Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Отесова Алтын Сиражовна Сабақтың тақырыбы: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем Сабақтың мақсаты: Білімділік:қарсылықты салалас сөйлем жайлы мағұлмат бере отырып,ойларын,сөздік қорларын,есте сақтау қабілеттерін дамыту,салаластың түрлерін ажырата білуді үйрету; Дамытушылық:ынта қойып тыңдау,жазу,талдау машықтарын қалыптастыру,сөздік қорын,сөз байлығын дамыту,талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту; Тәрбиелік:елін,жерін,тілін сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу,патриоттық тәрбие беру. Көрнекілік:сызба,интерактивті тақта, ВЕНН диаграммасы Пәнаралық байланыс:тарих,әдебиет,өткен сабақпен,өмірмен Түрі: аралас сабақ
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Отесова Алтын Сиражовна

Сабақтың тақырыбы: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:қарсылықты салалас сөйлем жайлы мағұлмат бере отырып,ойларын,сөздік қорларын,есте сақтау қабілеттерін дамыту,салаластың түрлерін ажырата білуді үйрету;

Дамытушылық:ынта қойып тыңдау,жазу,талдау машықтарын қалыптастыру,сөздік қорын,сөз байлығын дамыту,талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік:елін,жерін,тілін сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу,патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілік:сызба,интерактивті тақта, ВЕНН диаграммасы

Пәнаралық байланыс:тарих,әдебиет,өткен сабақпен,өмірмен

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,жаттығу,сто,скт

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру

Оқушыларды топқа бөлу,топ жетекшілерін сайлау.

II.Үй тапсырмасын тексеру

Пысықтау сұрақтары беріледі,құрмалас сөйлем бойынша сызба дайындау

III.Жаңа сабақ.Ой қозғау сатысы

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде»деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді.

Оқушылар,қалай ойлайсыздар,біздің мемлекетіміздегі барлық ұлт өкілдері немесе өз халқымыздың ұлдары мен қыздары бір-бірімен қазақ тілінде сөйлесіп,қазақ тілінде пікір алыса ма?

Қазақ тілі мемлекеттік деңгейге көтерілді,бірақ әлі шешілмей келе жатқан түйінді мәселелер де баршылық.

«Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің,интернеттің тіліне айналды.Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді.Еліміз бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57орталық жұмыс істейді,олардан мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты.Былтырғыға қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны10 пайызға өскен,бұл да біраз жайттан хабар береді.

Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды!»

Нұрсұлтан Назарбаев

Білу

1-топ 2-топ 3-топ

Қарсылықты қарсылықты салалас қарсылықты салалас пен

салалас құрмалас пен ыңғайлас салаласты себеп-салдар салаласты салыстыр

сөйлемнің жасалуы, салыстыр(ВЕННдиаграммасы)

тыныс белгілері

IV.Жаңа сабақты бекіту

1.Постер жазып,қорғау

Берілген тақырыптар бойынша мәтін жазу .(мәтінде қарсылықты салалас сөйлем болуы тиіс)

Компьютердің пайдасы мен зияны

Ұялы телефонның пайдасы мен зияны

Мектеп формасының тиімді жақтары мен тиімсіз жақтары

Қолдану,түсіну

2.Кітаппен жұмыс 106-жаттығу

3.Сергіту сәті

Талдау

Досыңның кемшілігі туралы әңгімеле.Мысалы:

Менің досым өте тамаша жігіт,бірақ үнемі кешігіп жүреді.

V.Қорытындылау,жинақтау

VI.Үй тапсырмасын беру

108-жаттығу.Қарсылықты салалас сөйлем,жасалуы,тыныс белгілері туралы сызба дайындау,түсіндіру

VI.Бағалау

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Отесова Алтын Сиражовна

"Тіл білгірі" сайысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сатылай кешенді талдау арқылы оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін кеңейту.
Дамытушылық: түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы .
Сабақтың ұраны:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Құрметті ұстаздар,оқушылар!Бүгінгі 8 «в» сынып оқушыларының арасында өткізгелі отырған «Тіл білгірі» сайысына қош келдіңіздер!

Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ,ал біліктілік-сол білімді іске асыра білу дағдысы»деп білім мен біліктілік жайлы үлкен ой айтқан.Адамзат қоғамын алға апаратын-білім.Тек білімді ұрпақ қана қоғамға қозғаушы болатыны сөзсіз.Қазіргі заман талабына білім беру жүйесінің алдында қоғамдық құндылықтарды,мәдениетті ,қоғамдық белсенді шығармашылыққа бейімделген міндеттерді атқара алатын тұлғаларды дайындау міндеті тұр.Оқушылардың білім,білік деңгейлерін көтеру үшін «Сатылай кешенді талдау»технологиясының маңызы зор.

