6 - сынып Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар туралы түсінік

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Координаталық түзу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға координаталық түзудің анықтамасын түсіндіру,

координаталық түзудегі оң бағыт пен теріс бағытты ажырата алуға, координаталық

түзу шкаласын салуға үйрету, берілген санға координаталық түзуде бір ғана нүкте сәйкес

келетінін ұғындыру, координаталық түзуде оң сандар мен теріс сандардың кескінделуін көрсету.
Сабақтың міндеті: Қосымша материалдар деректерін пайдалану.

Сабақтың түйінді идеялары: Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын және танымдық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, ой қозғау,миға шабуыл.

Негізгі дерек көздер: Электрондық оқулық, АКТ, стикерлер, плакат, маркер.

Уақыты

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Әдіс-тәсілдер

2 мин

Кіріспе

Сәлемдесу. Оқушыларды түрлі-түсті фигуралар арқылы бөлінеді.

Сәлемдесу. Топ мүшелері түрлі фигуралар арқылы бөлінеді.

3 мин

Үй тапсырмасын тексеру

Қайталау сұрақтары.

Қандай сандар оң сандар деп аталады?

Қандай сандар теріс сандар деп аталады?

Қандай сан оң және теріс санға жатпайды?

Мысал келтіріңдер.

Оң және теріс сандарды өмірмен байланыстырыңдар.

Оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді, оң және теріс сандарды байланыстырып өз мысалдарын айтады

Сұрақ жауап



10 мин






5 мин






15 мин

Жаңа сабақты меңгерту.














Жаңа сабақты бекіту










Жаңа сабақты пысықтау

Жаңа сабақ. Жаңа тақырыпты өздері игеруге көмектесу. Алдымен интерактивті тақта көмегімен оқушыларға екі баланың қарама - қарсы жүріп бара жатқан суреті бойынша түсініктеме беріледі. Яғни Асан мен Үсен бір жерден бір - бірінен қарама - қарсы бағытта жүгірді. Асан 4м/с жылдамдықпен жүгірсе, Үсен 5м/с жылдамдықпен жүгірді. Балалардың әрқайсысының 1 секундтан кейінгі орындарын табайық. Координаталық түзу сызып түсіндіру.


2- тапсырма:

Координаталық түзу сызып, оның бойынан келесі нүктелерді белгілейді.

Көк түсті: Қ(-7), Д(2,5),

Р(4), А(3,5), С(-0,5), Ы(0), А(-6,5), Р (-6), А(-5,5), -(-4), М(-5), А(-4,5), Р(-1), А(-2), Қ(-3), С(1), А(1,5), Н(2)

Жасыл түсті: Д(1), А(2), Р(3), Н(0), А(-1), С(-2), Б(-7), Ү(-6), Т(-5), І(-4,5), Н(-4)

Қызыл түсті: С(2), А(2,5), Н(3), Д(3,5), А(4), Р(5), Р(-7), Ц(-6), А(-6,5), И(-5), О(-4), Н(-3), А(-2), Л(-1)

Сары түсті: Ы(-1), Л(-2), Т(-6), У(-5), Р(-4), А(-3), К(7), І(6), Н(5), І(4), Т(1), Ү(2), С(3)

3- тапсырма: Оқулықпен жұмыс. Есептер шығару №308 №309 №313 №316

Терең тыңдалым







Оқушылар жеке жұмыс жасайды.

Топ мүшелері бір-біріне бағыт береді.





Топ мүшелері басқа топта есеп шығару жолдарын түсіндіреді.

Интерактивті тақтамен жұмыс




Өзара бағалау.



«Өрмекші» оқыта үйрету ойыны

3мин

Сергіту сәті

«Жұмыр құлыш» әуені

Топтық би

3 мин

Қорытынды бөлім

(рефлексия)



Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

Бұл сабақ қаншалықты қиын болды?

.

Стикерді плакатқа іледі. Оқушылар өз ойларын жеке айтады.

Жинақтау

2 мин

Үйге тапсырма

№317 №318

Оқушылар тапсырманы күнделіктеріне жазады.

2 мин

Бағалау

Критериалдық бағалау жүйесі бойынша оқушыларға ескерте отырып бағалайды.

Тыңдайды, қателіктерін ескеріп, ұғынады.





© 2010-2022