Урок: Теріс сандарды қосу 6 сынып

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Математика
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Теріс сандарды қосу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:

а) Теріс сандарды қосу алгоритмін білу
ә) Теріс сандарды қосып үйренудегі дағдыларын жетілдіру .
б) Білімділікке, белсенділікке, өз бетінше жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, ізденуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: білім шыңына шығу сабағы
Сабақтың типі: жаңа білім меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, есептер шығарту, CТО (Блум таксономиясы), топтастыру, топпен жұмыс, ойын технологиясының элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, карточкалар, постермен жұмыс
Пәнаралық байланыс: геометрия

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасып, сабақ өтетін орынның дайындығын, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушыларды топқа бөлу. Әр топ өз ұранымен таныстырады:

«Болашақ» - дарындылар тобы: «Бәйтерек» - тапқырлар тобы

Болашақтың ұрпағымыз бүгінгі, Тапқырлық таныту мақсатымыз

Көрсетпекпіз сайыста тапқырлық пен білімді. Біліммен шықсын біздің жақсы атымыз

Бүгін мына баспалдақтар арқылы білім шыңына шығасыздар. Ендеше, іске сәт! Білім шыңына сүрінбей жетулеріңізге тілектеспін.

І баспалдақ: «Білу»

А) Үй тапсырмасын пысықтау:

«Күннің шуағы» ойыны арқылы теориялық материалды қайталау.

Ойынның шарты: Бұлттардың ішінде сұрақтар жасырылған. Сұрақтарды рет- ретімен ашу арқылы оларға жауап беру қажет.

Сұрақтар:

  1. Нүкте координаталық түзу бойымен оң бағытта жылжыса, оның координатасы қалай өзгереді? Теріс бағытта жылжыса ше?

  2. а санын в санына қосуды қалай түсінесің?

  3. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?

  4. Ауызша мысалдар орындау.

Ә) Жаңа сабаққа кіріспе:

«Тез есептей білеміз бе?» ойыны

Әр топқа карточка бойынша есептер беріледі.

І топ есептері

Урок: Теріс сандарды қосу 6 сынып Е Урок: Теріс сандарды қосу 6 сынып С

Урок: Теріс сандарды қосу 6 сынып І Урок: Теріс сандарды қосу 6 сынып Т

Урок: Теріс сандарды қосу 6 сынып Р

Урок: Теріс сандарды қосу 6 сынып

Урок: Теріс сандарды қосу 6 сынып

Урок: Теріс сандарды қосу 6 сынып

Урок: Теріс сандарды қосу 6 сынып

Урок: Теріс сандарды қосу 6 сынып

т

Е

р

І

с


ІІ топ есептері

Урок: Теріс сандарды қосу 6 сынып А Урок: Теріс сандарды қосу 6 сынып Н

Урок: Теріс сандарды қосу 6 сынып А Урок: Теріс сандарды қосу 6 сынып С

Урок: Теріс сандарды қосу 6 сынып Д Урок: Теріс сандарды қосу 6 сынып Р

Урок: Теріс сандарды қосу 6 сынып

Урок: Теріс сандарды қосу 6 сынып

Урок: Теріс сандарды қосу 6 сынып

Урок: Теріс сандарды қосу 6 сынып

Урок: Теріс сандарды қосу 6 сынып

Урок: Теріс сандарды қосу 6 сынып

с

а

н

д

а

Р

ІІ баспалдақ «Түсіну»

Жаңа сабақты меңгерту.
Мысал. Түсте ауаның температурасы - 3 0С болды, кешке - 4 0С - қа өзгерді. Кешке ауаның температурасы неше градус болды? температурасын табу үшін - 3 санына - 4 санын қосу керек.- 3+(- 4)= - 7

Екі теріс санды қосу үшін:
1. Қосылғыштардың модулдерін қосу керек;
2. Шыққан санның алдына минус (-) таңбасын қою керек.
Екі теріс санның қосындысы - теріс сан.
Мысалдар:- 8+(- 5)=- 13
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті: а+в=в+а
Қосудың терімділік қасиеті:(а+в)+с=а+(в+с)
- 2+(- 3) =- 3+(- 2) =-5
(- 5+(- 6))+(- 7) =- 5+((- 6)+(- 7))=- 18


ІІІ баспалдақ « Қолдану»
Деңгейлік тапсырмалар орындау:
"А"деңгейі № 439 (1,3) есеп I - топқа
№ 439 (2,4) есеп II - топқа


"В" деңгейі
I - топқа № 448 (2,4) есеп
II - топқа № 448 (1,3) есеп


«С» деңгейі
№ 456 есеп

Сергіту алаңы:

Мына фигурадағы сандарды жаңылыспай сану керек, жоқ санды табу керек.

2,3,4,5,6,8,11,18,25,32,39,53

IV баспалдақ «Талдау»

Жаңа сабақты бекіту

Топ мүшелері кезектесе отырып, «тізбек» есептерді шығарып, «Талдау» шыңына өрлейді.

V баспалдақ. «Жинақтау»

Сабақты қорытындылау

«Сыр сандықтың құпиясы»: (сандықшадағы сұрақтарға жауап беру)
1 сұрақ

Басынан аяғына төңкеріле жазылған түрінде оқығанда өзгермейтін қандай сандарды білесіңдер? (69,619,88)

2 сұрақ

Электр поезы шығыстан батысқа қарай жүріп келе жатты. Ол сағатына 60 километр шапшандықпен жол жүрді. Сол бағытта шығыстан батысқа қарай жел соғып тұрды. Бірақ оның шапшандығы сағатына 50км. Жел поездың түтінін қай жаққа қарай айдап әкетеді? (элек. поезд. түтін болмайды.)

3 сұраққа. Жұмбақтар.

Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан жағыңы қарамай? (Натурал сан)

4 сұрақ. Жұмбақ.

Бүтін, бөлшек бөліктерден

Үтір айырып тұрады,

Осы санның кім біледі

Аты қандай болады? (ондық бөлшек)

  1. Футбол ойынында Ордабасы командасы бірінші тайымда өз қақпасына екі доп жіберіп алды. Ал, екінші тайымда бір доп жіберіп алды. Нәтижесінде қанша болды? (-3)

  2. Ауа температурасы түсте үш градус суық еді. Ал, түстен кейін тағы бес градусқа төмендеді. Нәтижесінде қанша градус? (-8)

  3. Сүңуір қайық 10 м ереңдікте болатын. Кейін тағы 5 м тереңдікке батты. Жалпы қанша метр тереңдікте болады?

-10м + (-5м)= -15м

  1. Сатушы бірінші күні 500 теңге шығынға тағы ұшырады. Ал, екінші күні 210 теңге шығынға тағы ұшырады. Екі күнде қанша теңге шығын болды?

Сұрақтың жауаптарын өрнек түрінде жазып, нәтижесін шығарып айту керек.

-500+(-210)=-710


VI «Бағалау» Рефлексия.

- «Плюс, минус, қызықты»
«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
«Минус» - "қолымнан келмей жатыр" немесе " түсініксіз болып тұр " деген ойларын жазады.
«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.


Бағалау: Оқушыларды біліміне қарай бағалау (фишкаларды жинау)

Оқушылардың бағалау мониторингісі жасалынады. Осы мониторинг бойынша оларды бағалаймын. Оқушылар бағалау рейтингісі мен жинаған ұпайларына қарап, өздерін бағалайды.


Үйге тапсырма: № 443, 444 есептер шығару


© 2010-2022