Арифметикалық прогрессия - тақырыбына қысқа мерзімді жоспар

При проведении данного урока используются задания для работы с интерактивной доской. Составлено флипчарты, позволяющих закрепить ранее полученные знания, а также расширить их. Имеются задания для детей с повышенной мотивацией. Учащиеся с большим удовольствием работают с интерактивной доской. Такие уроки способствуют развитию интереса к предмету, а также познавательной активности учащихся с разным уровнем знаний.
Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«АРИФМЕТИКАЛЫҚ ПРОГРЕССЯ» ТАҚЫРЫБЫНА ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сейтенова Анар Газизовна

Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп

Жас жеткіншектерге білім беру үрдісінің бірі де бірегейі сабақ жүйесі болып табылады. Сабақ - күрделі де психологиялық және дидактикалық үрдіс, сондықтан онда оқушылармен мұғалімдердің өзара педагогикалық қарым - қатынас жасауы, яғни білім беруі мен бірлесе отырып жұмыс істеуді талап етеді. 2013 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қазақстан Республикасы ББЖҒ- ПҚБАИ базасында оқыған 2 деңгейлік курс кезеңінен енді білім беруді, өзімді, сосын оқушыларымды, басқа әріптестерімді, тіпті ата-ананы да өзгерту керек екендігін ұғындым. Сабақта жаңа тәсілмен оқыту қиын болғанымен математика сабақтарында қолдану нәтижесін көрсететінін байқадым: 1) оқушылар реттелуге бағытталады; 2) сабақта барлық оқушылар қамтылады; 3) топтық талдау арқылы жаңа материал жақсы меңгеріледі; 4) оқушылар өз білімі үшін жауапкершілікті түсіне бастады. Сабақта «Сәйкестендіру», «Кубизм », «Вен диаграммасы» , «Блум түймедағы» және тағы басқа сын тұрғысынан ойлау стратегиялары қолданылады. Бұл стратегиялар оқушылардың білімін саралайды, шығармашылығын дамытады, тақырыптың өмірмен байланысына көз жеткізеді, логикалық ойлауын және ізденісін қалыптастыруға және оқушылардың терең ойлануларына септігін тигізетініне көзім жетті. Бұл әдістердің артықшылығы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, өз ойын еркін жеткізуге, шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасайды, оларды бірігіп жұмыс істеуінае, бірлікке, ұжымдыққа тәрбиелейді. Сонымен қатар оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту нәтижесі ретінде белгіленген түрлерін (басқарушылық, ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік, тұлғалық, азаматтық, технологиялық) іске асыруда мол септігі бар екеніне көзім жетті. «Оқытуды тәжірибесіз жүргізу нәтижесіз болуы ғажап емес, ал тәжірибені оқусыз жүргізу - қауіпті» Кун Фу Сзы (Конфуций) дегеннен өзіме мынадай қорытынды түйдім: қай қайсымыз болсақ та, үнемі жаңашылдыққа ұмтылып, ізденісте болуымыз керек дегім келеді және осы сөзді әрдайым жадымда сақтаймын деп ойлаймын.

Сынып

9

Сабақтың тақырыбы

«Арифметикалық прогрессия» - тарауына есептер шығару

Сабақтың мақсаты (үш мақсат)

  • Тақырып бойынша теориялық білімдерін қорытындылау, формулаларды пайдаланып арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесін және алғашқы n мүшелерінің қосындысын табу дағдыларын дамыту;

  • Пәнге қызығушылықтарын арттыру, математика мен айналадағы өмірмен байланысын көруді үйрету, математика тілінде сауатты сөйлеуді үйрету;

  • Оқушылардың белсенділігін, ынтасы мен жауапкершілігін арттыру, намысын қорғауға баулу; сыныптастарын сыйлауға тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері

Қиындығы жоғары есептерді шығара білуі

Оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлау, топтық

Түйінді идеялар.

Теория мен практиканы ұштастыра отырып, алған білімнің болашақта пайдалы болған жағдайда ғана, яғни практиканы өмірде қолданған жағдайда тиімділігіне көз жеткізу.

Жаттығулар

Дидактикалық материалдар, карточкалар, деңгейлік тапсырмалар

Ресурстар

Оқулық, есептер жинағы, постер

Ой қозғау сұрақтары жазылған үлестірме қағаздары

Флипчарттар

Қамтылған модульдер

СТО, Топтық, АКТ, Сыни тұрғыда бағалау

Сілтеме

Білім стандарты , сабақ жоспары ,оқулық

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс -әрекеті

Әрекеттер

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

І.Оқушыларға психологиялық ақуал туғызу.

