Квадрат теңдеулерді қайталау (8 сынып)

М. Горький орта мектебі         8 «А» сынып             КВАДРАТ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ҚАЙТАЛАУ           Пән мұғалімі: Бегасилова Динара Едылбайевна       2014-2015 оқу жылы Сабақ № 57                                                             мерзімі: 29.01.2014 Сабақтың тақырыбы:  Квадрат теңдеулерді қайталау   Сабақтың мақсаты:        1. Білімділік – квадрат теңдеу тақырыбынан алған білімдерін                                      пайдала отырып, квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді           ... Теңдеу x1 x2 x1+ x2 x1· x2 b c x2+x-2=0             x2-6x-16=0             x2+4x-32=0             x2-5x-14=0             x2-5x+6=0                  
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

М. Горький орта мектебі




8 «А» сынып







КВАДРАТ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ҚАЙТАЛАУ






Пән мұғалімі: Серикбаева Д.Е.



2013-2014 оқу жылы

Сабақ № 57 мерзімі: 29.01.2014

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулерді қайталау

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік - квадрат теңдеу тақырыбынан алған білімдерін

пайдала отырып, квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді

шешу тәсілдерін түсіндіру;

2. Тәрбиелік - оқушылардың өз бетінше есеп шығаруға, бір-бірінің білімін бағалай білуге, ізденуге, шығармашылық еңбек етуге үйрету;

3. Дамытушылық - оқушыларды ұқыптылыққа, сұрақтың жауабын нақты айтуға, өз білімін көрсетуге үйрету.

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақтың түрі: біліктілік пен дағдыны игеру және қалыптастыру

Сабақтың әдісі: практикалық және репродуктивтік әдіс

Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы: оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта

Оқушылар білуі тиіс:

  • квадрат теңдеудің түрлерін;

  • дискриминант ұғымын;

  • квадрат теңдеудің түбірін табуды

Оқушылар үйренуі тиіс:

  • квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешу тәсілдерін;

  • жаңа айнымалы еңгізу

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)

1. Сәлемдесу;

2. Оқушылардың сабаққа қатысуын, әзірлігін қадағалау.

ІІ. Оқушыларға өткен материалды ұғындыру үшін алдын-ала дайындық кезеңі.

(10 мин)

Құрметті қонақтар мен оқушылар! Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше де, қызықты математика еліне саяхат жасап, теңдеулер ауылының түбірлерін табу тақырыбына арналады. Ең алдымен, мен сіздерге осы сабаққа арналған теңдеулердің түбірлерін іздеудің «сабақ картасын» таратайын. Осы аталған картада біз бәріміз кезең-кезең бағытауыштарды өтудің арқасында, яғни сабақтың соңында өзіміздің бағамызды немесе қанша ұпай алғанымызды өзіміз есептеп аламыз. Ал, кәнекей балалар, сабағымызды бастайық. Іске сәт! (5 мин)

Бірінші кезең - «Өткенді ұмытпайық!» айдары, көріп отырғандарыңыздай, бұл жерде математика ғылымының термині жасырылған. Ал, бәріміз бірге осы терминді табайық. Сіздерге бір минуттай уақыт беріледі. Ал кім алғыр екен. Дұрыс айтасыңдар, дискриминант сөзі жасырылған. (4 мин)

Ал, балалар дискриминант терминін қалай түсінеміз?

Жауабы: Теңдеудің түбірі бар не жоқ болуы осы дискриминант деп аталады.

«Полиглот» балалар осы дискриминант сөзі латын тілінен «Discriminans» сөзінен орыс тілінде «разделяющий, различающий» яғни өзіміздің ана тілімізде «бөлу, бөліп жару» деген сөзді білдіреді. (1 мин)

ІІІ. Өтілетін сабақты түсіндіру кезеңі. (6 мин)

Осы уақытқа дейін біз «Квадрат теңдеулер» тарауынының барлық тақырыптарын өттік, сондықтан бүгінгі біздің сабағымыз осы тарауды қорытындылауға, түрлі-түрлі теңдеулердің түбірін табуға, оның тарихымен танысайық.

Ұлы ғалымдардың осы теңдеулер жайында айтылған пікірлерін тыңдап көрейік.

«Математика ғылымында теңдеулер ең маңызды және міндетті ұғымдарының бірі болып табылады» - дейді. Оливер Лодж - ағылшын физигі әрі математигі, ең алғаш радионың бір түрін ойлап тапқан екен.(1 мин)

А.Эйнштейн: «Мен өз уақытымды тек саясат пен теңдеулерді шешуге ғана бөлемін. Алайда, менің ойымша, теңдеулерді шешу өте маңызды, өйткені саясат осы мезетке ғана қажет, ал теңдеулер мәңгілік өмір сүреді.» Альберт Эйнштейн Германия елінің бір тума ғұламасы, теоретик-физик, физика саласынан 1921 жылы Нобель сыйлығының иегері екен. (1 мин)

Балалар, мына түрдегі өрнек қандай теңдеу және коэффициенттерін атаңдар.

29x² +x +2014 = 0, яғни a=29, b=1 және c=2014. Бәрекелді, ал енді кім айтады мына коэффициенттер нені білдіреді?-дұрыс бүгінгі күннің таңбасы екен. Ал бәріміз дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күн ретін жазамыз. Ортасына «Квадрат теңдеулерді қайталау» тақырыбын жазайық және таратылған картамызғада жазуды ұмытпайық. (2 мин)

Математикалық диктант - бәріміз дәптерге жауабын жазамыз, кейін бәріміз бірге тексереміз. Алған ұпайларыңды картаға жазыңдар. (1 мин)

Жауабы: 1. квадрат, 2. дискриминант, 3. келтірілген, 4. толымсыз, 5. биквадрат.

Сәйкесін табу - 1 минуттың ішінде сәйкесін табыңдар, алған ұпайларынды картаға жазыңдар. (1 мин) ауызша

ІV. Бекіту кезеңі (22 мин)

Толымсыз квадрат теңдеу түбірлерінің санын анықтау - дәптерге орындаңдар. жауабын бірге тексеріп, ұпай санын картаға жазыңдар. (5 мин)

Осы теңдеулердің қайсысы артық? - ауызша (2 мин)

Квадрат теңдеулердің түбірлерінің санын анықтау - дәптерге орындаңдар. жауабын бірге тексеріп, ұпай санын картаға жазыңдар. (5 мин)

Үндістандағы квадрат теңдеулер. - (5 мин)

Деңгейлік тапсырмалар -бұл кезеңді әрбір оқушы өзі таңдап, керек ұпайын картаға жазады.

V. Оқушылардың білімін бағалау (3 мин)

Ал, кәне балалар енді соңғы бағдаршаның ұпайын қосып, есептеп алған ұпайларынды кезек-кезек айтыңдар.

VІ. Рефлексия. Ал, балалар, баріміз тұрып мына жаттығуларды қайталап көрейік. (физминут). (1,5 мин)

VІІ. Үй тапсырмасын хабарлау және орындалуы бойынша нұсқау беру кезеңі.

(0,5 мин)

Теңдеу

x1

x2

x1+ x2

x1· x2

c

x2+x-2=0


x2-6x-16=0


x2+4x-32=0


x2-5x-14=0


x2-5x+6=0




© 2010-2022