Математика пәнінен 5 сыныптарға Натурал сандар әлеміне саяхат атты сайыс сабағының ЖОСПАРЫ

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ғани Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Математикалық сайыс

(5 сыныптар арасында)




Тақырыбы: «Натурал сандар әлеміне саяхат»


Пән мұғалімі: Жұмағұл Азамат


















2015-2016 оқу жылы


Математикалық сайыстың мақсаты:
1. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
2. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
3. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
Қатысушылар: 5- сынып оқушыларынан 3 команда(5 оқушыдан).
Командаға қажетті құралдар:
• Қатысушылардың есеп тапсырмаларын орындай алуы үшін қағаз, қалам.
• Командаға ат ойлап табу,капитанын сайлау.
Ойын ережесі:
Ойынға 5 оқушыдан 3 команда қатысады. Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау. Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап беруі тиіс.Сайыстарда әр сұрақтың өз бағасы болады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі.

Қатысатын топтар: «Бірліктер», «Ондықтар» және «Жүздіктер»


Сайыс жоспары


  1. «Сандар туралы» бейнероликті тамашалау

  2. Кім жылдам? (натурал сандарға амалдар қолануға берілген есептер)

  3. Топ басшылар сайысы. (теңдеуді шешу)

  4. Сиқырлы квадратты толтыру.

  5. Зымыран сұрақтар. (Әр топқа 7 сұрақтан беріледі)

  6. Логикалық есептерді шешу.

  7. Сөзжұмбақтарды шешу.

  8. Қорытынды











Санауда қолданылатын 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,... сандары натурал сандар деп аталады. «Натурал» сөзі латынның «натура» сөзінен шыққан. Қазақша аудармасы «табиғат» дегенді білдіреді.

Натурал сандар 1,2,3,4,5,6,7,8,9 және 0 цифрларымен жазылады. Натурал сандарды 1 санынан бастап, санау ретімен жазғанда натурал сандар қатары құрылады. Қатар соңындағы көп нүкте натурал сандар қатарының шектеусіз екендігін көрсетеді.

Натурал сандар қатарының қасиеттері:

  1. Натурал сандар қатары 1 санынан басталады

  2. Әрбір натурал саннан кейін одан 1-ге артық натурал сан бар.

  3. Натурал сандар қатары шектеусіз.

Натурал сандарға қосу, азайту, көбейту және бөлу амалдары қолданылады. Натурал сандарға қосудың және көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік заңдары және көбейтудің үлестірімділік заңдары қолданылады.

Нөл натурал сандар қатарына жатпайды


Көп таңбалы натурал сандардың оқылу ережесі:

  1. Оңнан солға қарай сандағы әрбір үш цифрды кластарға топтастыру керек.

2. Сол жағына бастап әрбір кластағы санды оқып, класс атауын қоса айту керек.

Көп таңбалы натурал санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазуға болады.

Мысалы: 35749=30000+5000+700+40+9 немесе

3*10000+5*1000+7*100+4*10+9

Кластар

Триллиондар

(трлн)

Миллиардтар

(млрд)

Миллиондар

(млн)

Мыңдар

(мыңд.)

Бірліктер

(бірл.)

Разрядтар реті

15

14

13

12

11

10

9

8

7

6

5

4

3

2

1

Разрядтар

Жүз дік

триллиондар

Ондық

триллиондар

Бірлік

триллиондар

Жүздік

миллиардтар

Ондық

миллиардтар

Бірлік

миллиардтар

Жүздік

миллиондар

Ондық

миллиондар

Бірлік

миллиондар

Жүздік мыңдықтар

Ондық мыңдықтар

Бірлік мыңдықтар

Жүздіктер

Ондықтар

Бірліктер

Сандар



2

1

7

4

8

3

3

8

5

6

3

2

0

5

4

0

4

7

0

2

0

9

8

0

3

6

9

2




  1. «Кім жылдам» сайысы


Есептеңдер.

