Краткосрочный план по математике на тему Десятичные дроби

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БЕКІТЕМІН

директордың м.а. Б.Касымова


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ жоспар


Күні: 25.02.2016 Пән: Математика Сынып: 5

Оқулық: Математика Баспа: «Атамұра», 2015

Оқулық авторлары: Т.А.Алдамұратова

Сабақтың тақырыбы: «Ондық бөлшектер» тарауын қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

  • Ондық бөлшектерге амалдар қолдана білу дағдыларын қалыптастырады;

  • 7 модульді қолдана отырып, алған білімдерін бекітеді, үйлестіреді, жүйелейді;

  • Тақырыптарға байланысты өз ойын айта білуге үйренеді;

  • Тарауды қайталау барысында оқытудағы жаңа-әдіс тәсілдерді оқушылар бойына сіңіреді. Халық педагогикасымен ұштастырады.

Дамытушылық:

  • Ойлау қабілеттерін дамытады;

  • Сөйлеу қабілеттерін дамытады;

  • Өз ойын анық, толық жеткізе білуге төселеді;

  • Сын тұрғысынан ойлауға дағдыланады;

  • Танымдықты дамытады.

Тәрбиелік:

  • Мәдениетті азамат ретінде қалыптасуға септігін тигізеді;

  • Бір-бірінің ойын тыңдап, сыйлауға үйренеді;

  • Өз бетімен еңбек етуге үйренеді;

  • Адалдыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелейді.

Сабақтың типі:

Қайталау сабағы.

Сабақтың түрі:

  • Саяхат сабақ

Оқыту әдісі:

  1. Диалог.

  2. Жұппен жұмыс; топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка



Сабақ барысы:


Уақыты

(мин)

Кезеңдер:

Мақсаты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Пайдаланылған көрнекіліктер және құралдар

Қолданылатын модуль

3

I.Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындау, сабақтың мақсат және міндеттерін анықтау.

Мұғалiмнiң оқушылармен сәлемдесуi. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу; кабинеттің және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру; сыныптың психологиялық жай-күйін анықтау (күн көзі, бұлт).

Әр оқушыға бағалау парағын таратады.

Орындарынан тұрып амандасады, кезекші оқушы сынып оқушыларының сабаққа қатысуы туралы мәлімет береді. Стикерлерді тақтадағы суретке жабыстыру арқылы көңіл-күйлерін көрсетеді.

Оқушылар мұғалім ұсынған бағалау критериийлерімен танысады. Сабақ барысының әр кезеңінде өзін - өзі бағалайды

Смайликтер;

слайд;

бағалау парағы

АКТ

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.



2





3



3

ІІ.Өткенді қайталау:

а)Үй тапсырмасын тексеру

ә)Теорияны еске түсіру

б)Топтарға бөліну

Ондық бөлшектерге арифметикалық амалдарды қолдана білуін анықтау. Қателерін жою.

Алдағы уақытта қандай тақырып өтетініміз туралы қысқаша мәлімет алады.

Үй жұмысына берілген есептің шешімдері күні бұрын слайдта жазылып қойылады (С деңгейінің есебі № 1301).


Кластер: «Жай бөлшек», «Ондық бөлшек» (содан кейін салыстырады).

Оқушыларға поездбен саяхатқа аттану үшін қандай вагон класына отырғызу мақсатында карточкалар үлестіреді.

Тақтадағы жауаптарға қарап оқушылар сағат тілі бағытымен дәптерлерін ауыстырып, бір-бірінің үй жұмысын тексереді. Бағалау критерийіне сәйкес бағаларын дәптерге және бағалау парағына қояды.

Әр оқушы тақтадағы кластерді толықтырады.

Әркім берілген тапсырманы орындайды. Орындау деңгейлеріне сәйкес үш топқа бөлініп отырады (1-тапсырма - көпшілік вагон; 1,2-тапсырма - жайлы вагон; 1,2,3-тапсырма - жұмсақ вагон).

