Тақырыбы: Сыр -сұхбат (тәрбие сағаты)

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Сыр-сұхбат» бағдарламасында заманында талай асуларды алып, шыңдарды табындырған алдыңғы буын ағалар мен аналар басты қонақ болады. Сіз оларды бейресми жағдайда, өзге қырынан, бұрын-соңды айтылмаған, көпшілік біле бермейтін тұсынан танитын боласыз.

Ал қонақтың өмірдегі шынайы образын өздерінің көкейінде жүрген түрлі сауалдарымен бүгінгі мектеп жасындағы балалар ашады. Бағдарлама мақсаты - танымал тұлғалар мен кейінгі буын арасын байланыстыра отырып, оларды көрерменге жақын таныстыру.

Армысыздар ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі "Сыр сұхбат" бағдарламасына қош келдіңіздер! Қазір біз кейіпкерлерімізді ортаға шақырып, жұртшылыққа өзге қырынан таныстыратын боламыз.

Ал, қонақтар көңіл-күйлерініз қалай? Кейіпкерлерді қарсы алуға дайынбыз ба? Ендеше ортаға кейіпкерлерімізді ортаға шақырайық.

Көңіл күйлеріңіз қалай? Бүгінгі хабарға дайынсыздар ма? Хабарды бастамас бұрын кезекті шағын анықтамадан бастасақ. Тамашалау үшін экранға назар аударайық. Ал енді өзіңіз жайлы анықтаманы көрдік. Енді қонақтарымыз тереңірек танысқысы келіп отыр. Қазір сіздерді тергеудің астына алатын боламыз. Бұның барлығы сіздерді танымайтын өзге қырларыңызды жұртшылыққа көрсету. Сол үшін сіздер қазір көрермендердің сұрақтарына жауап беремін және де тапсырмаларын орындаймын деп уаде беріңіз.

Қонағымыз-Шалқарбаева Болдыхан Мұратқызы

1 кезекті сұраққа берейік.

1 Сіз өзіңізге қандай мінез бере аласыз,жуаспын деп ойлайсыз ба? Алде қаталмын деп ойлайсыз ба?

2. Қандай шет елдерде болдыңыз?

1. Болдыхан апай қазіргі жастарға көңіліңіз тола ма?

2.Қызмет бабында қатты қуанған кезіңіз болды ма?

1. Кішкентай кезіңізде қандай оқушы болдыңыз?

2. Ең алғашқы ашық сабағыңыз.

Көрермендердің сұрағы:

1.Ең қиын түскен қай пән.

2.Бала кезден сүйіп оқитын ақын жазушыларыңызды атаңыз?

3. Қиналған сәтіңіз?

Кезекті сұрақтарға берейік.

  1. Сіз шетелдің әнін және киносын көріп, тыңдауды ұнатасыз ба?

  2. Мұсылманның 5 парызын білесізбе?

3. Сіздің тегіңізде өнер жолына жақын адамдар бар ма?

4. Бойыңыздағы қасиет кімнен дарыған?

5.Мектепте діни сауат ашу сабақтары жүргеннін қалайсызба?

6.Кеңес заманы мен қазіргі заманның айырмашылығы

7 Ата-анаңыздың қандай жақсы қаситтері бойыңызға дарыған?

Оқушылардың дайындап келген сұрақтарына жауап беріп көріңіз.

Қағаз бен қайшы.Осыдан қазақтың ою- өрнектерін ойып беріңіз .

Алдыңызда отырған бір оқушыны шақырып , әдемі шаш үлгісін көрсетіңіз.

Ең жақсы көретін әншіңіздің өлеңін жанды дауыстаайтып көріңіз.

Сұрақтар қою.

Смайликтермен көңіл күйді білдіру.

Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.



Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы

Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебі














"Сыр - сұхбат"

(Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағытында Қашаған Күржіманұлы атындағы мектебінің тарих пәні мұғалімі, ардагер ұстаз Шалқарбаева Болдыхан Мұратқызымен кездесу )





6 «Ә» сынып жетекшісі: Нетбай Гүлшат


2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022