Открытый урок на тему Толымсыз квадрат теңдеулер

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8 сынып Алгебра Күні: 23.11.2015.

Сабақтың тақырыбы: Толымсыз квадрат теңдеулер.

Сабақтың мақсаты:

1. Толымсыз квадрат теңдеулерді шешуде әртүрлі тәсілдерді пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру, үйрету.

2.Квадрат теңдеулер тақырыбынан алған білімдерін, ойлау қабілеттерін, зерделеу және қорытынды жасай білуге дағдыландыру, дамыту.

3. Оқушылардың өзін-өзі және жолдастарын бағалауға үйрету. Топ алдында өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу .Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,карточкалар, постер,оқулық, дәптер.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ.

Сабақтың типі: практикалық сабақ.

Әдіс -тәсілдер: ұжымдық - топтық оқыту.

Оқыту нәтижесі: Толымсыз квадрат теңдеулерді шешу тәсілдерін қайталау және оларды есеп шығарғанда пайдалана білу.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин.

а).Оқушыларды топқа бөлу.

2. Үй тапсырмасын тексеру.3 мин.

3. Ауызша сұрақтар.

4. Оқулықпен жұмыс.

5. Сергіту сәті

6. Үйге тапсырма.

7. Қорыту.

8. Үйге тапсырма.

9. Оқушыларды бағалау.

1. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Топтарға бөлу. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушылар назарын сабаққа аудару(2 мин.)

Оқушыларды квадрат теңдеу түрлері арқылы топтарға бөлу:

1-топ. Толық квадрат теңдеу.

2- топ.Толымсыз квадрат теңдеу.

3- топ. Келтірілген квадрат теңдеу.

Үй тапсырмасын тексеру №233,235.(3мин.)Оқушылар бірін-бірі тексереді, ережелерді қайталайды.

Қайталау - білім анасы.(3 мин.) Әр топқа қайталау сұрақтарын қою.

- Квадрат теңдеудің анықтамасы;

- Келтірілген квадрат теңдеулер.Мысал келтір.

- Толық квадрат теңдеулер. Мысал келтір.

- Толымсыз квадрат теңдеулер. Мысал келтір.

- Толымсыз квадрат теңдеуді шешудің жолдары қандай?

Оқулықпен жұмыс (7мин.)

1- тапсырма:Топтық жұмыс беріледі: Толымсыз квадрат теңдеулерді шешуге:

1топ - №231(1) 2топ - №231(2) 3топ - №231(3) 4топ - №231(4)


Үш топ бір мезгілде берілген есептерді шешіп, топ болып шығарылу жолын өзара топта талқылайды, бір- біріне түсіндіреді. Кейін барлық топ үшін жалпылай түсіндіреді, дәптерге түсіреді.

Сергіту сәті. «Мәндерді табайық!»(2мин)

Түбір астындағы сандар айтылады, шыққан сан «тақ» санға аяқталса қол көтереміз, «жұп» санға аяқталса қолды алға созамыз, «жай» санға аяқталса көзді жұмамыз, көңіл - күйлері көтеріледі, сергиді.

Постер(10мин.)

3 - тапсырма: оқушыларға оқулықтан №232 есеп беріледі. Тапсырманы орындатуда «қарлы кесек» әдісі қолданылады.

Әр топ түсті маркерлермен өздеріне берілген тапсырманың бірінші алгоритмін постерге орындап келесі топқа береді, келесі топ екінші алгоритмді өзге түспен жазады... Осылайша алғашқы постерді әр топ өздері қайтып алады және класта қорғайды, жіберілген қателіктер болса тексереді, түзету енгізеді, дәптерге түсіреді.«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен пікірлерін білдіреді.


4 - тапсырма: оқушыларды жауап беруге тақтаға жеке шақырылады. Та псырманы орындатуда «ыстық орындық» әдісі қолданылад(10 мин.)

Әр топтан бір оқушыдан шығып, «ыстық орындыққа» отырады, топтардың сұрақтарына жауап береді. Жіберілген қателіктер болса, сұрақ қойған топ өздері жауап береді, түзету енгізеді.

Үйге тапсырма: №236,№237.(1 мин)

Кері байланыс үшін «Бүгін мен ...» әдісін қолданады(3 мин.)

Оқушылар бүгінгі сабақтан не білгенін, көңіл - күйін, көңілінде туындаған

сұрақтарын «Бүгін мен ...» әдісімен өз ойын жеткізеді.

Оқушылар өздерін - өзі ұпай арқылы бағалайды (3 мин.)

Қорытынды Егер сұраққа «йә» жауап берсе қызыл түспен, «жоқ» деп жауап берсе көк түспен торды бояйды.Сонда барлық сұраққа жауап берген оқушы қызыл түспен «5» баға, бір қате жіберсе «4» баға, ал екі немесе үш қате жіберсе «3» баға шығады.

Оқушы аты ________ Сынып_____ Күні______

Келесі сұрақтарға жауап беріңдер. Егер сұраққа «йә» жауап берсең қызыл түспен, «жоқ» деп жауап берсең көк түспен торды боя.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1) Квадрат теңдеу тақырыбы қызықты ма?

2) Квадрат үшмүше ұғымын білесің бе?

3) Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?

4) Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не?

5) Квадрат теңдеудегі а= 0 неге орындалмайды?

6) Сабақ зеріктіріп жіберген жоқ па?

7) Толымсыз квадрат теңдеуді шеше аласың ба?

8) 9х2=0, 3х2+3=0 теңдеулерін шеше аласың ба?

9) Бүгінгі сабақ ұнады ма?

10) Бүгінгі сабақта сен белсенді бола алдың ба?






© 2010-2022