7 сынып, “Үшбұрыштардың түрлері ”

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 7

Күні:

Пәні: геометрия

Сабақтың тақырыбы

"Үшбұрыштардың түрлері " қайталау сабағы

Сілтеме:

Күнтізбелік жоспар, орта мерзімді жоспар

Жалпы мақсаттар:

- Сабақта Блум таксаномиясын пайдалану арқылы оқушылардың ойлау әрекеттерін белсендендіре отырып, үшбұрыштың ішкі, сыртқы бұрыштарының қасиеттерін қайталап, тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, тиянақтау, бекіту, бағалау.

- Практикалық мазмұнды мысалдарды қарастыру арқылы оқушылардың геометриялық формалар мен қоршаған әлемдегі қатынастарды айыра білу және оларды геометрия тілімен суреттей білу біліктігін дамыту;

- Тәрбиелік: геометриялық білім мен математикалық іс-әрекет дағдылары негізінде практикалық қызмет дағдыларын қалыптастыру және дамыту; функционалдық сауаттылықты дамыту; Қазақстан мемлекеті туралы айта отырып оқушылардың патроиоттық сезімдерін қалыптастыру.

Ресурстар:

Оқулық, интерактивті тақта, сабаққа қажетті ресурстар.

Оқыту әдістері

Сұрақ-жауап, деңгейлеп дамыта оқыту, ойын технологиясы элементтері. АКТ, СТО, диалог

Оқыту тәсілдері

жеке,жұппен,топпен

Оқыту нәтижесі

Топқа бөлу барысында жағымды психологиялық ахуал тудыру. Тақырыпқа теориялық талдау жасалады. Оқушылар жекелеме,жұппен,топпен жұмыс істей отырып идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды, жинақтайды, қортындылайды, бағалайды.

Түйінді идеялар

Үшбұрыштардың түрлері, үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы, үшбұрыштардың теңдігінің белгілері, қасиеттері

Дерек көздер

Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Кіріспе

3-минут

- Амандасу

- Балалардың назарын сабаққа аудару

- Рефлексия.

а) Топқа бөлу. «Берілген үшбұрышқа сәйкес келетін формулаларды тауып, өз орындарына қойыңыз!» деген тапсырма орындату арқылы үш топқа бөледі, топтарға ат береді.

Мұғалімнің алдына топтардың аты жазылған үш қорапша қойылады. Топ мүшесінің әрбір дұрыс жауабы үшін қорапшаға жұлдызша салынып отырады. Сабақ соңында жұлдызшаларды санау арқылы топтың жинаған ұпай саны анықталады.

б) Топтардың «Алтын ережесімен» таныстыру

  1. Ұран «Кемедегінің жаны бір».

  2. Бағалау топбасшысы арқылы жүргізіледі. Бағалау әділ жүргізілмесе топтан бір ұпай шегеріледі.

  3. Егер топтағы бір оқушы сабаққа атсалыспаса, онда топтан тағы бір ұпай шегеріледі.

  4. Бір оқушының айтқанын екінші оқушы қайталап айтуға болмайды. Қайталап айтқан жағдайда топқа ұпай саны қосылмайды.

в) Сабақтың мақсатын айқындау

Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақта «Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы» тақырыбы бойынша есептер шығаратының айта отырып мынадай әрекеттерді орындайды:

- оқушыларға сабақтың мақсатын қойғызады;

- оқушының жауабына толықтырады;

- осы мақсатқа жетудің міндеттерімен таныстырады:

г) сабаққа кіріспе

-Мұғаліммен амандасады.

-Топтарға бөлінеді.



1-минут

-Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

-Сабақ үстінде қолданылатын әдіс-тәсілдер мен бағалау түрлері айтылады.

«Алдымызда қандай ұлы мереке келе жатыр? Қазақстан жылдан жылға өркендеп өсіп, дамуда. Жетістіктерінің саны күн санап артуда. Биылғы жылы Қазақстан қандай үлкен жетістіктерге жетті? Бүгінгі сабақта Қазақстанның тағы да бір үлкен жетістігін сөз етеміз. Олай болса іске кірісейік»

Оқушылар өздерінің ұсыныстарын айтады.

Білу


10-минут


1-тапсырма: «Қазақстанның биік белесі». Берілген тапсырманы ауызша есептеп, жауабын төмендегі торкөзге жаз.

Жауап парағы

Е

Х

Р

О

-

20

17

-Ауызша есептеулер жүргізеді;

Түсіну.

