамханасы

Қорытынды кеш 8-11 сыныптар арасында

МИФ МЕЙРАМХАНАСЫ

1-асаба: -Уа, халайық, халайық,

Бәріңе жар салайық

МИФ пәндері елінде

Мейрамхана төрінде

Бүгінгі кеш көгінде

Есеп шешіп жарысып

Жұмбақ шешіп аңдысып

2-асаба: -Шабыт тасып шалқысып

Есеппен ән салысып

Көңілді кеш жасайық

Жұмбақ шерді шашайық

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық

1-асаба: -Асып әсте саспайық

Батыл қадам бастайық

Еркінді билеп барынша

Жарыста сірә қалыспа

Кеш қызығын, ей достар,

Осылайша шабытпен

Кәне енді бастайық.

2-асаба: -Мұнда қызық табылар

Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.

Айтыс тартыс тағы бар

Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ

Суретті жұмбақ шеш жұмбақ

О-о-ой, бір қызық кеш болар

Өздеріңмен бес болар!

1-асаба: Кеш бағдарламасында:

2-асаба: 1-ші бөлім: «Ас - адамның арқауы»

Ас мәзірі: 1. Жұмбақпен әшекейленген қуырдақ.

2. Ғалымдар үлес қосқан миф салаты.

3. Ғажайып десерт. (Қызықты сұрақтар).

2-асаба: Үзіліс

Миф лотореясы.

1-асаба: 2-ші бөлім: Қонақкәде (би, әзіл, ән)

2-асаба: 3-ші бөлім:

Тойбастар

1-асаба: Мейрамхана төрінде қонақтарымызды шақырайық

1-үстел Бишілердің ізбасарлары

2-үстел Әзіл-сықақ майталмандары

3-үстел Ән әлемінің жұлдыздары

4-үстел Әзіл театры тарландары

1-асаба: Жұмбақпен әшекейленген қуырдақ

а)Бұтақ орнына мың бір инесі

Компьютер жаны мекені

/кактус/

в)Жоқ өзінде баста, қас та, мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында

/сызғыш/

б)Туыстарын шетінен

Өбеді де бетінен

Бала - шаға ұсағын

Буырына қысады

/магнит/

2-асаба: а)Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады?

/дәреже/

б)Экран бетінде оның тұрағы

Қашан болсын жыпылықтап ұрады

/меңзер/

в)Бір бұлбұл отырады салып әнді

Жүруге аяғы жоқ, емес жанды

Өнері қандай асқан деп ойладым

Бір демде жер түбінен хабар алдым

/радио/

1-асаба: Ұзынтұра Жалқаубек

Тұрмай ылғи жатады

Қозғала қалса артынан

Ешбір белгі қалмайды

/бос орын пернесі/

б)Оң сандарға қол шатырдай

Қалпақ болған беделі

Квадраттасаң егер оны

Жоғалтпассың сен оны

/квадрат түбір/

б)Туыстарын шетінен

Өбеді де бетінен

Бала - шаға ұсағын

Буырына қысады

/магнит/

2-асаба: а)Ақпаратты қағазға шығарады

Бұл құрылғы қалай деп аталады?

/Басу құрылғысы/

б)Бүтін сан бөлшек сандар

Барлығыда бар онда

Бұл қандай сан айтыңдаршы

Оң теріс сан бәрі сонда

/рационал сандар/

в)Тар шеңбер айналып

Тұр қазықта байланып

Қаға берер таңдайды

Әдетінен таңбайды

/сағат/

1-асаба: Ғалымдар үлес қосқан миф салаты.

Информатика. Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан басталды. 1833 жылы бұл ғалым бағдарлама арқылы басқарылатын «аналитикалық машина» жобасын жасады. Сондықтан да оны қазіргі компьютердің «атасы» деп те атайды. Бұл қай ғалым?

/Чарлз Бэббидж/

Физика. 1775 жылы 20 қаңтарда Лион маңындағы Полимьеде дүниеге келген. Электромагнетизм саласында бiрнеше жаңалық ашқан, Француз ғалымы. Электр және магнетизм саласы бойынша өте маңызды мақалаласы 1827 жылы жарық көрген "Электродинамика құбылыстарының математикалық теориясы туралы мемуар" - болып табылады.

/Андре Мари Ампер/

Математика. Келтірілген квадраттық теңдеу түбірлерін коэффиценттер арқылы ұсынған ғалым.

/Франсуо Виет/

2-асаба: Информатика. ХІХ ғасырдың соңында американдық ғалым есепті - пефорациялық машина құрастырды. Өз машинасының көмегімен бұл ғалым көп адамдар жеті жыл бойы есептейтін есептеулерді үш жылда орындап шықты. Бұл кісі есепші-пефорациялық машиналарды жасап шығаратын фирманың негізін қалады, кейін ол дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын IBM фирмасына айнады. Бұл қай ғалым?

/Герман Холлерит/

Физика. Ағылшын физигi, дәрiгер және астроном, жарықтың толқындық теориясының негiзiн салушысының бiрi. Лондондың корольдiк ұйымның мүшесi (1794), 1802-29 оның хатшысы.

/Юнг Янг Томсон/

Математика. Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларын байланыстыратын теорамены кім ұсынды?

/Пифагор/

1-асаба: Информатика. Дүние жүзі бойынша алғашқы 1984жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бұл ғалым - әйел бірінші программист болып саналады. Бұл әйел атақты Байронның қызы. Бұл қай ғалым?

