• Преподавателю
  • Математика
  • «ОҚУДАҒЫ ЖӘНЕ ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР МОДУЛІНІҢ МАТЕМАТИКАНЫҢ САБАҚТАР ТІЗБЕГІНДЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАНУЫ»

«ОҚУДАҒЫ ЖӘНЕ ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР МОДУЛІНІҢ МАТЕМАТИКАНЫҢ САБАҚТАР ТІЗБЕГІНДЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАНУЫ»

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«ОҚУДАҒЫ ЖӘНЕ ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР МОДУЛІНІҢ МАТЕМАТИКАНЫҢ САБАҚТАР ТІЗБЕГІНДЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАНУЫ»



Утегенова Айнур Туреахметқызы

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Жалпы білім беретін Қызылтал орта мектебінің ІІІ деңгейлі математика пәнінің мұғалімі


«Білім беру жүйесін жаңғырту барысында педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор..... Мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс».
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан

Мeн үшін сaбaқ, жaн-жaқты білімділікті, мейірімділікті, шeбeрлікті, eрeкшe шәкіртжaндылықты, икeмділікті қaжeт eтeтін 45 минут. Біз күндeлікті өмірдe білім aлып, білім aлуды үйрeтуіміз қaжeт. Оқитын пән қaншaлықты бaғaлы немесе мұғaлімнің шeбeрлігі жоғaры болсa дa, мұғaлім оқушының бeлсeнділігін туғызa aлмaсa, бeргeн білімнен нәтижe шығарылмайды.

Әрбір мұғалім қалай оқыту керек екенін түсінуі қажет. Өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау білім берудің негізі. Мінe, сондықтaн жаңа тәсілдерді сaбaқтa қолдaнудың мaңызы зор. Бұл оқудың қaзіргі тaңдaғы тaлaптарғa сaй жеке тұлғaны тәрбиeлeудe өзіндік орны бaр.

Сындарлы оқыту теориясы оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа сыныптағы дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және құрбыларынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. Құзырлы оқытудың маңызды факторы - оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін мұғалімнің түсінуі мен бағалай алуы. Сондықтан да Шульман «үш көмекші» деп атаған қасиеттер мұғалімде болған жағдайда ғана оқыту тиімді де сәтті болып саналады дейді. Үш көмекші құрал: бас, қол, жүрек.

Бас - кәсіби түсінік, қол - оқытудың тәжірибелік дағдылары, жүрек - кәсіби - өнегелік тұтастық. Бұл жердегі үлкен құнды пікір - әрбір мұғалім теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, шын ынта ықыласымен оқушыларға мейірімділік, жанашырлық көрсете білуі керек. Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әрбір мұғалім заман ағымына сәйкес ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мен оқыту тәжірибемде үлкен жетістіктерге жеткім келеді. Әрине, оқушылар тек біліп қана қоймай, сонымен бірге өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде де асыра алатын тұлға болып қалыптасса, онда мұғалімнің биік мақсатқа қол жеткізгені болмақ.

Сабақты өткізген кезде әрбір мұғалім оқушыларда Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттерінің болуына жағдай жасауы тиіс. Оқушылар өзін - өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады. Және де әрбір мұғалім оқушылардың қалыптасқан дағдысына сәйкес, орынды талап қою керек екенін үнемі басшылыққа алып отыруы тиіс. Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысушы болғанда ғана, сабақтағы материалды терең меңгере алады.

Жaңa формaттaғы біліктілікті aрттыру курсы Бaғдaрлaмaсының бaсты мaқсaттaрының бірі - бaлaны оқытa отырып, оның eркіндігін, бeлсeнділігін қaлыптaстыру, өз бeтіншe шeшім қaбылдaуғa дaғдылaндыру. Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім - дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылатынын ескере отырып, біздерге ұсынып отырған жеті модульдың барлығын да білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері деп санауға болады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 33б.)

Бағдарламаның негізгі мазмұны оқытудың жаңа формасы туралы, оқу мен оқытудағы өзгерістер, оған басшылық жасау әрекеттерін үйрету, оқушыларға қалай оқу керектігін үйретудегі түрлі тәсілдер, білімді бағалау жолдары туралы айтылған.

Әрбір мұғалім қалай оқыту керек екенін түсіне отыра, өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындауы керек. Және оқытудың әдістерін таңдау - білім берудің негізі. Оқыту және оқу диалог негізінде белсенді жүзеге асатындықтан, сабақтарымды сыныпты топқа бөлуден бастап, психологиялық ахуал тудыру мақсатында түрлі тренингтер өткізіп жүрмін. Сонымен қатар әрбір сабақтарымда оқылатын тақырыптан нені білу керектігін, қандай нәтиже күтілетінін оқушылар маршруттық карта арқылы анықтап алады.

