- Преподавателю
- Математика
- Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу. (9-сынып)
Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу. (9-сынып)
Раздел | Математика |
Класс | - |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Хомыт А.Х. |
Дата | 02.10.2015 |
Формат | doc |
Изображения | Нет |
Пән: алгебра Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу мен оны шешу жолдары туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Мәндес теңдеулердің қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: теориялық және практикалық
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, оқушыларды тізімдеу
ә) Сабақтың мақсатын нұсқау
б) Өткен материалды пысықтау
ІІ Жаңа тақырып:
aх+by=c түрінде берілген теңдеу екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу д.а.
x,y - айнымалылар, a,b,c - нақты сандар және a мен bбір мезгілде нөлге тең емес.
Мысалы: 5х+3у=7, 0,3у-0,5х=0,8 х+у=15 және т.б.
1-теорема. Егер теңдеудің екі жақ бөлігіне бірдей санды немесе айнымалылардың барлық мәндерінде мағынасы болатын өрнекті қоссақ, онда берілген теңдеуге мәндес теңдеу шығады.
1-теорема. Егер теңдеудің екі жақ бөлігіне нөлден өзгеше санға немесе айнымалының кез келген мәнінде нөлге тең емес және мағынасы болатын өрнекке көбейтсе, онда берілген теңдеуге мәндес теңдеу шығады.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу - берілген теңдеуді дұрыс теңдікке айналдыратын сандар жұбының жиынын табу.
ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:
Ауызша орындалатын тапсырмалар: №1, №2,№4
Тақтада орындалатын тапсырмалар: №3, №5
у-2х=-4 у=-4+2х
у-1/2х+4=0 у=1/2х-4
2х-у=5 у=2х-5
Орындарында орындалатын тапсырмалар: №7, №8,
у=-2х+3 функциясы С(1;1), В(10;-17) нүктелері арқылы өтеді.
Сабақты бекіту кезеңі:
Сызықтық теңдеу
Мәндес теңдеулер
Сабақты қорытындылау:
Бағалау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
Үйге тапсырма: №6, №10