Зияткерлік сайыс Жанұя және математика

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Жанұя және математика

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту,алған білімдерін пысықтау.

Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Әкем, шешем, әпкем, ағам және мен

Математик жанұямыз шетінен.

1-жүргізуші:

Уа,халайық, халайық,

Бәріңе жар салайық,

Бүгінгі кеш төріне

Математика тілінде

Жанұялар жарысып, Жұмбақ шешіп аңдасып,

Шабыт тасып шалқысып,

Есепппен ән салады

Көңілді кеш жасаймыз.

2-жүргізуші:

Әкесі, ағасымен, анасы да

Алда озар ең мықтысы осы жолда.

Көпшілік өнерлерін қызықтамақ

Сұрайық шығуларын жұрт алдына.

1-жүргізуші:

«Арифметика» бар ғылымның патшасы

Таңырқатқан ежелден адамзатты.

Осы топты ортаға шақырамыз

Анасы бар математик парасатты.

2-жүргізуші:

Дайындықпен келіп тұрған жарысқа

Есеп білсе жетеді ғой табысқа.

«Дәреже» тобын шақырайық ортаға

Шын жүйріктей шабатұғын алысқа.
1-жүргізуші:

Ілім-білім «Жеті қазына» бірі еді

Үлкен-кіші мұны бәрі біледі.

Осылай деп өз топтарын атапты

Жанұяны шақырғымыз келеді.

Топтардың өзін таныстыруы.

2-жүргізуші:

Ең қиыны жарыстың «Жорға» келді

Мықтылары келіпті, жеңсін енді.

Тез жауап бер, ойланып тұрып қалмай

Осы ойыннан көрейік ерен ерді.

«Жорға» ойынының сұрақтары:

«Арифметика» тобына:1.Ешқашан қиылыспайтын түзулер./Параллель/

2.Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем. /Аксиома/

3.Натурал сандар дегеніміз қандай сан? /Нәрселерді санау үшін/

4.Жазықтықта бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелер жиыны. /Шеңбер/

«Дәреже» тобына:

  1. Толық бұрыштың шамасы. /3600/

  2. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем. /Теорема/

  3. Құрамында әріпі бар өрнек. /Әріпті өрнек/

  4. Бұрышты қақ бөлетін сәуле. /Биссектриса/

«Жеті қазына» тобына

  1. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер. /Перпендикуляр/

  2. Айырмашылығы таңбаларында болатын сандар қалай аталады? /Қарама-қарсы/

  3. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі. /1800/

  4. Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі неге тең? /Теріс сан/

1-жүргізуші:

Оймен қане көк теңізін кешіңдер,

Жарқ-жұрқ еткен неше түрлі есімдер.

Айтылғанда математикалық жұмбақтар

Зейін салып зердеменен шешіңдер.

Математикалық жұмбақтар

Өзі төрт қанатты және алты аяқты,

Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты. (Инелік)

Екі ағайынды,

Екеуі де бір үйде,

Бірін-бірі көрмейді. (Көз)

Таңертең төрт аяқты,

Түсте екі аяқты,

Кешке үш аяқты. (Адамның үш шағы)

Жаңылмастан жетеуі,

Кезек қызмет етеді. (Апта күндері)

1-жүргізуші:

Келесі турда сандар және математикалық терминдер араласқан мақал-мәтел айтудан жарысамыз.

Мақал-мәтел жарысы

  1. Алты жыл аш болсаң да,

Ата салтыңды сыйла.

  1. Отыз күн оразаның бір күн айты бар,

Әр қылған жақсылықтың бір қайтуы бар.

  1. Жерді екі жыртқан, өнімді екі есе алады.

  2. Шындық он екі қабат шынжырды үзеді.

  3. Жалқаудың екі досы бар:

Бірі-ұйқы, бірі-күлкі.

  1. Алты аға бірігіп әке болмас,

Жеті жеңге бірігіп ана болмас.

  1. Дос сегіз болса,

Дұшпан сегіз.

  1. Бермегенге бесеу де көп,

Алғанға он болса да аз.

  1. Досыңның мың болғанына мақтан,

Дұшпаның жалғаз болса да сақтан.

  1. Алдыңа бір қарасаң,

Артыңа он қара.

  1. Бес бармақ жұмылса, жұдырық болады.

2-жүргізуші: Келесі тур «Тапқырлық» деп аталады.