Оқушылар өздерінің оқу үдерісін бақылауды үйреніп, шын қажет болған жағдайда ғана көмек сұрауға төселді.

Олардың әрқайсысы маршруттық картамен жұмыстана отырып, тапсырманы шешу тәсілін көршісіне түсіндіреді. Кейін олар өз таңдауларын оқушылардың басқа жұбына түсіндіре отырып, қандай әдістің барынша тиімді болатынын анықтайды. Осы жұмыс барысында оқушылар өздері қолданатын әдісті дұрыс тұжырымдаулары керек. Бұдан басқа, олар басқалар пайдаланатын әдістердің түсіндірілуін тыңдауы тиіс. Бұл оларға әртүрлі әдістер бойынша өз түсінігін жасауға мүмкіндік береді. (ІІ бетпе-бет кезеңі,6 ресурс парағы)

Оқушыларды сабақта немесе сабақтан тыс болсын күнделікті бақылай отырып, олардың нені игере, игере алмайтындығын бақылап, әртүрлі әдістерді пайдаланудамыз. Алайда, оқушылар өздері оқудың қажетті екенін, оны өмірде қажетіне пайдала алатынын сезінген жағдайда ғана оқуға деген ынтасы артып, сабақта белсенді қатысушыға айналады.

Егер де оқушыда жаттанды білім болса, яғни математика сабақтарында тек ережемен шектелсе, онда ол сабақ аяқталған соң ұмытып қалады. Сондықтан олар өздері оқудың қажеттілігін түсінуі керек.

Барнстың (1971) «Сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін, оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатыны» туралы айтқан дәлелдемесіне сүйене отырып (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 39б.) мен сабақтарымда Мерсер көрсеткен әңгімелесудің топтық түрін жүзеге асырудамын. (3 апта, 3 күн). Мерсер «топтық әңгіме - әңгіме білім алмасу бағытында жүргізілгенмен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы маңызды болып саналады» деп есептеген. (Мұғалімге арналған нұсқаулық,40б.)

Диaлогтік әдістің eрeкшeлігі, оқушылaр сұрaққa жaуaп бeрe отырып, жaңa тaқырыпты мeңгeруіндe болады. Сaбaқ бaрысындa eнжaрлық тaнытқaн оқушылaр болмaйды. Мен сабақтарда оқушыларға бірін-бірі оқытуына мүмкіндік бeру керек екенін түсіндім. Біздe теориямен практика ұштасып жатады. Алдымен теорияны меңгергеннен соң есептер шығаруға машықтанады. Оқушылар өз қолдарымен жасап көрсе, талқыласа, бір-біріне білім берсе көп жетістіктерге жететіне көзім жетуде.

Роджерс: «Оқушылар өздеріне сенгенді және құрметтегенді қалайды. Оқушылар рұқсат беруді емес, еркіндікті, мақсатқа қол жеткізу үшін өз ойын айту еркіндігін қалайды. Оқушылар жауапкершілік алу мүмкіндігі берілгенін қалайды», - деп атап көрсеткендей әсіресе, топ ретінде оқыту кезінде, белсенділік танытып қол көтерген оқушылардан ғана сұрау емес, сыныптағы түрлі оқушылармен сөйлесуге мүмкіндік беруіміз қажет.

Оқушылардан сабақ үстінде тақырып бойынша сұрақ қою арқылы, жауап алып, тақырыптың мазмұнын ашуына жағдай туғызып, жаңа тақырыпты түрткі, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақтарын қою арқылы тақырыпты тереңірек меңгеруіне ықпал еткен тиімді. Түрткі болу сұрағынан кейін оқушылар еркін сөйлеп, ойын ашық айта алады. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысады. Әрбір айтылған ойдан кейін сабақтың тақырыбы, мақсаты ашылады.

Мерсердің идеялары сыныпты жалпы тұтас топ ретінде оқыту кезінде қол көтерген оқушылармен ғана емес, сыныптағы түрлі оқушылармен сөйлесуге мүмкіндік жасаса, мұғалімнің оқушылардың түсінуін нақтырақ бағалай алатыны туралы ойлауға түрткі болады. Осы тәсілдерді мектепте сабақ беруге және оқытуға қолдануға қалай көмектесуге болатынын ойландым, сол кезде мынадай идеялар туды. Біріншіден, оқушылар топтық әңгімедегі тақырыпты түсінгенін анықтауға болатын сұрақтар қою. Және де, әртүрлі сұрақтарға жауап ретінде «екі жұлдыз, бір тілек» немесе «Стикермен диалог» пайдалана отырып, оқушылар сабақ туралы не ойлайтынын және не білгенін біліп отыру.