10-минут

2-тапсырма. Көрме тақырыбы (Блиц - сұрақтар)

  1. Үш бұрышы да сүйір болатын үшбұрыш ...

  2. Бір бұрышы тік болатын үшбұрыш ...

  3. Бір бұрышы доғал болатын үшбұрыш ...

  4. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы...

  5. Үшбұрыштың ішкі бұрышымен сыбайлас бұрыш оның ...

  6. Сәйкес қабырғалары мен бұрыштары тең болатын үшбұрыштар ...

  7. Үшбұрышта қанша тік бұрышы болады?

  8. Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының қосындысы ...

  9. Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары ...

  10. Үшбұрыштың төбесін оған қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесінді ...

  11. Үшбұрыштың төбесінен қарсы жатқан қабырғаға түсірілген перпендикуляр.

  12. Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы не деп аталады?

Б

О

Л

А

Ш

А

Қ

Қ

У

А

Т

Ы

-блиц-сұрақтарға жауап береді;





Сергіту сәті

Мен Қазақпын

Қолдану.

12-минут

3-тапсырма: Жарқын жеңіс. Оқушыларға мәлімет беріледі:

ЕХРО -ның өтуі еліміздің дамуына қаншалықты пайдалы екендігін айқындау мақсатында бірнеше негізгі қағидаттарды ұсынады. Сол қағидаттарды білу үшін әр топқа тапсырма жазылған парақтар үлестіріледі. Онда үш сұрақ болады.Оқушылар қателерін тауып, дұрыс жауаптарын жазу керек. Сонда ЭКСПО-ның өтуі еліміздің дамуына қаншалықты пайдалы екендігін айқындау мақсатында қандай негізгі қағидаттарды ұсынғанын білеміз және сандардың орнына тор көздерге әріптерді қойғанда «ҚАЗАҚСТАН» сөзі шығады.

Т. Тең бүйірлі үшбұрыш

Қ. Тең қабырғалы үшбұрыш

А. Тікбұрышты үшбұрыш

С. Сүйір бұрышты үшбұрыш

А. Доғал бұрышты үшбұрыш

Қ. Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі

А. Үшбұрыштар теңдігінің екінші белгісі

З. Үшбұрыштар теңдігінің үшінші белгісі

Н.Үшбұрыштар теңсіздігін жаз

Қ

А

З

А

Қ

С

Т

А

Н

Топқа берілген тапсырманы орындау барысында бірлесіп шығармашылықпен жұмыс атқарады, өз пікірін еркін білдіреді.

Талдау.

4-тапсырма. Көрме логотипі. Оқушыларға семантикалық карта беріледі. Картадағы нөмерлер бойынша әр оқушы жеке-жеке тапсырманы өзбеттерімен орындайды. Ал әр тапсырманы мұғалім өзіне алдын ала шығарып, жауаптарын дайындап алу керек (тексеру кезінде уақыт үнемдеу үшін). Логотиптің суреті үш түрлі қағазбен жасырылып тұрады.Топ тапсырманы орындап жауабын айтады. Мұғалім өзіндегі жауаппен салыстырып, дұрыс болса суреттің бір бөлігін ашады. Осылайша логотиптің суреті оқушыларға ашылады.

Тұжырым жасай білуге дағдыланады

Жинақтау.

10-минут

5-тапсырма. Көрме тарихы және болашағы.

Тақтаға Лондондағы Хрустальды сарайдың, Эйфель мұнарасының және Астанадағы болашақ көрме қалашығының суреттері ілінеді. Бұл 3 суретті үш есеп жазылған қағазбен жасырып қоямыз. Оқушылар есепті шығарған кезде ғана сол есептің астында жасырылған суретті ашамыз.

Өзара достық қарым-қатынас құра отырып, бірігіп есептер шығарады.

- кітаппен жұмыс жасайды.

Үйге тапсырма

№163, 164 тапсырмалар.

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

Бағалау

а) Оқушыларды бағалау. Топ басшылары оқушыларды бағалайды. Басқа оқушылар және мұғалімдер тарапынан бағаның әділдігі талданады.

ә)Топтарды бағалау. Қорапшаға жинаған жұлдызшалар саны есептелінеді. Жұлдызша саны көп топ жеңіске жетеді.

б) Жинаған ұпай санын жинақ экранына жазу. (3 минут)

в) Стикерлерге «Екі жұлдыз, бір тілек» жазып, тақтаға ілу.

Өз ойларын еркін білдіреді.

Қорытынды

Рефлексия. «Көңіл-күй» шкаласынан өз көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап алыңдар.





© 2010-2022