- Преподавателю
- Математика
- Сыныптан тыс шара Математикалық тартыс
Сыныптан тыс шара Математикалық тартыс
Раздел | Математика |
Класс | - |
Тип | Конспекты |
Автор | Есетова Д.Т. |
Дата | 24.10.2015 |
Формат | doc |
Изображения | Есть |
Ақырап негізгі мектебі
Тақырыбы:
«Математикалық тартыс»
( «Математика ой - жұмбақтар сыры » атты математика пәнінің апталығы)
Пән мұғалімдері: Есетова Дарига Темирбековна
2014-2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Математикалық тартыс (сыныптан тыс)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: 7 сыныпта өтілген материалды қайталау
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін,
шығармашылық белсенділігін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: өз бетімен танып білуге, ұжыммен бірге жұмыс істеуге
дағдыландыру және олардың ынтасын, жауапкершілігін арттыру
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, үлестірмелер, нақыл сөздер.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп,олардың зейінін сабаққа аудару.
Сабақтың мақсаты мен барысын түсіндіру.
Елбасымыз Н. Ә Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруінде білім сапасы жоғары, денсаулығы мықты,еліміздің әл-ауқаты үшін қызмет жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отыр.
«Біздің түпкілікті мақсатымыз - интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру» Н. Ә. Назарбаев
Оқушыларды екі топқа бөлу: «Дарын», «Қабілет»
Ойын бағдарламасы:
-
Есіңе сақта!
-
Жорға
-
Тіл өнері
-
Адасқан әріптер
-
Қатесін тап!
-
Логикалық лабиринт
І бөлім: «Есіңе сақта!»
Тақтада көрсетілген түрлі суреттерді еске түсіріп, аттарын жазу қажет (1 минут)
Дұрыс және толық жазған топқа 10 ұпай қойылады
ІІ бөлім: «Жорға»
«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып, ойынымыздың «Жорға» ІІ бөлімінде әрбір топқа сұрақтар қойылады. Жылдам, тез жауап беруі қажет. (Әр дұрыс жауап 10 ұпай)
«Дарын» тобына
-
Шеңбер бойындағы кез - келген нүктені центрмен қосатын кесінді (радиус)
-
Ортақ бөлгіші 1-ге тең сан. (өзара жай сан)
-
Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (бұрыс бөлшек)
-
Нәрселерді санағанда қолданылатын сан. (натурал сан)
-
369 саны 3-ке бөліне ме? (иә)
-
Қабырғасы 1- ге тең квадраттың ауданы неге тең (1)
-
Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады? (аксиома)
-
Бағытталған кесінді (вектор)
-
Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады? (шеңбер)
-
ОХ осі қалай аталады? (абсцисса)
«Қабілет» тобына
-
Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. (диаметр)
-
Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (өзара кері)
-
640 саны 5 -ке бөліне ме? (иә)
-
Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрыс бөлшек)
-
Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)
-
Дәлелденетін тұжырым не деп аталады? (теорема)
-
Жазыңқы бұрыш шамасы нешеге тең? (180 градус)
-
Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы нешеге тең не пи - дің мәні нешеге тең? (3,14)
-
Биссектрисалары өзара перпендикуляр болатын төртбұрыш (шаршы, ромб)
-
ОУ осі қалай аталады? (ордината)
ІІІ. бөлім «Тіл - өнері»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізеді.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер - дей келе «Тіл-өнері» деп аталатын ІІ бөлімде жұмбақты тауып, орысшаға, ағылшыншаға аударыңыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай.
-
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш, линейка, a ruler)
-
Ел құлағы нешеу?
(елу, пятьдесят, fifty)
-
Отыз тістен шыққан сөз-неше рулы елге тарайды?
Отыз, тридцать, sooty
-
Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. Тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады?
Он екі, двенадцать, twelve
IV. бөлім
«Адасқан әріптер»
Апрцетяи - трапеция
Еңшбре- шеңбер
Шұбршүы - үшбұрыш
Трұбышрет - төртбұрыш
Рвадкат - квадрат
V. бөлім
«Қатесін тап!»
Оқушылар жіберілген қателерді тауып, дұрыстап жазып көрсету қажет
-
аm × an = am-n
-
аm : an = am+ n
-
a0 = 0
-
(a×b)n = abn
-
a-n = 1/ a-n
-
3 5= 729 (243)
-
25 2 = 225 (625)
-
6 3 = 343 (216)
VІ бөлім: «Логикалық лобиринт»
-
Келесі сан қандай?
18 10 6 4 ?
2. Келесі сандар қандай?
1 4 5 ?
2 3 6 ?
Қорытындылау:
Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз - дей отырып, жеңімпаз топты анықтай үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін берейік.
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет!