Қасиетті көк байрағы елімнің

Раздел Математика
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қасиетті көк байрағы елімнің.

Мақсаты: Әрбір оқушыны еліміздің көк байрағын құрметтеуге, қорғауға, елімізге деген мақтаныш сезімін туғызуға тәрбиелеу.

Әдісі: Пікір талас, сұрақ-жауап.

Көрнектілігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары, қыран бейнесі, ою-өрнектер, бүктемелер, газеттер шығару, бейне таспа.

Кіріспе: (сабақтың өту кезеңдері айтылады)

Мұғалім: Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде өзінің елтаңбасы мен әнұранын, туы мен жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, оны қастерлей білуін талап етеді. Көк байрақ-туымыз - халқымыздың қасиетті, киелі белгісі. Ертеден-ақ халқымыз көк байрағы көтерілгенде «уа, аруақ, қолда!» деп, туды елдің, аруақтың киелі белгісі деп таныған. Сол көк байрақ астында батырлар сан рет жеңістерге жетіп, кең даласын, кемелді елін басқыншылардан қорғап қалған, оны өздерің білесіңдер.

Негізгі бөлім.

Мұғалім: Енді, балалар көк байрақтың жетілдірілген соңғы бейнесіне көңіл бөлейік. (тақтада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы ілулі тұрады). Бәйгеден озып шыққан бұл Тудың авторы - еліміздегі дизайнерлік өнердің іргетасын қалаушылардың бірі, Чехословакияда өткізілген (1961ж.) Халықаралық дизайнерлер байқауының алтын жүлдегері, Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ағамыз.

Ал, балалар ту туралы өздерің не білесіңдер?

1-оқушы: Бәрі болған қазақ деген көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өнер де.

Жаhандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді,

Ту болмады дегенге?! - деп ақын Абзал Бекенов ағамыз айтқандай, 1992 жылы 4 маусымда Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқн тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін», - деген ағамыз.

2-оқушы: Туымыздың көк теңбіл-аспан көк болуы шексіз кеңдікті көрсетеді, тудың ортасындағы алтын күн - халқымыздың азаттық күні. Ол бүкіл әлемге нұрын шашып тұр.

3-оқушы: Алтын күнді қанатымен жебеп өрге көтеріп, ұшып бара жатқан ақиық қыран құс - ерлік белгісі. Азат күнді, кең дүниені ерлікпен қорғайтын ақ иық қырандай түлегі болу - зор бақыт!

4-оқушы: Бұлармен қатар тудан қазақтың ою-өрнегін байқап тұрмыз. Мұның өзі тудың ерекшелігін - қазақ елінің танымын, қасиетін көрсетеді.

5-оқушы: Бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге және басқаларға бөлінгенмен, жоғарыдан айқара ашылған аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де. Ал Күнге келетін болсақ, ол да баршаға ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Сондықтан да Күннің тудан орын алуы лайық. Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы «Егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын» деген ойдан туған деп ойлаймын.

6-оқушы: Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен - тек

Елдің ашық қабағы.

7-оқушы: Ақ ниеті - алтын күн,

Асқан арман - қырағы.

Жалауы ол халқымның,

Мәртебесі, туы, ары.

8-оқушы: Бұлт баспасын күнімді,

Тартылмасын өрісім.

Биік ұстау туымды -

Қасиетті борышым.

Мұғалім: Иә, дұрыс айтып тұрсыңдар балалар. Егер де туға зер салсақ, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғанын байқаймыз. Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі, астында қияға қанат қаққан Қыран - тыныштықтың, берекелі өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады. Сары түс - байлықты, берекені білдіреді екен.

Бейне таспадан: «Біздің Ту» әні шырқалады. Өлеңін жазған Мұзафар Әлімбай, Әнін жазған Ғалымжан Тамендаров.

Көгімізде елжірейді күніміз,

Төбемізде желбірейді туымыз.

