Внеклассная работа по математике Математика өмірде 8-9 класс

Внеклассная работа по математике "Математика өмірде" 8-9 класса.                   Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, сүйіспеншілігін туындату ,білімін байыту пән мұғалімінің сабақты ұымдастыру шеберлігінебайланысты.Қазіргі  ғылым мен техниканың жедел дамыған кезеңінде әрбір адамда сапалы  да терең білім болуы  заман қажеттілігінен туындап отыр.                    Математика пәнінен білім сапасын көтерудің негізі – оқушының пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушының логикалық ...
Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика өмірде

Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, сүйіспеншілігін туындату ,білімін байыту пән мұғалімінің сабақты ұымдастыру шеберлігінебайланысты.Қазіргі ғылым мен техниканың жедел дамыған кезеңінде әрбір адамда сапалы да терең білім болуы заман қажеттілігінен туындап отыр.

Математика пәнінен білім сапасын көтерудің негізі - оқушының пәнге қызығушылығын арттыру.

Оқушының логикалық ойлауы мен шығармашылық қабілетін ұштау мақсатында өткізген сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.

Тақырыбы: Математика өмірде

Мақсаты: Математика пәнінің өмірдегі, қоғамдағы орны жөніндегі түсініктерін ,

пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, пәннің қажеттілігін

сезіндіру, сапалы білім дағдысын қалыптастыру ,жан-жақты тәрбие беру.

Түрі: сайыс

Көрнекіліктер: плакаттар, тапсырмалар,интерактивті тақта.

Жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Топтардың амандасуы.

  3. Логикалық сұрақтар.

  4. «Сиқырлы шаршылар».

5.Топтардың тапсырмасы.

6.«Қас-қағым сәт» сұрақ-жауап.

7. «Математика маған өмірде қаншалықты қажет?...» пікірталас (иә , жоқ).

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Топтардың сабаққа дайындығын, қатынасуын тексеру.

Топтардың амандасуы.

Сынып оқушыларынан құрылған «Үшбұрыш» және «Шаршы » топтарын ортаға шақырайық.

«Үшбұрыш» тобы.

Сәлемдесуі : Өнер қуған математик жастармыз,

Есебіңді лезде шешіп тастармыз.

Командамыз өңшең тапқыр қырандар,

Ерен туған вундеркинд бастармыз.

Келешекте өміріміз талапты,

Атақ-даңққа бөленеміз қарап тұр.

Сегіз қырлы өнері асып туғандар,

Оза шауып бәйге атындай жарап тұр.

Ұраны: Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

«Шаршы» тобы.

Сәлемдесуі : Қиын пәнді бәріміз меңгереміз,

Қосу менен басқаны теңгереміз.

Көбейтуді жаттамай жүрген жалқау,

Оқушыны бәріміз жек көреміз.

Сандардың біз сырына үңілеміз,

Үйренбеген достардан түңілеміз.

Білгеніңді бұл пәннен жасырсаңдар,

Бүгін достар әрине жеңілеміз.

Ұраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Логикалық сұрақтар.

Жылдың неше айында 28 күн бар? (барлық айда).

Дайындауға болады, жеуге болмайды. Ол не? (сабақ)

Елеуішпен суды қалай әкелуге болады? (мұз күйінде)

10 метрлік сатыдан секіріп , қалайша жараланбауға болады? (ең төменгі сатысынан секіру керек)

4 ұлда неше саусақ бар? 80.

Электр пойызы шығыстан батысқа қарай жүйіткіп келеді.Қарсы бағыттан жел тұрса , жел пойыз түтінін қай бағытқа әкетеді? (түтін болмайды)

Барлық сандарға қалдықсыз бөлінетін сан. 0

«Сиқырлы шаршылар».

Көлденеңінен , тігінен сандарды қосқанда қосындысы бірдей шығатындай етіп 1-ден 9-ға дейінгі сандарды қайталамай орналастырыңдар.


4

5

7

1

9

3

8

6

2)Бес 9 санынан амалдарды пайдаланып 10 санын жазыңдар.

9 9 9 9 9

V Топтардың тапсырмасы.

Топтар өздері дайындаған тапсырмаларын қарсыластарына орындатады, жауаптарын бірден тексереді

VI «Қас-қағым сәт» сұрақ-жауап.

1-Топқа :

1) Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем (теорема).

2) Қиылыспайтын түзулер (параллель).

3) Үшбұрыштың бұрышына, қабырғасына қарай түрлері (тік бұрышты, сүйір бұрышты, доғал бұрышты ,теңбүйірлі, теңқабырғалы, әр қабырғалы).

4) 15-тің квадраты (225).

5) Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі (планиметрия).

2-Топқа:

  1. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем (аксиома).

  2. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер (перпендикуляр).

  3. Шаршының қасиеттері (бұрышы, қабырғасы, диагоналы бойынша).

  4. 25-тің квадраты (625).

  5. Геометрияның кеңістіктегі фигураларды зерттейтін бөлімі (стереометрия)

VII Пікірталас

«Математика маған өмірде қаншалықты қажет?...» тақырыбына байланысты оқушылар «иә» , «жоқ» таңдаулары бойынша пікірлерін айтады.

Әділқазы алқасының шешімін тыңдау, жеңімпаз топты марапаттау , сайысты қорытындылау.










Сабақтың тақырыбы: Проценттерге берілген есептер.

Сабақтың мақсаты: 1) Берілген санның процентін, проценті бойынша санды табуға есептер шығару;

2) Процентке берілген есептерді шығара білуге машықтандыру, ойлау қабілет-

терін дамыту;

3) Ұлттық салт-дәстүрімізді бойларына сіңіре отырып ұлтжандылыққа, ұйым-

шылдыққа тәрбиелеу, экономикалық тәрбие беру;

Сабақ түрі: Ұлттық ойындарға негізделген сайыс сабақ.

