Айнымалы және оларды түрлендіру. Теориялық тест. Математика 6 сынып

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Айнымалы және оларды түрлендіру. Теориялық тест.

  1. Орнына сан қоюға болатын әріпті қалай атаймыз?

  1. Белгісіз

  2. Түбір

  3. Айнымалы

  4. Әріпті өрнек

  1. Айнымалының орнына қойылатын санды қалай атаймыз?

  1. Айнымалының мәні

  2. Теңдеудің түбірі

  3. Өрнектің әріпі

  4. Белгісіз мүше

  1. Айнымалы шама ұғымы қашан пайда болды?

  1. 15 ғасырда

  2. 17 ғасырда

  3. 10 ғасырда

  4. 21 ғасырда

  1. Айнымалы шамасы ұғымын енгізген кім?

  1. Блез Паскаль

  2. Рене Декарт

  3. Аристотель

  4. Лейбниц

  1. Егер санды өрнектің мәні табылмаса онда қалай айтамыз?

  1. Санды өрнектің мәні болмауы мүмкін емес

  2. Санды өрнектің мағынасы жоқ

  3. Санды өрнектің шешімі жоқ

  4. Санды өрнек дұрыс құрастырылмаған

  1. Егер қандай да бір санды айнымалысы бар өрнекке қойғанда өрнектің мағынасы болмаса, онда ол санды қалай атаймыз?

  1. Мүмкін емес мәні

  2. Мүмкін мәні

  3. Өрнектің шешімі болмайтын мәні

  4. Теріс мәні

  1. Кез келген a, b, c сандары үшін ақиқат болатын өрнекті көрсет.

  1. c(a+b)=ca+b

  2. c(a+b)=ca+cb

  3. c(a+b)=a+cb

  4. c(a+b)=c+cb

  1. Жақшаны ашқанда қосылғыштардың таңбасы ауысады егер:

  1. Жақшаның алдында + тұрса

  2. Жақшаның алдында таңба болмаса

  3. Жақшаның алдында +- таңбалары түрса

  4. Жақшаның алдында - таңбасы түрса


  1. Ортақ көбейткіші жақшаның сыртына шығарылған өрнекті көрсет.

  1. 34kxz+17yxz-68pzx=17x(2kz+yz-4pz)

  2. 34kxz+17yxz-68pzx=xz(34k+17y-68p)

  3. 34kxz+17yxz-68pzx=17xz(2k+y-4p)

  4. 34kxz+17yxz-68pzx=17x(2kz+yz-4pz)

  1. Әріпті өрнектің алдында тұрған сан қалай аталады?

  1. Цифр

  2. Коэффициент

  3. Сан

  4. Дұрыс жауабы жоқ

  1. Қосылғыштар ұқсас деп аталады егер:

  1. Сандық көбейткіші бірдей болса

  2. Сандық және әріптік көбейткіші бірдей болса

  3. Әріптік көбейткіші бірдей болса

  4. Дұрыс жауабы жоқ

  1. Өрнекті ықшамдау дегеніміз не?

  1. Ұқсас мүшелерін көбейту

  2. Ұқсас мүшелерін қосу

  3. Ұқсас мүшелерін азайту

  4. Ұқсас мүшелерін бөлу

  1. Ұқсас мүшелерін қосу дегеніміз:

  1. Ұқсас мүшелердің әріптік көбейткіштерін санау

  2. Ұқсас мүшелердің сандық және әріптік көбейткіштерін қосу

  3. Ұқсас мүшелердің коэффициенттерін қосу

  4. Ұқсас мүшелердің коэффициенттерін көбейту

  1. Тепе-тең өрнектІ көрсет.

  1. a+b=5a+5b

  2. a+b=b+a

  3. ab=ba

  4. 5ab=5a5b

  1. Қандай жағдайда өрнек тепе - тең деп болады?

  1. x+y=y+x

  2. xy=yx

  3. (x+y)+z=x+(y+z)

  4. (xy)z=(yz)x

  5. (x+y)z=xz+yz



© 2010-2022