Математиканы оқыту барысында оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш селосы

Қайназар орта мектебі № 1



Математиканы оқыту барысында оқушылардың шығармашылық ойлау қабылеттерін дамыту



/шығармашылық есеп/






Алматы-2016 ж

ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру -үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер». Әр бір ұстаздың өмірдегі алдына қойған мақсаты-баланы субьект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабылетін арттыратын жағдай туғызу, ойлау дағдыларын жетілдіру.

Оқушы танымдылығын дамытуда математика сабақтарында дидактикалық ойындардың атқаратын ролі ерекше. Ол оқушылардың қызығушылығымен қатар, оқушыларды белсенділікке, тез ойлау, ауызша есептеулерге, логикалық ойлау қабылетін арттыруда ерекше маңызы зор. «Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты», - деп В.А. Сухомлинский айтқандай, ойын ақылды, ойды, алғырлықты дамытады.

Ойынсыз ақыл-ойдың дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Математикалық ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі. Сабақта ойын элементтерін қолданудағы мақсат-оқушылыардың дүние танымдарын кеңейту және жеке қабылеттерін көре біліп, оны дамытуға толық мүмкіндік туғызу, қабылетіне қарай шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтандыру, бойындағы қасиетіне қарай ізденуге жол көрсету, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінген ләззат алуға мүмкіндік береді.

Ойын барысында оқушылар өзара пікір алмасады, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалар тежелмей, өз білімдерін көрсетіп, алға ұмтылуына мүмкіндік береді.

Ойын сабақтарында берілетін тапсырмаларды қарапайымнан бастап, біртіндеп қиындатып, оқушылардың танымдық қызметін белсенді етуге назар аударып отыру керек. Сабақта алған білім дағдысын ойлау барысында қолдану мүмкіндігі оқушылардың зор ынтасын тудырады; білгенін тереңдетіп, жаңа іс-қимылға жетелейді. Белсенді емес оқушылар жолдастарын кейін тартпау үшін, жанын салады. Жалпы, ойындарды қайталау сабақтарында да, сынақ сабақтарында да ұйымдастыруға болады.

Оқушылардың математика сабағына қызығушылығын арттырып, белсенді жұмыс істеуін, тез ойлау қабылетін арттыруда дидактикалық ойындар, логикалық ойындар, қазақтың ұлттық ойындарының орыны ерекше. Математиканың сан алуан сырын, сандар әлемінің қызық құбылысын ойын элементтерімен өрнектеген сабақ қызықты әрі ұтымды деп ойлаймын.

Сабақта ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ білім беру қызметін ғана емес тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұндай сабақтардың өтілуі кезінде оқушылардың бір-бірімен сөйлесу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімі оянады, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады.

Математика сабақтарында халық ойындарын дидактикалық материал ретінде тиімді қолданып отыру өте тиімді. Олар :

«Ақсүйек» ойыны. Мақсаты: кестедегі белгісіз санды табу. Теңдеу шешу арқылы жасырынған санды табу.

«Бәйге» ойыны. Мақсаты: жазылған сандар кестесіндегі сандарды тез тауып, санап шығу. Сол арқылы өзіміздің байқампаздығымызды байқау, көз зердесін қалыптастыру.

«Жамбы» ату. Мақсаты: оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге жаттықтыру. Теңдеу шешуді орындау, жылдам есептеу дағдыларын қалыптастыру. Осы есеп жазылған карточканың сыртында «санға байланысты» салт-дәстүріміздің кейбір қасиеттері, «Атадан қалған асыл сөздер» бар, соның мазмұнын түсіндіріп, талдап беру.

«Қазақша күрес»-өзара математикадан сұрақ қою арқылы жарысқа түсу.

«Ақ серек, көк серек» ойыны. Мақсаты: ауызша және жазбаша тез есептеуге дағдыландыру. Өзара сұрақ қойып, жауап беруге, жауапкершіліктерін арттыруға тәрбиелеу.

«Көрші, көрші» ойыны. Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабылетін дамыту, жаңылтпаштар, жұмбақтар айтуға, дағдыландыру.