Сабақ типі: Білімді бекіту.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жалаушалар, слайд, семантикалық карта

Жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. «Аударыспақ» ойыны (тақырып бойынша сұрақ-жауап).

  4. «Көкпар»ойыны (оқулықпен жұмыс).

  5. «Арқан тартыс» ойыны (қарсылас топтардың сұрақтары).

  6. «Сақина салу»ойыны (тест тапсырмалары).

  7. «Орамал тастамақ» ойыны (математикалық жұмбақтар).

  8. Сабақты бекіту (сабақтың өтілуі туралы оқушылардың пікірі, сайыс қорытындысы, бағалау).

  9. Үйге тапсырма беру.

Барысы:

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ.

Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы туралы шолу жасау, сабақтың өтілу тәртібімен таныстыру.

  1. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ.

№1415. Ш: 104500-95000= 9500

9500/95000 *100% = 950/95 = 10% Ж: 10%

№ 1416. Ш: в = 6см, а = 6*80% = 6*80/100 = 4,8

S = а*в = 6*4,8 = 28,8 Ж: S =28,8 см2

№ 1417. 1) 36 ; 2) 56; 3) 56 ; 4) 75 ; 5) 85; 6) 36.



  1. «АУДАРЫСПАҚ»

  1. Процент деп нені айтады?

  2. Процент бөлшекпен қалай жазылады?

  3. Бөлшекті процентпен қалай жазады?

  4. Берілген санның процентін қалай табады?

  5. Проценті бойынша санды қалай табады?

  6. Бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше процент құрайтынын қалай табады?

  1. «КӨКПАР»

№ 1426. Барлығы : 28 оқушы

75% -і спортпен айналысады


Оқушы саны -?

№ 1427. Барлығы : 51 кг

90 % -і темір


Темір -? Никель-?

№ 1428.

70 % -і оқылды

42-бет қалды

Барлығы -?

№ 1430. Барлығы: 75 бет

I күні 21 бет терді.

I күні терген бет -%? II күні терген бет -% ?

№ 1431. v = 84 км/сағ

30 % -ін жүрді

Барлығы -?

  1. «АРҚАН ТАРТЫС»

Топ басшылары дайындаған тапсырмаларын ұсынады.

  1. «САҚИНА САЛУ» тест тапсырмасы.

1-нұсқа

2-нұсқа

  1. 15 %-ті ондық бөлшек түрінде жаз.

А) 0,15; Ә) 1,5; Б) 1,15; В) 11,5.


  1. 17 %-ті ондық бөлшек түрінде жаз.

А) 0,17; Ә) 1,7; Б) 1,17; В) 11,7.



  1. 900-дің 15 %-ін тап.

А) 1350; Ә) 6; Б) 135; В) 75.



  1. 120-ның 40 %-ін тап.

А) 480; Ә) 3; Б) 80; В) 48.


  1. 70% -і 14-ке тең санды тап.

А) 25; Ә) 56; Б) 500; В) 20.


  1. 75% -і 15-ке тең санды тап.

А) 20; Ә) 600; Б) 55; В) 400.


  1. Внеклассная работа по математике Математика өмірде 8-9 класснеше процент құрайды.

А) 7; Ә) 70; Б) 0,7; В) 700.


  1. Внеклассная работа по математике Математика өмірде 8-9 класснеше процент құрайды.

А) 6; Ә) 60; Б) 0,6; В) 600.


  1. Бақта 7 жеміс ағашы бар. Бұл барлық ағаштың 35% -ін құрайды. Бақта барлығы неше ағаш бар?

А) 50; Ә) 28; Б) 42; В) 20.


  1. сыныпта 18 қыз бар. Бұл сыныптағы барлық оқушылардың 60% -і. Сыныпта барлығы неше оқушы бар?

А) 30; Ә) 28; Б) 42; В) 33.






  1. «ОРАМАЛ ТАСТАМАҚ»

Математикалық жұмбақ шешу.

  1. Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы, бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай. (натурал сан)



  1. Өмірің сенің қызық,

Жолында жоқ түзу сызық.

Басы да жоқ аяғы,

Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

  1. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі,

Қанша болды, қолда бары? (6)



  1. САБАҚТЫ БЕКІТУ.

Сабақтың өтілу барысы туралы оқушылардың пікірін тыңдау. Білімдерін бағалау.



  1. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА БЕРУ.

№1429, 1432, 1433, 1434, 1435.


БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ



«Білімділер» тобы



р/с

Оқушының аты-жөні

«Аударыспақ»

«Көкпар»

«Арқан тартыс»

«Сақина салу»

«Орамал тастамақ»

1

Исқақ Айдана






2

Марат Аманжол






3

Молдақұлова А






4

Матен Сабина






5

Молдақұл Сағи






6

Нұрымғали Жансая






7

Омарқұл Айерке






8

Қанапия Асхат






9

Рыскелді Дидар






10

Сатайбек Қуаныш






11

Салим Лаура






12

Тұрған Қуаныш






13

Үсен Назерке










БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ



«Мұрагер» тобы



р/с

Оқушының аты-жөні

«Аударыспақ»

«Көкпар»

«Арқан тартыс»

«Сақина салу»

«Орамал тастамақ»

1

Ордабай Әсел






2

Абайдолда Г






3

Ауелхан Ернар






4

Асен Смағұл






5

Алимжан Алмас






6

Абдыманап Н






7

Даулет Тоғжан






8

Джумабаев Рауан






9

Жақан Мақсат






10

Есембаев Самат






11

Көкенова Аида






12

Кадирсиз Еркем






13

Хасен Айым










© 2010-2022