Доклад на тему Логикалық есептерді талдау арқылы шығару

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Логикалық есептерді талдау арқылы шешу



Жанділдақызы Ақниет 5«в» сынып оқушысы

№83 орта мектебі, Қызылорда облысы Арал қаласы

Жетекшісі: Енсепова Сара, І санатты математика пәнінің мұғалімі

№83 орта мектебі, Қызылорда облысы Арал қаласы.

Қазіргі таңда мектеп бағдарламасына бастауыш сыныптан бастап логикалық есептер, шығармашылық есептер енгізіліп отыр. Алайда оларды шешу тәсілдері мектеп бағдарламасында қарастырылмаған.

Логика дегеніміз - спортшыға да, бишіге де, жазушыға да керек. Өз атыңды, сезіміңді логикалық тұрғыда жеткізе білу де үлкен өнер.[№2, 2005 ж, Алгорифм журналы]

Ой - әрекетті дамыту үшін оқу материалдарына теориялық талдау жасауға, өз бетінше қорытындыға келуге айрықша мән беріледі. Логика өз бетімен, кітаппен жұмыс жасау оқу материалдарының қандай түрлерін есте сақтау керектігін білуге, өз бетінше білімді тәжірибеде пайдалану дағдысын арттыруға мүмкіндік береді.

Логикалық тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін жақсартады. Логикалық есептерді шығаруда шығармашылықпен жұмыс істеу әрбір оқушыға тиімді дер едім. Ең бастысы шығармашылықпен жұмыс істеген адамның өзіне және өз ісіне деген сенімі, жауапкершілігі артады, іскерлік дағдысы қалыптасады.

Логикалық есептерді шешіп үйрену, есеп шығаруды үйрену үшін ғана емес, кез - келген проблеманы шеше білуге, өз қабілетіңді жетілдіру үшін де

қажет.

Адамның ерекше қасиеттерінің бірі - есепті дұрыс шеше білу. Менің мақсатым - әр түрлі қиындықтағы есептерді дұрыс шығара білуге үйрену. Біздің заманымыз ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Сондықтан әрбір мектеп оқушысының алдында тұрған міндеті - қазіргі заманғы математикалық логиканың негізін түсіне білу, логикалық есептерді шеше білу. Математикалық логиканы білмейінше, оны ойдағыдай меңгеру қиын. Өйткені бүгінгі күні ғылым мен техниканың қарыштап дамуы ол адамның ойлау қабілетінің ең ірі жетістіктері болып табылуда.

Арнайы формуланы қолдануға келмейтін әрқайсысына өзінше талдау жасауды қажет ететін есептерді логикалық есептер дейміз. [№1, 2007 ж, математика және физика]

Логикалық есептердің саны да, шығару да тәсілдері де алуан түрлі. Математика ғылымында логикалық есептер бірнеше түрге бөлінеді, сол логикалық есептерді шешудің бір әдісіне тоқталайын.

Логикалық талдау - ең қарапайым әдіс болып табылады. Бұл әдіспен ең оңай логикалық есептер шығарылады. Оның идеясы есептің шарттарын біртіндеп қолдана отырып, шешу болатын ой тұжырымға келу болып табылады.

Мысалы: Төрт шәкірт қыз: Мәрзия, Нәзия, Орынша және Пернегүл спорт жарысына қатысып, алдыңғы төрт орынды алды (бірінші, екінші, үшінші, төртінші). «Қайсысың қандай орын алдыңдар?» деген сұраққа олардың үшеуі, ентігіп тұрып, мынадай жауап берді:

1)Орынша 2-ші болып, Пернегүл 3-ші болып келді,

2)Орынша 1-ші, Нәзия 2-ші,

3)Мәрзия 2-ші, Пернегүл 4-ші болып келді.

Бірақ бұл жауаптардың үшеуінің де бір бөлімі дұрыс, бір бөлімі қате еді. Осы төртеуінің қайсысы қандай орын алған?

Шешуі: Жауаптардың әрқайсысының бірінші бөлімін не екінші бөлімін дұрыс деп ұйғаруға болады. Болуға мүмкін жағдайларды қарастырып көрейік.