Егеменді ел бірлігі - туымыз,

Бақытындай жер кіндігі туымыз.

Қайырмасы:

Той - тойларда, Мейрамдарда

Батырларша мына біз

Көк аспандай Туымызды

Тік көтеріп шығамыз.

Көгілдір ту жеңістердің жолында,

Жалындайды батырлардың қолында.

Туы ортақ халықтармыз бірге өскен,

Армандары, тілектері үндескен.

Қайырмасы:

Енді балалар сендерге мынадай сұрақтар беріледі:

Мемлекеттік Ту қай жерлерде ұдайы тігілуі керек?

9-оқушы:

Мемлекеттік Ту Қазақстан Республикасының Президенті Резиденциясының, Парламентінің, Үкіметінің, министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық атқарушы органдарының, Елбасына тікелй бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Конституциялық Кеңесінің, Жоғары Сотының және басқа да соттарының, Бас прокуратурасының, Ұлттық ғылым академиясының, мәслихаттарының, жергілікті атқарушы органдарының ғимараттарында, сондай-ақ еліміздің дипломатиялық және сауда өкілдерінің, консулдық мекемелерінің орналасқан жерлерінде ұдайы тігіледі.

Мемлекеттік Ту қай жерлерде көтеріледі?

10-оқушы:

Халықаралық құқық нормалары мен Қазақстанның халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенті Палаталарының Төрағаларының, Премьер-Министрінің және олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен халықаралық форумдар өтетін ғимараттарда, мемлекет және ел басшылары ресми адамдар ретінде мінген теңіз кемелерінде, ішкі жүзу кемелерінде және басқа да қатынас құралдарында Мемлекеттік ту көтеріледі.

Мұғалім:

Міне, балалар өздерің айтқандай, Мемлекеттік туымыз бүгінде Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимаратының алдында, әртүрлі елдердегі елшіліктеріміздің маңдайшаларында желбіреп тұр. Оны ғарышкер - ұшқышымыз Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен заңғар көкке көтерсе, ал альпинистеріміз 1995 жылы Эверест шыңына қадады және дене шынықтыру саласында көптеген спортшыларымыз еліміздің туын көкке көтеріп, желбіретіп қуантып жатқаны қаншама. Осылардың өзінен-ақ әр отандасымыздың бойында елімізге деген мақтаныш сезімін туғанын көреміз.

Сонымен, балалар, біз бүгінгі тәрбие сағатында не туралы айттық? Өзімізге қажетті нәрсе үйрендік пе? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)

11-оқушы: Біз тудың қасынан бас иіп өтеміз. Серт айтып, халқымызға ант беріп, туымызды сүйіп, оған табынамыз.

12-оқушы: Туымызды қорғау, ту астында құрметтеліп, суретке түсу, ту көтеруші болу - қандай бақыт!

13-оқушы: Жарасқан байрақтың мәні бар:

Көк аспан, күн, қыран - сәні бар.

Көк байрақ - ашық көк кеңісім,

Алтын күн - белгісі жеңістің.

14-оқушы: Алтын күн көтерген ел құсы -

Халқымның батырлық белгісі!

Киелі көк байрақ астында

Иелі іс ұқсас тасқынға.

15-оқушы: Көк байрақ күш беріп әр істе,

Ерлерді жеткізген жеңіске,

Желбіреп тұр байтақ аймақта,

Елжірей қараймыз байраққа.

16-оқушы: Киелі байрақта аруақ, бақ:

Иеді басын ел ардақтап.

Көк туды қастерлеп, сүйіп те,

Көтеріп ұстаймыз биікке!

Қорытынды:

Оқушы: Туымыз-біздің еліміздің бейнесі, халқымыздың қасиеті, адамдарымыздың ар-ожданы. Туымызды қастерлеу - халқымызды қастерлеу. Әрқашан да әспеттеп, төбемізге көтеріп, тәлім алып, тәжім етеміз саған, қасиетті көк байрақ - Туымыз!

© 2010-2022