- Преподавателю
- Математика
- Сабақ жоспары Тараулар бойынша қайталау 7-класс
Сабақ жоспары Тараулар бойынша қайталау 7-класс
Раздел | Математика |
Класс | - |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Умбетов М.С. |
Дата | 18.11.2014 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Математика пәнінен тиянақты білім беруде сабақты түрлендіріп өткізудің нәтижесі оқушының белсенділігі мен пәнге қызығушылығын арттырары сөзсіз.7-сыныптың алгебра курсын қайталауға арналған дәстүрлі емес сабақ түрін ұсынып отырмын.
1.Сабақтың тақырыбы: Тараулар бойынша қайталау.
2.Сабақтың мақсаты: 1) Өтілген тақырыптар бойынша қайталау есептерін шығару;
2) Өз бетімен ізденісін , пәнге қызығушылығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту;
3) Өз бетімен еңбектенуге баулу;
3. Түрі : сайыс сабақ.
4. Көрнекілігі: үлестірмелі карточка, тест тапсырмалары, слаидтар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Топтарға бөлу, топ басшысын анықтау.
Ә) Бағалау тәсілі .
1. Білімпаз. 2. Ойшыл. 3. Кемеңгер. 4. Тапқыр.
2. Кіріспе бөлім
I тур. А) Топтардың амандасуы.
1-топ . Бұл сайысты көптен біздер күткенбіз,
Жалындаған жастармыз біз көктембіз.
Мақсатымыз биіктерден көріну,
Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз.
2-топ. Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір -теңіз, жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.
3-топ. Құлақ түріп тыңдаңыздар жарандар,
Кеудемізде толқындаған жыр -ән бар.
Біз ешкімге қолдан жеңіс бермейміз,
Тобымыздың бәрі алғыр қырандар.
4-топ. Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз, жеңістерге бастаймыз.
3. Негізгі бөлім.
II тур. «Кім жылдам?» (карточкамен жұмыс).
(Натурал көрсеткішті дәреже , оның қасиеттері тарауы бойынша)
-
А3 * а5 ; 1) с10 * с3 ; 1) а11 * а6 ; 1)с9 * с15 ;
-
А3 / а 7 ; 2) с4 / с10 ; 2) а3 / а5 ; 2) с6 / с9 ;
III тур. «Жауабын тап» (Қысқаша көбейту формулалары бойынша жіктеу)
1)х2 - 9 ; 1) а2 - 16 ; 1) с2 - 25 ; 1) с2 - 4 ;
2) (х + 3 )2 ; 2) (а + 4)2 ; 2) (с + 5 )2 ; 2) (с + 2)2 ;
IV тур. «Жалғасын тап» ( мақал -мәтелдердің жалғасын айту).
-
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
-
Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.
-
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
-
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
-
Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
-
Бір елі ауызға - екі елі қақпақ.
-
Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
-
Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені, еменнің иілгені - сынғаны.
V тур. «Кім тапқыр ?» ( топ басшыларына күрделі 1 есеп беріледі).
VI тур. «Сен білесің бе?» (логикалық сұрақтар)
-
Егер 3 ат 60 км шауып өтсе, онда бір ат неше км шауып өтеді? (60 км )
-
1 кг жүн ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма ? (тең )
-
2 адам 4 сағат шахмат ойнады, олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4 сағат)
-
Сағаттың төрттен бір бөлігінде неше минут бар? (15 минут)
-
Айдос туған күнін төрт жылда бір рет атап өтеді. Неліктен? (29 ақпанда туылған)
-
Бір жұмыртқа бес минутта піседі, ал бес жұмыртқа ше? (5 минут)
-
Сағат үшті көрсеткенде оның сағаттық және минуттық тілдері қандай бұрыш жасайды? (тік бұрыш)
-
Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар (алты)
-
Қорытынды
Біреу озса жарыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау,
Жеңімпаз болу шарты сол-еңбектену жалықпау!
Әділқазы қойылған балл бойынша жеңімпаз топтарды марапаттау, топ мүшелеріне баға қою.
Үйге тапсырма. Математикалық терминдерге сөзжұмбақ құрастыру.