Презентация на тему ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары: оқушылар мен мұғалімдер сабақ барысында немен айналысады? Мұғалім топқа тапсырма береді, орныдалуын қадағалайды.

Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды, бірлесе отырып кесте толтырады. Оқушылар топқа бөлініп отырғызылады. Топ ережелерін жасайды. Ойындар арқылы оқушылар бір -бірін жақын тани түседі. Әр топқа жеке тапсырма беріліп, оқушылар топта жұмыс жасайды.Сабақ соңында стикерлерге ойларын қорытындылап жазып, тақтаға іледі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңберінде тұрып сәлемдесу,топқа бөліну.

Психологиялық ахуал: (Күн,Ай,Жер суреттері көрсетіледі.)

Күн саған сәлем бердім,

Ай саған сәлем бердім,

Жер саған сәлем бердім,

Досыма да сәлем бердім,

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Сіздерге де бір сәлем!

(оқушылардың көңіл-күйін бақылау, сабаққа дайындықтарын тексеру)

- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар,сәлеметсіздер ме қонақтар!

-Бүгінгі сабақ ерекше болмақ.Өйткені бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр.

1.Топ құрамын ауыстыру үшін топқа бөлу:сыныптағы оқушылардың санына қарай бөлу,әр топта спикер тағайындау (бағалау парағын таратып беру)

І ,ІІ,ІІІ топтарға бөлу:

2.Топ ережелерін еске түсіру .Оқушылар, біз бірнеше тапсырмалар орындаймыз,?

ІІ. Өткенді қайталау.

1- тапсырма:

«Миға шабуыл»

Өткен сабақтарда алған білімдеріңді пысықтауға арналған сұрақтар.Бір-бірімізді тыңдап,тыныштық сақтап,еркін сөйлеуге тырысайық.

Математикалық диктант Ондық бөлшектердің жазылуын және оқылуын көрсету

1. Ондық бөлшектерді жазыңдар:

а) жиырма бес бүтін оннан үш;

ә) үш бүтін жүзден он алты;

б) нөл бүтін мыңнан он үш;

2. Ондық бөлшекті аралас сан түрінде жазыңдар:

а) жеті бүтін мыңнан он тоғыз;

ә) бес бүтін жүзден жиырма жеті.

3. Сандарды оқыңдар:

а) 0,4; ә) 2,04

Логикалық есептер,яғни математикалық жұмбақтар шешу.

1. Екі қолда 10 саусақ, 10 қолда неше саусақ?

2. Екі шахматшы шахматты4 сағат ойнады, әр шахматшы

Неше сағат ойнады?

3. Екі әкесі мен екі баласы 3 жұмыртқа жеді.

Әрқайсысы неше жұмыртқадан жеді?

ІІІ. Мағынаны ашу.

3-тапсырма:

ІІ. «Сәйкестікті тап» (интерактивті тақтамен жұмыс)

х + 3,7 = 10,4*3 18,108

19,4 - х = 5,82 : 20 93,58

У - 105,3 = 20,3 + 0,712 27,5

Х + (60 - 25, 72) = 127,86 126,312

4-тапсырма:

( 3 топқа бөлек тапсырма беру)

І . І-топ

Амалдарды орында: (2,6 + 3,7) *5 =

Қосуды орында: 1*3,*

2*,4*

*9*,81

Салыстыр: 3,*75 > 3,4**

2. ІІ-топ

Амалдарды орында: (18,07 - 6,03) *8 =

Қосуды орында: 4*,8*4

2,*2*

4*,3*2

Салыстыр: 6,3*2 < 6,62*

3.ІІІ-топ

Амалдарды орында: 0,25 *10-2,4*0,5=

Қосуды орында: 6,*7

1*,45

2*,8*

Салыстыр: 0,2*3 < 0,*54

Сөзді есепті теңдеу түрінде шығар. Итерактивті тақтада шығару жолын жазу.

«Жасыл ел» ұйымының жастары саябаққа шырша, емен, қайың ағаштарын отырғызды. Шырша ағашы отырғызылған ағаштардың 0,36 бөлігін, емен ағашы 0,12 бөлігін құрайды. Отырғызылған қайын ағашы емен ағашынан 60-қа артық. Саябаққа барлығы неше ағаш отырғызылды?

Бағалау критерийлері. Есеп шығаруда:

1.Есептің шартының дұрыс жазылуы - 2ұ.

2. Есептің сұрағының болуы - 2ұ.

3. Шешуінде амалдардың

орындалу тәртібінің сақталуы-1ұ.

4.Есеп бойынша теңдеу құруы-2ұ.

5. Жауабының дұрыс жазылуы-3ұ.

Барлығы 10 ұпай

10 ұпай- « 5 »

8-9 ұпай- « 4»

6-7 ұпай- « 3 »

6 ұпайдан төмен- « 2 »

(Критерий бойынша өзара бағалау)

Сергіту сәті

Музыка ырғағымен «Қызыл өрікті» билеп,бойларын сергітеді

5-тапсырма:

1. Ондық бөлшекті анықта

а) 12,05 в) с)

2. 420,12 санының бүтін бөлігін тап

а) 12 в) 42 с) 420

3. 23,53 санының бөлшек бөлігін тап

а) 23 в) 53 с)100

4. ондық бөлшек түрінде жаз

а) 0,421 в) 4,121 с) 4,21

5. 10,17 бөлшегіне тең бөлшекті анықта

а) 10,017 в) 10,170 с) 1,17

ІҮ. Ой толғау

(Сабақ бойынша қорытынды сұрақтар)

Бекіту сұрақтары:

1. Бірліктен кіші разрядтар қалай аталады?

2. Бөлімі 10; 100; 1000; ... болатын жай бөлшектер қалай жазылады?

3. Санның ондық бөлшекпен жазылуында үтір қайда қойылады?

4. Ондық бөлшектегі үтірден кейінгі ондық таңбалар саны қалай анықталады?

5. Үш бүтін мыңнан он жеті саны ондық бөлшекпен қалай жазылады? Түсіндіріп бер.

6. Берілген ондық бөлшекке тең бөлшекті қалай анықтауға болады? 10,23 санына тең бөлшекке мысал келтір.

V.Бағалау Рефлексия .

 Балалар сабақ ұнады ма ?

Білемін Білгім келеді Үйрендім

 Үйге тапсырма беру .

Ондық бөлшектерге байланысты 5 есеп

құрастырып келіңіздер .

© 2010-2022