Сатылай кешенді талдау-оқушылардың тіл білімі салалары бойынша меңгерген теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан талдап,саралап меңгертудің ең қажетті құралы.Тілдік талдауды сатылай кешенді түрде жүргізуге машықтанған оқушылар теориялық материалды баяндауға болсын,талдау барысында болсын нақты тұжырымды сөйлеуге,сауатты жазып,тілдік тұлғалардың атқаратын қызметін анықтауда ізденімпаздыққа ұмтылады.Енді осы технология бойыншы тілдік материалдарды жетік меңгерген оқушылардың арасында «Тіл білгірі» сайысын өткізгелі отырмыз.Сайысқа қош келдіңіздер!

Тілім менің!

Осы тілде-шежірем,жырым менің

Асан қайғы арманы,

Қорқыт күйі-

Тілім менің!

Жауға айбарым,ұраным,туым менің!

Бүгінгі сайысымызға екі топ қатысып отыр. Алғашқы сайысымыз- топты таныстыру.
Ақын Мұхтар Шаханов «Төрт ана»өлеңінде:
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.
Әр адамда өз анасынан басқа
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері-түп қазығы, айбыны,
Туған тілі-сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасиетті болса да.
Төрт анаға әнін жолдай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған,-деп жас ұрпақты Отанын,туған тілін,дәстүрін,тарихын білуге,сыйлауға,құрметтеуге шақырады.Ендеше,екінші сайыс -Отан,жер,ел,тіл туралы өлеңді мәнерлеп оқу.

Сайыстың келесі бөлімі -кім жылдам? Оқушылар фонетикалық материалдарды сатылай кешенді талдайды.Алғашқы сайыс-бір сөзге фонологиялық талдау.(минутқа талдайды)

Сөздер: қазақпын,даналық

Оқушылар тақтаға жазып болғанша,сіздер берілген тұрақты тіркестердің мағынасын ашып,түсіндіріңіздер,әрбір дұрыс жауап бір ұпай болып есептеледі.

Ақ саусақ-жалқау,жалғанды жалпағынан басу-молшылықта өмір сүру,

Асығы алшысынан түсті-жолы болды,жарғақ құлағы жастыққа тимеу-тыным таппау,

Бес аспап-өнерлі,жер қаптыру-алдау,жұмыртқыдан жүн қырыққан-қу,жібі түзу-дұрыс адам,зығыры қайнау-ашулану,кәдеге асу-іске жарау,құлаққа ұрған танадай-тып-тыныш,маңдайының арылмаған соры бар-бақытсыз.

Келесі сайыс-дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру.

Мейірбан,еңбекқор

Жүргізуші:

Оқушылар дайын болғанша,жұмбақтың шешуін тауып,өз топтарыңыздың ұпай сандарын толықтырыңыздар.

Жаурағанды күйдірер,

Өз еркіне жіберсең,

Дүниені бүлдірер(От)

Бір үйге көзсіз боп бас сұғасың,

Бұл үйден көреген боп шығасың(Мектеп)

Жер астында жездем қамшысы жатыр(жылан)

Тал басында түндіксіз отау(ұя)

Бір ғажап бар тілі жоқ,Сөйлесем десең міні жоқ(кітап)

Онға онды қоссам он болады,

Оннан онды алсам он қалады(Қол мен қолғап)

Жүргізуші: келесі сайыс- «Жүйрік болсаң,озып көр»деп аталады.Бұл бөлімде оқушылар берілген сөздерге морфологиялық талдау жасайды.

Адалдық,пікірлес,таңертең,сандықша,жиырма бір,әке-шеше,қара торы,тап-таза

Жүргізуші:

Келесі кезекте оқушылар жай сөйлемге синтаксистік талдау жасайды.

1.Әділ жол мақсатқа жеткізеді.(С.Сарайи)

2.Мұң мен зарды қыранша қырымға қараған жеңеді.(Абай)

Жүргізуші:

Келесі сайыс-«Ойлы болсаң,озып көр».Мұнда топ басшылары сайысқа түседі.Берілген сұрақтарға тез және дұрыс жауап берсеңіз,әрбір дұрыс жауап үшін бір ұпайға ие боласыздар.

1.Төлегенқызы Жадыра

2.Қуанқанов Әлішер

Жүргізуші:

Тілсіз өмір-күнсіз өмір қараңғы,

Айыра алмас жақсы менен жаманды.

Беу,қарағым,тілің үшін күрескін,

Ана тілім әлдилесін ғаламды,-деп сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Жүргізуші:Құрметті,ұстаздар,бүгін біз сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша оқушылардың нақты,жүйелі ,сапалы білім алатынына көз жеткіздік.

Бүгінгі сайысымызды қорытындылай келе,Тіл-елдіктің туы,туды жықпай,тек биікте желбірету керек деген ойды айта отырып,сайысымызды «Қазақ тілі» деген әнмен аяқтаймыз.


© 2010-2022