Разработка внеклассного мероприятия по математикею 9-11 кл

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Математика - ақыл-ойдың әуені» атты 8-11 сыныптар арасындағы топтық сайысы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқыр-лығын, оқуға ынтасын арттыру.

Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логи-калық есептер, АКТ, интеактивті тақта әр топқа даярланған үстел.

Түрі: Топтық сайыс сағаты.

Типі: Ойын түрінде

Жоспары: 1. Релаксация «Елбасы- елдің тұтқасы»

2. Шаттық шеңбері «Менің есімім ...». Әр қатысушы өз есімі жайлы мәлімет бере отырып өзін таныстырады

3. Топқа бөлу: әр сыныптан қатысатын оқушыларға түрлі кеңсе құралдарының аты жазылған жеребе тарту арқылы екі топқа бөлу.

3. Топтарды құра отырып топ ережесімен, ойын шартымен таныстыру.

Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

К.Гаусс

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

М.В.Ломоносов

3. Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. Р.Бэкон

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Бақытты сәт» ойынына қош келдіңіздер.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

  1. Ойы жүйрік озады (санамақ)

  2. Ұйқасын тап, қиыстыр! (өлең жолдарын жалғастыру)

  3. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда ... (топ жетекшілері сайысы)

  4. Мақал-мәтел білесің бе? (құрамында сандар кездесетін мақал-мәтелдерді толықтыру)

  5. Сандар сырын білдің бе? (3,5,7 т.б ерекше сандарға байланысты постер шығару)

  6. Білімдіге - биіктен орын (тапсырмаларды шешу)

І кезең Ойы жүйрік озады «Санамақ»

Көл тоғанды қырға бар,
Келіп қонды тырналар.
Жұптан қонып сол жерде,
Отыр екен он жерде.
Бірім, бірім, бірім деп,
Біл бар санын біртіндеп

Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақпен қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой

Бір бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан.
Үш қоян мен бір мәлік
Бәрі нешеу? Табыңдар.

11 түйе,бес жылқы.
2 сиыр,бір ешкі
2 қоян,үш түлкі,
Болды сонда нешеуі?

Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші соның бәрі
Қанша болды қолда бары ?

Өзімде бар сан қалта,

Шалбарда екі жан қалта,

Арт жағында қос қалта,

Жейдеде екі төс қалта,

Пиджакта екі іш қалта,

Бір төс қалта және бар,

Сонда есепте, кәне, ал,

Менің қанша қалтам бар?

Тағы айтпақшы, пальтом бар

Онда да төрт қалтам бар.


  1. ІІ кезең. Танымал орыс ғалымы С. Ковалевская «Ақынжанды болмаған математик те бола алмайды» деген екен, олай болса келесі кееңде ақындық қабілеттерімізді байқаймыз. Ұйқасын тап, қиыстыр! (өлең жолдарын жалғастыру)

Өлең құрау:

а) Екі жол өлең шумағы беріледі, әрі қарай оқушылар өз ойын, ұйқасын тауып, өлең құрайды.

ә) Өлең шумақтарыңдағы соңғы сөздері беріледі, соған қатысты өлең құрау:

1) Шәкіртпін, жарқын менің келешегім,

Алдымда қарызым көп берешегім,
. . . . . . . . . . . . . .

2) . . . . . . . . . . . . . . алады,
. . . . . . . . . . . . . . болады.
. . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . қалады.

  1. ІІІ кезең. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда ... (топ жетекшілері сайысы)

Топ жетекшілерінің сайысы.

І топ жетекшісіне арналған сұрақтар

12-ні 10 есе арттыр

62 -6 неге тең?

Қандай санның жазылуында қанша әріп боса, сонша цифр болады?

Ең үлкен үш таңбалы сан?

Глобус қандай фигураны елестетеді?

Минуттың 1/60 бөлігі

Екі нүктенің арасындағы түзу.

Математикадағы ештеңе

Санның 0 дәрежесі.

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы?

ІІ топ жетекшісіне арналған сұрақтар

Жарты түзудің басқаша атауы

Ең үлкен екі таңбалы сан

52 -5 неге тең?

1-қандай сандардың көбейтіндісі?

Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?

Күн көзі жылына неше рет шығады?

Натурал сан нешеден басталады

Екіге қалдықсыз бөлінетін сандар

Дәлелденбейтін ұйғарым

Тек өзіне және бірге бөлінетін сандар

ІҮ кезең. Мақал-мәтел білесің бе? (құрамында сандар кездесетін мақал-мәтелдерді толықтыру)

1. ...жақсы қас болмас,
... жаман дос болмас.
2. ... кісі қазған құдықтан,
... кісі келіп су ішер.

3. Ер ... рет өледі,
Қорқақ ... рет өледі.
4. Батыр … оқтық,
Байлық ... жұттық.
5. Ер көрмеймін деген жерін

… көреді,
6. Ат баспаймын деген жерін

... басады.
7. ... күн тұзын татқанға,

… күн сәлем бер.

8. ... рет өлшеп,

... рет кес.

9. … ала болса, ауыздағы кетеді

...түгел болса, төбедегі келеді.

10. Білгенің бір ... ,
Білмегенің ... .

11. ... біреу шешен,
... біреу көсем.

… тістен шыққан сөз,
... рулы елге жайылар.

Досыңды ... күн сынама,
… жыл сына.

.. құзғын таласса,
... қарғаға жем болар.

Ү кезең. Сандар сырын білдің бе? (3,5,7 т.б ерекше сандарға байланысты постер шығару). Постерді қорғау (критерий бойынша)

ҮІ кезең. Білімдіге - биіктен орын (тапсырмаларды шешу).

Слайд бойынша дайын тапсырмалармен жұмыс

Әділқазылар алқасынан сайыстың қорытындысын сұраймыз.


© 2010-2022