(Қосымша 6). Сабақ соңында оқушыларға рефлексияны ынталандыру, өз ойларын қорытып айту, алған білімдерін қорытындылау үшін береміз. Бұлда өз кезегінде оқытуда көп көмегін тигізіп жатады. (Қосымша 7) Оқу оқушылардың қалай ойлайтынын әрі оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін дамытудан тұрады. Олар өздері оқудың әртүрлі әдістерін түсіну арқылы, яғни өздеріне сұрақ қоя отырып, білім алуға үйренеді.

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым - қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Бұл туралы Выготский оқушылар өздерінің ЖАДА жұмыс істеген жағдайда жақсаратынын атап көрсетеді. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайды деп Мерсер(2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасуда» оқушылар менімен тең құқылы серіктес болады. Барнс пен Мерсер зерттеушілік әңгіме - мұғалімнің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде өзара дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі деп айтқан. Ендеше, оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың бір тәсілі - топтарға берілген ортақ проблемалар арқылы түйінді шешімге келетіні анықталды.

Мерсер: «Зерттеушілік әңгіме жүргізілген кезде, оқушылар бір-біріне сұрақ қоя отырып, өзінің айтқандарын дәлелдеп, топтағы оқушылармен келісімге жетуге тырысады» деген болатын. (Мұғалімге арналған нұсқаулық,40б.) Сондықтан сабақ барысында өзара әрекет дағдыларын дамыту мақсатында, оқушылардың бір-біріне сұрақ қойғызып отырамын.

Сыныпта сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін сұрақтардың екі түрі - төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар қолданылады. Төмен дәрежелі сұрақтар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық,41б.)

Оқушылар өзара әрекетпен нәтижеге жету мақсатында пікір алмасып өздерінің күш жігерін жұмсайды.

Болашақта сабақтарымда үнемі оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің Рэгг және Браун (2001) ұсынған бірнеше түрлерін басшылыққа алуды жөн көрдім:

  • Жауапты мойындап, оны келесі сұхбатқа негіздеп отыруды;

  • Мағынаны күшейту үшін немесе оны басқалардың да естуі үшін жауапты сөзбе-сөз қайталай отыруды.

  • Жауапты өздеріне түзете алуына мүмкіндік беруді;

  • Оқушыларды бұдан әрі де ақпарат немесе түсініктеме іздеуге ынталандыруды;

  • Әрине, әрбір жауап үшін мадақтап отыруды. (Мұғалімге арналған нұсқаулық,42б.)

Сонымен, оқушының үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы ең алдымен мұғалімнің өз міндетіне, шеберлігіне байланысты. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс. Сондықтан да жоғарыда айтылған жаңа әдіс - тәсілдер жетістік көзі.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.Үшінші базалық деңгей.ІІІ басылым.НЗм, 2012, 32-39 б.

2. Alexander, R.J., (2001). Culture and Pedagogy: International comparisons in primary education. [Мәдениет және педагогика: бастауыш білім берудегі халықаралық салыстыру]. Oxford, Blackwell Publishers.

3. Alexander, R. (2004). Towards dialogic teaching: rethinking classroom talk. [Диалогтік оқыту жағы: сыныптағы әңгімені қайта ойластыру]. Cambridge: Dialogos UK.

4. Alexander, R.J., (2008). Towards Dialogic Teaching. Rethinking classroom talk. [Диалогтік оқыту. Сыныптағы әңгімені қайта қарау]. 4th edition, York, Dialogos.

5. Mercer, N., (2000). Words and Minds. [Сөздер мен ойлар]. London, Routledge.

Тіркеу формасы:

  1. Аты - жөні: Утегенова Айнур Туреахметовна

  2. Ғылыми атағы -

  3. Мекеме атауы: Жалпы білім беретін Қызылтал орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі

  4. Мекен - жайы: Бөрлі ауданы, Қызылтал ауылы, Жаңа көшесі, 9

  5. Телефон: 8-771-565-27-15; 8-702-386-66-25

  6. E-mail: [email protected]

  7. Баяндаманың тақырыбы: ОҚУДАҒЫ ЖӘНЕ ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР МОДУЛІНІҢ МАТЕМАТИКА САБАҚТАР ТІЗБЕГІНДЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАНУЫ

  8. Секция Кәсіби біліктілікті арттыруда белсенді оқыту тәсілдерін қолдану


© 2010-2022