Контрольная работа по математике на казахском языке на тему повтор 4 класса

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Пән:Математика

Күні:19.09.2015жыл

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы №1

Сабақтың мақсаты:

  • 4-сыныптағы тақырыптарды қайталау, жүйелеу және жалпылау.

  • Үлкен сандарды оқи және жаза білу дағдаларын қайта жаңғырту.

  • Ұқыптылыққа тәрбиелеу, пәнге қызығушылықтарын арттыру.



1-нұсқа

2-нұсқа

1-деңгей

1-тапсырма.Егер АВ=46см, ВС=13см, СД=24см және АД=50см болса, АВСД көпбұрышының периметрін табыңдар.

2-тапсырма. СД түзуі МК кесіндісін қиятын, бірақ АВ сәулесін қимайтын, АВ сәулесі ЕФ кесіндісін қиятын, МК кесіндісін қимайтындай СД түзуін, АВ сәулесін және МК және ЕФ кесінділерін сызыңдар.

3-тапсырма.Амалдарды орындаңдар:

а)701960+85971;

ә)3006444311-1227535422;

1-деңгей

1-тапсырма.Егер АВ=38 м, ВС=34м, СД=36 м, ДЕ=35м және АЕ=37 м болса, АВСДЕ көпбұрышының периметрін табыңдар.

2-тапсырма. СД кесіндісі АВ түзуінде жататын , ОМ сәулесі СД және ЕФ кесінділерімен қиылысатындай АВ түзуін, ОМ сәулесін және СД және ЕК кесінділерін сызыңдар. АВ түзуі ОМ кесіндісімен қиылыса ма?

3-тапсырма.Амалдарды орындаңдар:

а)81064+7569;

ә)2303765284-1980596307;

2-деңгей

1-тапсырма.Бір қалада 1 537 000 тұрғын бар, ал екінші қалада 1 230 000 тұрғын артық. Екі қалада қанша тұрғын бар?

2-тапсырма.Салыстырыңдар:

а)60917 саны 600917 санынан қанша кем?

ә)83005 саны 59628 санынан қанша артық?

2-деңгей

1-тапсырма. Бір құрылыс компаниясы үй салу үшін 7 420 000 теңге жұмсады, ал екіншісі одан 507 000 теңге артық жұмсады. Екі компания барлығы қанша теңге жұмсады?

2-тапсырма.Салыстырыңдар:

а)62 045 саны 75 008 санынан қанша кем?

ә)15 683 саны 7 606 санынан қанша артық?

3-деңгей

3-деңгей

Тапсырма. Есепті теңдеу құрып шығарыңдар.

Сырым бір сан ойлады. Егер оны 333 санынан азайтсақ, 195 қалады. Сырым қандай сан ойлады?

Тапсырма. Есепті теңдеу құрып шығарыңдар.

Мейірбек бір сан ойлады. Егер оны 92 санынан азайтсақ, 45 қалады. Мейірбек қандай сан ойлады?

Бағалау критерийлері:

«5» бағасы - 5 толық кез келген орындалған тапсырмалар үшін қойылады;

«4» - 4 тапсырма үшін;

«3» - 3 тапсырма үшін



© 2010-2022