Урок конус (11 класс)

Раздел Математика
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Р.Т.Әбекова

Күні:

25.12.2015 ж

Мұғалім:

Айшаубекова Ақерке Нұртайқызы

Пәні:

Геометрия

Сыныбы:

11 «б»

Тақырыбы:

Қиық конус және оның бетінің ауданы

Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Қиық конусты сала алады, оның бетінің ауданын таба алады

Оқушылардың басым бөлігі:

Конустың қималарын кескіндеп, есептер шеше алады

Кейбір оқушылар:

Конусты кескіндеп, шығармашылық есептерді шеше алады.

Оқуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

«Алтын балық аквариумы», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Оқып-үйренудің нәтижесі:

Оқушылар алған білімдерін ауызша және жазбаша орындай алады

Сабақ барысы:

Уақ.

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

5-мин.

Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақтарға жауап беру.

30-мин.

Жаңа тақырып

Конустың табанына параллель және оны қиып өтетін жазықтық одан кіші конус қиып түсіреді. Қалған бөлігі қиық конус деп аталады. Радиустары R1, R2 және жасаушысы Урок конус (11 класс) болатын қиық конустың бүйір бетінің ауданының формуласы:

S=Урок конус (11 класс)( R1+ R2)Урок конус (11 класс)

Есептер шығару:

  1. Қиық конустың бүйір бетінің ауданы 208p, жасаушысы 13, биіктігі 5 см болса, табанының радиустарын анықтаңыз. ( 2 және 14)

  2. Қиық конустың жасаушысы 8 см және табан жазықтығымен 600 жасайды. Осьтік қимасының диагоналі осы бұрышты қақ бөлетін болса, толық бетінің ауданын табыңыз. (176p)

  3. Қиық конустың осьтік қимасында бүйір қабырғасы 13см-ге, ал табандары 12см және 22см-ге тең бүйірлі трапеция болады. Осы конустың бүйір бетінің ауданын т.к.(221πсм2)

  4. Қиық конустың табан радиустары 3 және 6, жасаушысы табанына 450 бұрышпен көлбеген.Биіктігін табыңыз. (3)

  5. Қиық конустың табан радиустары 3 дм және 7 дм,ал жасаушысы 5 дм. Осьтiк қимасының ауданын тап.( 30 см2)

  6. Қиық конустың табан радиустары 7м және 4м, жасаушысы табанына 600 бұрышпен көлбеген.Жасаушысын табыңыз. (6м)

  7. Қиық конустың табан радиусы 10 см және 4 см, ал биіктігі 8 см.Қиық конустың жасаушысын тап (10 см)

  8. Қиық конустың табандарының аудандары 25p және 64p, осьтік қимасының ауданы 52 болса, толық бетінің ауданын табыңыз. (154p)

  9. Қиық конустың табанының диаметрі 3 м , 6 м , ал биіктігі 4 м . Жасаушысын табыңыз. (Урок конус (11 класс))

  10. Қиық конустың табандарының радиустары 1 см және 5 см, ал жасаушысы 5 см. Биіктігі осы конустың биіктігіне, бүйір бетінің ауданы осы конустың бүйір бетінің ауданына тең болатын цилиндрдің табан радиусын тап.(5 см)

  11. Қиық конустың табан радиустары 9 ж/е 6, биіктігі 4. Жасаушысын тап (5)

  12. Қиық конустың табандарының радиустары 10 см және 4 см, ал жасаушысы табан жазықтығына 45о бұрыш жасай көлбеген. Конустың осьтік қимасының ауданын табыңыз. (84 см2)

  13. Қиық конустың табандарының радиусы 12 см және 9 см, ал жасаушысы табан жазықтығымен 45о бұрыш жасайды. Биіктігін табыңыз.(3см)

Қорытынды

Қиық конус деп қандай конусты атайды?

Қиық конустың бүйір бетінің ауданының формуласы?

Кейбір айналу денелерінің бүйір бетінің ауданын есептеудің жалпы формуласы ?

5-мин.

Рефлексия.

Үйге тапсырма беру.

Оқушыларды жазба жұмысы бойынша бағалау



© 2010-2022