Сәлемдесу

Сыныпты топқа бөлу: І топ: Жемістер, ІІ топ: Гүлдер

ІІІ топ: Автокөлік түрлері

Оқушылар топтарға бөлінеді

ІІ. Тірек ұғымдарды қайталау:

1. «Кубизм» стратегиясы арқылы:

1. Тізбек және оның берілу тәсілдері
2.Арифметикалық прогрессия анықтамасын айтып, мысал келтір
3.Қандай санды арифметикалық прогрессияның айырымы деп атайтынымызды түсіндір
4.Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын тұжырымда
5.Арифметикалық прогрессияның өзіне тән қасиеті

6. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің қосындысының формуласын тұжырымда

2. Теориялық білімдерін постер арқылы қорғау

Топтар бойынша сұрақтарға кезектесіп жауап береді.

ІІІ. Топтық жұмыс:

1. Есептер шығару



2. Өмірмен байланысты есептер:

І топқа берілетін тапсырма

1) Арифметикалық прогрессияның а9 мүшесін табыңдар: 0,2; 1;

2) Арифметикалық прогрессияның алғашқы 10 мүшесінің қосындысын есептеңдер 10; 8;

ІІ топқа берілетін тапсырма

1) Арифметикалық прогрессияның а9 мүшесін табыңдар: 1; -1; ...

2) Арифметикалық прогрессияның алғашқы бес мүшесінің қосындысын табыңдар а1= -10; d= 2;

ІІІ топқа берілетін тапсырма

1) Арифметикалық прогрессияның а9 мүшесін табыңдар: -23; -19; ...

2) Егер хn= 2n+1 болса, онда { хn } тізбегінің алғашқы жүз мүшесінің қосындысын табыңдар.

Есеп №1. Екі практикант 204 м2 плитаны төсеуі керек. Өздеріне күнделікті тәжірибе жинақтай келе практиканттар екінші күннен бастап әр күнде алдыңғысына қарағанда 2 м2 артық плита төседі. Артығымен қалған плиталар оларға 7 күнге дәл жетті. Еңбек өнімділігін арттыруды жоспарлаған мастер олардың осы жұмысты аяқтауы үшін тағы да 5 күн керектігін анықтады. Сонда олар алғашқы күні қанша м2 плиталар төсеген?

Есеп № 2. Ауа ваннасын қабылдауды бірінші күні 15 мин бастайды және оны қабылдауды әр күн сайын 10 минутқа арттырып отырады.

Ауа ваннасын қабылдаудың ұзақтығы 1 сағ 45 минут болу үшін неше күн аталған режимде қабылдау керек?

Есеп № 3. Бөренелерді сақтау үшін төмендегі суретте бейнеленгендей қатарлайды. Егер астынғы қабатында 12 бөрене қатарланса, онда әр қалауда неше бөрене бар?


Топпен өзара орындап, флипчартта, тақтада дәлелдейді

ІV. Білімді қорытындылау:

1. Біліміңді тексер.

2. «Блум түймедағы»

Деңгейлік тапсырмалар:

«А» деңгейі: Теңдеуді шеш: 2+5+8+ ....+х = 155

«Б» деңгейі: a1 + a6 = 26, a2 + a3 = 18 болса, онда арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесін тап.

«В» деңгейі: а1=-5 , d=3 болатын арифметикалық прогрессияның алғашқы он екі мүшесінің қосындысын тап.

  1. Қарапайым сұрақ: Прогрессия деген сөзі нені білдіреді?

  2. Нақтылау сұрағы: Арифметикалық прогрессия формулаларын есептер шығаруда қолдана аласың ба?

  3. Түсіндірмелі сұрақ: Арифметикалық прогрессия қай кезде өспелі, қай кезде кемімелі болады?

  4. Шығармашылық сұрақ: «Арифметикалық прогрессия өмірде» тақырыбында эссе жазу.

  5. Бағалау сұрақтары: Бүгінгі сабақта не жақсы, не жаман болды?

  6. Практикалық сұрақ: Берілген сурет бойынша прогрессия құрастыр

Әр оқушы өз таңдаулары бойынша деңгейлік тапсырмалар орындайды.

5.Үйге тапсырмасын беру.

Үйге: № 356, 358. Эссе жазу: «Прогрессия біздің өмірде»

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу.

6.Бағалау.

Өлшемді және жиынтық бағалау.

Өзін -өзі өлшемді бағалау

7.Рефлексия

Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазу.






© 2010-2022