Сабақтарда дидактикалық материал ретінде мына ойын түрлерін жиі қолдануға болады: «Математиканы оқыту барысында оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту», «Ойлан, тап», «Тез есепте», «Алгоритм» ойындары, математикалық эстафеталар, викториналар, сөзжұмбақтар, ребустар. Мұндай ойындар өткізу арқылы қай оқушының тақырыпты меңгере алмағанын және қай жерден үнемі қате жіберетінін оңай-ақ аңғаруға болады. Сонымен бірге, «Математикалық домино» ойынын да пайдаланамын. Әрбір карточка екіге бөлініп, біреуінде сұрақ, екіншісінде басқа сұрақтың жауабы жазылады. Оқушылардың міндеті сұраққа жауапты дұрыс , карточкаларды дұрыс құрастыру. Егер тапсырма дұрыс орындалса, карточканың екінші жағында белгілі бір сурет немесе мақал-мәтел шығуы керек.

Алға қойған талаптарымыздың бірі-шығармашылық адамын тәрбиелеу. Оны қалыптастыру процесі мектепте басталады. Шығармашылық дегеніміз-оқушылардың даралық бейімділіктері мен қабылеттерінің көрінуі. Ал бейімділік-бұл адамның белгілі бір іс-әрекет пен айналысуға бет бұрысы, оған көңіл аууы, оянып келе жатқан қабылеттің алғашқы белгісі. Сондықтан балалық кезде көзге түсетін бейімділіктердің келешекте олардың қабылет көрсеткіштері екенін ұмытпағанымыз жөн. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Баланың қабылеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым оның қабылеті толық ашылуы мүмкін. Егер бала бойындағы қабылетті мұғалім байқамаса, ол бала басқа оқушылармен бірдей болып қалады. Сондықтан қабылеттің дамуына түрткі бола білу керек. Ең маңыздысы, қабылетті оқушыны зеріктіріп алмау қажет.

Білім сапасын арттырып, бала қабылетін дамытуда оқушыларға қойылатын талап деңгейі бара-бара күрделене түседі. Өзім жүргізетін сабақтарда оқушыларға үш түрлі деңгейде тапсырма беремін. Бұл тапсырмалар бойынша 1,2-деңгейлерге оқушылар түгел жауап беруі тиіс. 3-деңгейді орындайтын оқушылар біртіндеп дараланып шыға бастайды.

Осылайша оқушы бойындағы өзі байқаса да, зейін қоймайтын жеке ерекшелігін өзіне таныту, дарынын ашу, математикалық қабылетінің дамуына жан-жақты жағдай жасау-мұғалімнің міндеті.

Жалпы қорытындылай келе, мектеп оқушыларына математика сабағында ойын-тиімді тәсіл екендігіне көз жеткіздім. Ойынның оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруға әсері мол болады деген сенімдемін.

Педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабылетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Оқу ойыны - бұл ойын арқылы ұйымдастыру. Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұрлым аз шарашайды, оқу қызметінен көбінесе жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады.

Бүгінгі таңда оқушы біліміне қойылатын талап өте жоғары. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін бағдарлама бойынша тиісті білімді беру жеткіліксіз. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, қабылеттерін ерекшелеуде, білімдерін нығайтуға математикалық ойындардың атқарар ролі өте зор екенін көрсетеді.

Сонымен математика сабағында ойынның ерекше екендігіне көз жеткізе отырып, мынадай қорытындыға келеміз:

  1. Математика сабағындағы ойын технологиясының пайдасы қазіргі математиканы терең меңгеруге, жаңа тәсілдерді қолдануға мүмкідік береді;

  2. Қызықты тапсырмалар мен жаттығулар түрлері білімді меңгерумен қатар, оқушылардың танымдық, интеллектуалдық,шығармашылық қабылеттерін арттырады;

  3. Оқушылардың ойлау қабылетін күшейтеді, күрделендіреді, соның әсерінен ойлау жүйесін дамытады;

  4. Оқушылардың алған білімдерін тереңдетеді, сабақтың сапасын жақсартады;

  5. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі артады.


© 2010-2022