Орынша 2-болып келді делік. Бұлай ұйғарғанда екінші жауаптың «Орынша 1-болып келді» дегені қате болады да, «Нәзия 2-ші болып келді» дегені дұрыс болады. Бірақ бұл қайшылыққа ұшыратады, себебі ұйғауымыз бойынша Орынша екінші, қорытындымыз бойынша Нәзия екінші, ал екеуі де қатар екінші болып келуі мүмкін емес. Демек, Орыншаның екінші болып келуі бекер, сондықтан бірінші жауаптың дұрыс бөлімі «Пернегүл үшінші болып келді» болады. Өйткені шарт бойынша әрбір жауаптың бір бөлімі шын, бір бөлімі жалған. Сондықтан, Орыншаның екінші болып келуі жөніндегі пікір жалған болғанда, Пернегүлдің үшінші болып келуі жөніндегі пікір шын болады.

Егер Пернегүлдің үшінші болып келуі рас болса, онда үшінші жауаптың «Пернегүл төртінші болып келді» деген бөлімі бекер. Сондықтан үшінші жауаптың «Мәрзия 2-болып келді» деген бөлімі шын болды.

Мәрзияның 2-болып келуі рас болғанда екінші жауаптың «Нәзия екінші болып келді» деген бөлімі қате де (әрі Мәрзия, әрі Нәзия екеуі бірдей екінші бола алмайды), «Орынша 1-болып келді» деген бөлімі дұрыс болды. Сонда Нәзия 4-болып келген болды. Сөйтіп, жүлделі орындар былай бөлінген: Орынша - бірінші, Мәрзия - екінші, Пернегүл - үшінші, Нәзия - төртінші.

Тесттік логикалық есепті жауабын талдау арқылы шешуге болады. Мысалы. Екеуміздің жас қосындысы 63-ке тең. Мен сіздің қазіргі жасыңызда болған кезде сіздің жасыңыз менің қазіргі жасымнан екі есе кіші болатын еді. Қазір менің және сіздің жасымыз нешеде?

А) 36 және 27 В) 39 және 24 С) 35 және 28 D) 38 және 25 Е) 37 және 26

Шешімі: Екеуінің жастарының қосындысы 63-ке тең болғандықтан, жауаптардағы сандарды қосып шығамыз, барлығының қосындысы 63-ке тең. Енді есептің берілгеніндегі екінші сөйлем бойынша 5 жауаптың әрқайсысын талдаймыз. А) жауабынан бастайық.

36 санынан 27 санын азайтамыз, сонда 9 болады, яғни мен сіздің қазіргі жасыңызда болған кезде дегені 9 жыл бұрын деген сөз. Онда 27 жастағы адам 9 жыл бұрын 18-де болады (27 - 9 =18). Cонда 18 саны 36-дан 2 есе кіші болып шықты. Олай болса, бұл жауап есептің шартын толық қанағаттандырып тұр.

Жауабы: А) 36 және 27

Мысалы: 4262; 4532; 6232; 4562; 4232 сандарындағы цифрлар белгілі бір әріптермен белгіленген. 4532 сандық белгінің сөзін табыңыз.

А) жора В) жата С) жара D) тара Е) жота

Жауаптағы сөздердің бас әріптеріне қараймыз төрт сөз «ж» әрпінен басталып тұр, ал сандардың төртеуі «4» цифрынан басталып тұр олай болса, «4» цифрына «ж» әрпі сәйкес, сандардың бәрі «2» цифрынан аяқталып тұр, ал сөздер «а» әрпінен аяқталып тұр сондықтан «2» цифрына «а» әрпі сәйкес, осылайша талдап, 4532 санына жора сөзі сәйкес келетіні шығады.

Жауабы: А) жора

Қолданылған әдебиеттер:

1.Нагибин Ф.Ф., Математическая шкатулка, "Просвещение", 1988 ж.

2.Минскин Е.М., От игры к знаниям «Просвещение», 1982 ж.

3.Алгорифм журналы №2, 2005 ж

4.Математика тест жинағы 2015 ж


© 2010-2022