- Преподавателю
- Математика
- Сабақ жоспары 6 сынып Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу
Сабақ жоспары 6 сынып Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу
Раздел | Математика |
Класс | 6 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Кожахметова А.Б. |
Дата | 18.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Сабақтың тақырыбы:«Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу»
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу ережелерімен таныстыру және ережелерді пайдаланып есептер шығаруда теңсіздік шешімдерінің жиынын сан аралығымен жазып дағдылану.
Дамытушылық: Ой өрісін кеңейте отырып,өз беттерінше еңбектену белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке,ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, тез ойлап дәл таба білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру , сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызбалар,үлестірмелі карточкалар,интерактивті тақта
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сабақтың мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы ұстанымымыз;
Білімге жетелейтін үш жол бар;
Еліктеу жолы -ең жеңіл жол,
Ойлау жолы- ең игілікті жол,
Тәжірибе жолы - ең қиын ащы жол. (Конфуций)
Олай болса, біз сабақ барысында әрқайсымыз өзіміз таңдаған жолмен жұмыс жүргізейік.
-
Үй тапсырмасын тексеру. а) Ой қозғау. (Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру)
-
Қандай сан аралықтарын білесіңдер?
-
Қандай сан аралығы интервал деп аталады ?
-
Қандай сан аралығы кесінді деп аталады ?
-
х≤ 5 немесе х≥ 8 теңсіздіктерінің шешімдері нені білдіреді ?
ә) «Көрнекілік стратегиясы » Берілген сан аралығының тиісті аттарын жазып кестені толтырыңдар.
Сан аралығыныңбелгіленуі
(-4; 5)
[2; +∞)
[1;6]
(-∞;-3)
Сан аралығыныңаты
Сан аралығының координаталық сәуледегі кескіні
б) Ой толғау. Сәйкесін тап
х ≥ 3 (-∞;- 5 ]
х < 7 [ -8; 5]
х ≤ -5 [3; +∞ )
-8 ≤ х ≤ 5 ( -2; 0 ]
-2 < х ≤ 0 (-∞; 7 )
III. Жаңа сабақ
а ) Ахуал туғызу
Сұрақ : Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз не ?
-
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді қалай шешеміз ?
3х - 15 = х + 3
-
Теңдеу мен теңсіздіктің айырмашылығы қандай ?
ах > в, ах < в, ах ≥ в, ах ≤ в - бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер
ә) Алдын ала даярлық тапсырмасын оқушылармен бірге талдау.
4х - 5 < 3х + 1
4х - 3х < 1 + 5
х < 6
Жауабы: х < 6 немесе ( -∞ ; 6 )
Өз беттерінше екінші тапсырманы орындау. 3х + 7 > х + 15
Мысалы: 4 ( х -3 ) + 5х ≥ 3х және х/2 -5х/3 > 7
Сұрақ: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті қалай шешеміз ?
( Оқушылардың өз ойларын қорытындылату )
Бір айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу үшін:
-
Теңсіздіктің анықталу аймағы өзгермейтіндей етіп, оның бір жақ бөлігін немесе екі жақ бөлігін де теңбе-тең түрлендіріп ,ықшамдау керек;
-
Теңсіздіктегі белгісізі бар мүшелерді теңсіздіктің бір жақ бөлігіне, бос мүшелерді теңсіздіктің екінші жақ бөлігіне жинақтау;
-
Теңсіздіктегі ұқсас мүшелерді біріктіру керек;
-
Теңсіздіктің екі жағын да белгісіздің коэффициентіне (егер ол нөлге тең болмаса ) бөлу керек;
-
Теңсіздіктің шешімін тауып, қажет болса, оны сан аралығында белгілеу керек;
-
Дамыту кезеңі
Оқулықпен жұмыс. Есептер шығару
№ 1023 ( ауызша орындау )
№ 1036 ( деңгейлеп орындау )
-
Сергіту сәті
-
Есептер шығару
Тақтада орындалатын тапсырмалар: № 1037
YII. Сабақты бекіту кезеңі
-
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік деп қандай теңсіздікті айтады?
-
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің шешімі дегеніміз не?
YIII. Ой толғаныс . «Инсерт» әдісі
Бұрын білемін
Жаңа білдім
Білгім келеді
-
Білімдерін бағалау
Бағалау парағы
Тегі,аты
Тапсырмалар
Үй жұмысы
Кестемен жұмыс
Сұрақ-жауап
Жаңа тақырып
Есептер шығару
Деңгейлік тапсырма
-
X. Үйге тапсырма беру . 1032, 1039
-
Рефлекция.