Слайд;

бағалау парағы; постер; магнитті тақта; маркер; карточкалар; жетондар (қызыл жетон - жұмсақ, жасыл - жайлы, көк - көпшілік);

топ ережесі

АКТ

ТжД Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу Оүб және оқытуды бағалау.

3




5






5






4

ІІІ.Практикалық жұмыс (саяхатқа аттану)

Оқушылардың танымдық әрекеттерін ұйымдастырып, мақсатқа бағыттау.


Сергіту сәті

а)Ондық бөлшектерді салыстыруға тапсырма береді.

ә)Математикалық поезд «Ондық бөлшектерді қосу және азайту» бекетіне келіп тоқтады. Мұнда 5 минут аялдап, далаға шығып гүл тереміз. Блум түймедағы ұсынылады (қарапайымнан күрделіге дейін).

б)Қайтадан поездға отырайық!Біздің бет алып келе жатқан бағытымыз - Астана қаласы. Оған дейін әлі уақыт бар. Бізге жолсеріктер сергіту тапсырмалар дайындапты.

в)Тағы бір бекетке келіп тоқтадық. Мұнда үлкен той болып жатыр екен. Біз «Қыз қуу» ойынының үстінен түстік.

№ 1302 (1,2), 99 - бетте.

Топ мүшелері отырған орындарын қорғау үшін берілген тапсырманы жеке-жеке орындайды. Көмекке мұқтаж топ мүшесіне басқалары қол ұшын береді.

Блум түймедағының алты күлтешесінде 6 түрлі деңгейлік тапсырманы топ мүшелері бірігіп орындайды.

Интербелсенді тақтадағы тапсырманы ауызша орындайды.


Бір қыз бен бір ұл теңдеу шешуге берілген есепті тақтаға орындап, жарысады.

Үлестірмелі карточкалар; гүл-карточкалар;

бағалау парағы; оқулық

БжК

СТО, ТжД Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу Оүб және оқуды бағалау.

10










2

IV.Рефлексия.



Үйге тапсырма беру.

Алған білімді қысқаша қорытындылау; өз ойын нақты жеткізе білу дағдысын қалыптастыру.

Үйге берілген тапсырма арқылы оқушылардың ББД-н дамыту, нығайту, жаңа ББД алуға дайындау.

Біз Астана қаласына жеттік. Ендеше, қаланың әдемі жерлерін аралайық.

5 сұрақтан тұратын тест үлестіреді.

Орындап біткен соң мұғалім семантикалық карта арқылы неше балл алғандарын анықтайды (әр тапсырма 1 балл).

Үйге берілген тапсырманы хабарлау, оның орындау әдiстемесiн түсiндiру.

№ 1299 (98-бетте).

Әр оқушы магнитті тақтада ілулі тұрған қаланың әдемі жерлерінің бір-бір суреттерін таңдап алып, сол суреттің артқы бетіндегі тест тапсырмаларын оырндайды. Мұғалім тексеріп бергеннен кейін бағалау критерийіне қарап, тиісті бағаларын бағалау парағына қояды.


Оқушылар үйге берген тапсырманы күнделікке жазады. Сұрақтары болса қояды.

Бағалау парағы Семантикалық карта, Астана қаласының әдемі фотосуреттері ілінген магнитті тақта; интерактивті тақта, оқулық


СТО, АКТ

Оүб және оқытуды бағалау.

ТжД Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

5

V.Қорытындылау

Сабақтың мақсатына жеткенін анықтау. Келешекке жоспар құру.

Мұғалім бағалау парағын жинап алады.

Сабақтың өту барысында ескертулер болса атап өтеді.

Бағалау парақтарын мұғалімге жинап береді. Стикерлерге сабақтан алған әсерлерін жазып, таным ағашына ілу немесе жапондық әдіс - бас бармақ арқылы сабақ туралы ойларын жеткізу (уақыттың жету-жетпеуіне байланысты).

Стикерлер, таратпа материалдар, интерактивті тақта

ТжД

Оүб және оқытуды бағалау.

© 2010-2022