/Ада Лавлейс/

Физика. 1821 жылы ол магниттiң токтағы өткiзгiш бойымен айналатынын және токтағы өткiзгiштiң магнит бойымен айналатынын бақылап, электр қозғағыштың алғашқы моделiн жасады. 1831 жылы барлық тұрақты және айнымалы ток генераторларының жұмысы негiзделген - электромагниттiк индукцияны ашты.

/Майкл Фарадей/

Математика. Жазықтықтағы координаталық жүйе қай ғалым атымен аталады?

/Декарт Рене/

2-асаба: Информатика. 1642 жылы бұл француз матиматигі он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын мехтикалық есептеу машинасын құрастырды. Бұл қай ғалым?

/Блез Паскаль/

Физика. 1811 жылы жай газдардың молекуласы бiр немесе бiрнеше атомдардан тұрады деген жорамалды айтты. Осы жорамал негiзiнде Амедео негiзгi идеал газ заңдарының бiрiнiң айтылуын (өрнектелуiн), атомдық және молекулалық массаны анықтау әдiсiн анықтады.

/Авогадро Амедео/

Математика. Орыстың ұлы математик әйел адамы.

/Софи Коволевская/

1-асаба: Ғажайып десерт. (Қызықты сұрақтар).

Жұлдызды құрт күндіз ағаштың басына қарай 6 м көтеріледі. Ал түнде 4 м төмен түседі. Жұлдызды құрт 14 м ағаштың басына қанша күнде шығады?

/5 күнде/

Адам қандай жолмен жүрмейді?

/Құс жолы/

Кім барлық тілде сөйлейді?

/жаңғырық/

Тақтада көрсетілген 81 санына 63-ті алып, ал 86 санына 12-ні қосу керек. Сонда біріндегі азайтқыш пен екіншісіндегі қосындыны қағаз бетіне жазбастан қалай көрсетуге болады?

/қағазды төңкереміз/

Әлемдегі ең бай адам кім?

/Билл Гейтс/

2-асаба:

Бит, байт, мегабайт, киллограмм. Артығын алып таста.

/килограмм/

Аспан неге көк?

/Атмосфера көк түсті көп жұтады/

Ең алғаш программа жазған ғалым.

/Ада Лавлейс/

Атадан он баламыз,

Бір-бір жастан арамыз,

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіпте аламыз. Он не?

/сандар/

Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы не?

/тоқ/

1-асаба: МИФ ЛОТОРЕЯСЫ ойналады. Ойынның шарты: ұтыс нөмірі бойынша қойылған сұраққа жауап берген жағдайда ғана лоторея иесі ұтысты ала алады. Жауап бере алмаған жағдайда ұтыс қайта ойнатылады.

Сұрақтары:

1. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)

2. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар? (қарама-қарсы)

3. Нөлден кіші сандар? (теріс сандар)

4. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең? (нөль)

5. -21 санына қарама-қарсы санды атаңдар. ( 2 1 )

6. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

7. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі? ( 180°)

8. Перпендикуляр түзулер деп қандай түзулерді айтады? (тік бұрыш жасап қиылысатын)

9. «Координаталар» сөзі нені білдіреді? (реттелген)

10. Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі қандай сан болады? ( Оң сан )

11. Қайсысы көп : 2 метр ме, әлде 201 см ме? ( 201 см)

12. Жарты теңгенің жартысы неге тең? (25 тиын)

13. -18 қосу 11 ? (-7 )

14. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш

қалады? (5)

15. Екі қолда 10саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады? (50)

16. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр. (98)

17. Бөлмеде 2 ит , 3 құс , 1 шыбын бар.Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын

қосып есептегенде қанша болады? (20)

18. Екі адам 5метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті

кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 минут)

19. Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Олардың

қаншасы қалды? (1 торғай қалды, басқалары ұшып кетті)

20. Төрт тяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар? (14)

2-асаба: -Құрметті көрермендер! Мейрамхана төрінде отырған қонақтарымыздан қонақкәде сұраймыз!

1-үстел: Әзіл-сықақ

2-үстел :Бишілер

3-үстел : Әншілер

4-үстел : Монолог (МИФ пәндері жайында)

1-асаба: Құрметті қонақтар «тойдан тобықтай»,- деп ата-бабамыз айтқандай

өздеріңізге арналған тойбастарымызды қабыл алыңыздар!

Қазақ биі

2-асаба: Құрметті көрермендер осы онкүндік аясында өз білімдерін көрсетіп,

жүлделі орын алған оқушыларды марапаттауға рұқсат етіңіздер.

1-асаба: Оқушыларды марапаттауға ортаға пән мұғалімдерін шақырамыз

2-асаба: -Бүгінгі кеш талай шабыт шындады

Кеш қызығын талай адам тыңдады,

Тәрбиелер тәлімі мол, әсерлі

Болса егер көңіл жақын таңдады

1-асаба: -Ақынжанды болмаған

Математик те бола алмас

Жақсы шумақ тумаса

Көңілге әсте қона алмас.

2-асаба: -Олар жайлы төреші

Көрермендер өздерің

Ақ қарасын айырып

Куә болды көздерің.

1-асаба: -Көңіл бөліп бұл кешке

Келгендерге көп рахмет

Шын сезінген көрерменге

Мың рахмет, мың рахмет







© 2010-2022