  1. 37 * 42 - 1461 =

  2. 728 : (617 - 526) =

  3. 1541 : 23 - 21 * 3 =

  4. 900 : 15 + 640 : 16 =

  5. 202 * 39 - 2952 : 41 =

  6. (871 + 433) * 7 - 9120 =


  1. «Топ басшылар» сайысы


  1. х + 85 = 1440 : 15

1 жұмыртқа 4 минутта піседі. 5 жұмыртқаны бірдей пісіргенде, неше минутта пісіруге болады?

2. 64 + у = 12 * 8

Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар?

3. 72 - х = 663 : 17

Ұшақ Шымкенттен Алматыға 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 - ақ минут ұшты. Неге олай?


  1. «Сиқырлы квадратты толтыру» сайысы



16

2


8


14








14


15


12


14





11




13


6


9


  1. «Зымыран сұрақтар» сайысы


  1. Миллионда неше нөл бар? 6 нөл

  2. 2 ғасырда неше жыл бар? 200 жыл

  3. Шеңбер сызатын құрал? (циркуль)

  4. Жазыңқы бұрыштың шамасы? 180

  5. Температураны өлшейтін құрал? (термометр)

  6. Астана Қазақстанның нешінші астанасы? (4 - ші)

  7. Парижде ән салған қазақ әншісі кім? (Әміре Қашаубаев)

  8. Сандардың шығу тарихын зерттеген орыс классик ақыны? (А.С. Пушкин)

  9. Ұялы телефонды ойлап тапқан физик ғалым кім? (Жорес Альферов- орыс ғалымы)

  10. Ең кіші натурал сан? 1

  11. Төрт ағаның бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? (5)


  1. Барлық натурал сандар қалдықсыз бөлінетін натурал сан? (1)

  2. 1 майшам 20 минутта жанып бітеді. 10 майшам бір мезгілде неше минутта жанып бітеді? 20 минутта

  3. Қазақтың 3 - ғарышкерлері кім? (Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов)

  4. Шаршының ауданы 49 м2. Қабырғасын тап? (7м)

  5. 3 түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың нешеуі қалды? (түйеқұс ұшпайды)

  6. 5 мысық 5 тышқанды 5 минутта ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минутта ұстайды? (5 минутта)

  7. Столдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? 5 бұрыш

  8. 1 пұт неге тең? 16 кг

  9. 1 шақырым неше метрге тең? 1000 м

  10. Домдыраның басы - 10 см, мойыны - 50 см және шанағы - 40 см. Домбыраның ұзындығын тап. 1 м

  11. Тауық екі аяғымен тұрғанда 3 кг тартса, бір аяғымен тұрғанда неше кг тартады? 3 кг


  1. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Бұл қандай сандар? 1,2,3

  2. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? 0

  3. Ең үлкен натурал сан бар ма? Жоқ

  4. Натурал сандар қатарына жатпайтын сан? 0

  5. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? Жарық

  6. Санды өрнек дегеніміз не?

  7. Дүние жүзінде ең көп тараған сұйықтық? Су

  8. Арабаға қатарынан 3 ат жегілген. Олар бір сағатта 27 км жол жүредін Осы уақытта 1 ат қанша км жол жүреді? 27 км

  9. 12 жылдың мүшел аттарын ата. (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз)

  10. Тәулікті тең 24 сағатқа бөлген кім еді? (Грек астрономы Птоломей)

  11. Әріпті өрнек дегеніміз не?


  1. «Логикалық есептерді шешу» сайысы


  1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?

  2. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?


  1. Тік төрбұрышты бөлмеге әрбір қабырғасында үш болатындай сегіз орындықты орналастыру керек. Орналастырыңдар.

  2. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?


  1. Жұп санды үшке бөлгенде қалдық қандай болуы мүмкін?

  2. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?


  1. «Сөзжұмбақтар» сайысы


Қорытынды

  1. Натурал сандар тарауы бойынша алған білімдерін қорытындылау, пысықтау.

  2. «Бірліктер», «Ондықтар» және «Жүздіктер» топтарының алған ұпайлары бойынша жеңімпазды анықтау.

  3. Осы тарау бойынша алған білімдерін өмірде қолдана алу.


© 2010-2022