«Тапқырлық» - логикалық есептер.

1.Басты көшенің бір жағындағы барлық үйлер 1-ден 39-ға дейінгі тақ сандармен, ал қарсы жақтағы барлық үйлер 2-ден 34-ке дейін жұп сандармен орналасқан. Бұл көшеде қанша үй бар? (Жауабы: 37 үй)

2.Суретші мектеп бөлмелерін нөмірлеуге тиіс еді. Бөлме саны 100 болса, қанша рет 9 цифрын жазу керек? (Жауабы:19 рет)

3.№1,2,3 пәтерлерде 3 мысық тұрады. Олар: ақ мысық, қара мысық және ала мысық. №1 және №2 пәтерлерде қара емес мысық тұрады. Ақ мысық №1 пәтерде тұрмайды. Әр мысық қай пәтерде тұрады? (Жауабы:№1 пәтерде ала мысық, №2 пәтерде ақ мысық, №3 пәтерде қара мысық.)

4. Егер Азамат атлетикада жарыста алдынан 25-ші орын алса, артынан

25-ші орын алса, жарысқа барлығы қанша адам қатысқан. (Жауабы:49)

1-жүргізуші:

Мтаематикалық атаулар мен ұғымдар,

Есте болар құрбылар бәріңнің де.

Енді бір сәт солардан тізбек құрсақ,

Артық болмас, бастайық кезек сізде.

«Сөз тізбегі» деп аталатын бұл турда әр топқа математикалық термин жазылған қағаз беріледі. Топ мүшелері сол сөздің соңғы әріпінен басталатын жаңа математикалық термин жазып, осылай белгілі уақыт біткенше жалғасады. Мысалы: квадрат-төрт-төртбұрыш- шеңбер-радиус.

Тіктөртбұрыш

Шеңбер

Алгебра

График

2-жүргізуші:

Сұрақтарға ұлағатпен қараңдар,

Ойларыңды ептілікке ораңдар.

Бір сұраққа тереңірек мән беріп,

Ең шешендер ой толғайды жараңдар.

Әр топтағы ата-ана берілген сұрақ төңірегінде ой толғайды.

«Ой толғау» сұрақтары:

«Математиканы білмесең, дұрыс өмір сүрмейсің» деген пікірге не айтасыз?

Математиканы жақсы меңгеру үшін адамға не қажет?

Қазіргі мектеп оқушыларының математикаға қабілетін сіздің замандағы оқушылардың қабілетімен салыстырыңыз. Неге олай?

Математикадағы қасиетті сандар туралы ойыңыз қандай?

Математика ғылымы қызықты ма?

Өз өміріңіздегі қызықты оқиғаны айтып берсеңіз.Соңында жеңімпаз топ марапатталады.





Сабаққа өзіндік талдау

  • Ұйымдастыру кезеңінің мақсаты:Оқушының ой-өрісін дамыту білім дәрежесін, қызығушылығын, арттыру.

  • логикалық ойлау қабілеттерін , ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

  • Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

  • Оқушыларды екі топқа бөліп сабақты сайыс түрінде алып бардым.

Сабақ жоспарымен , мақсатымен таныстыру арқылы балалардың өз міндеттерін түсініп, сабақ кезеңдерін біле отырып , сабақ құрылымының ойдағыдай болуын қамтамасыз ету.

Сабақ тақырыбы: «Жанұя және математика»

Сабақ түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бағалау мониторингісі, ойын есептер.

Пәнаралық байланыс қазақ тілі , сызу .

Сабақта мына кезеңдермен жұмыс алып бардым.І кезең «Жорға ойынының сұрақтары» әр топқа сұрақтар қою

ІІ кезең «Математикалық жұмбақтар» нақты тез жауап беру керек

ІІІ кезең «Мақал-мәтел жарысы» сандар және математикалық терминдер араласқан мақал-мәтел айтудан жарысамыз.

ІV. кезең «Тапқырлық » логикалық есептер шешу

V.кезең «Сөз тізбегі»бұл турда әр топқа математикалық термин жазылған қағаз беріледі.

Сабақ соңында қай топ жеңіске жеткендігі айтып сабақты қорытындыладым.

Оқушылар білімін жетондар арқылы бағаладым.Оқушылар сабаққа белсене қатысып отырды.

Сабақта алдыма қойған мақсатқа жеттім.






© 2010-2022