Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»________

Пән: Математика, Сынып : 6 «Б». Сабақ реті:№126, Мерзімі: 13 .02.2016

Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешудің әдіс-тәсілдерін
түсіндіре отырып, есеп шығаруда қолдана білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: Ыстық орындық. Сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу

Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындықтарын тексеру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Мақсат қою

Оқушыларға санды теңсіздіктердің шешімдерін сан аралықтарында белгілеуін үйрету

ІІ. Жаңа сабақ

5x-2<8; X-5>0; 3X+5>21-X - бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер.
ax>b; axа, в- қандайда бір сандар
X-айнымалы
Бір айнымалысы бар теңсіздіктің шешімі деп, айнымалының теңсіздікті тура санды теңсіздікке айналдыратын мәнін айтады.
Теңсіздікті шешу дегеніміз - оның барлық шешімдер жиынын табу немесе шешімдерінің болмайтынын дәлелдеу.
Теңсіздік мәндес теңсіздіктерге түрленеді, егер:
1.Теңсіздік құрамындағы қосылғыш теңсіздіктің бір жақ бөлігінен екінші жақ бөлігіне қарама -қарсы таңбамен көшірілсе;
2.Теңсіздіктің екі жақ бөлігі де бір ғана оң санға көбейтілсе немесе бөлінсе;
3.Теңсіздіктің екі жақ бөлігінде бір ғана теріс санға көбейтіп немесе бөліп, сонымен бірге теңсіздік белгісі қарама-қарсы теңсіздік белгісіне өзгертілсе.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу үшін:
1.Теңсіздіктің бір жақ бөлігін немесе екі жақ бөлігін де теңбе тең түрлендіріп, ықшамдау керек;
2.Теңсіздіктегі белгісізі бар мүшелерді теңсіздіктің бір жақ бөлігіне, бос мүшелерді теңсіздіктің екінші жақ бөлігіне жинақтау керек;
3.Теңсіздіктегі ұқсас мүшелерді біріктіру керек;
4.Теңсіздіктің екі жағында белгісіздің коэффисиентіне бөлу керек;
5.Теңсіздіктің шешімдерін тауып, қажет болса, оны сан арлығында белгілеу керек.
Мысалы:
1.4(х-3)+5х≥3х 2 .7(х+1)-4х>3х+16
4х-12+5х≥3х 7х+7-4х>3х+16
4х+5х-3х≥12 3х-3х>16-7
6х≥12 0х>9
х≥2 Жауабы: шешімдері жоқ
Жауабы: [2; +∞ ) немесе х≥2

2

3. 6х+17>2(3х+4)
6х+17>6х+8
6х-6х>8-17
0х>-9
Жауабы: Кез келген сан.

Тапсырмалар

№ 1010
3х≥ -18 5у ≥16 - 8х≥24
х≥ -6 у ≥3,2 х ≥ -3

-8х≤32 6,5у>13 7,5х≤30
х ≤ -4 у>2 х≤4
№ 1011
№ 1013 есептер
3х-7<х+1 2+х>8-х 1-х≤2х-5
3х-х<1+7 х+х>8-2 -х-2х≤ -5-1
2х<8 2х>6 -3х ≤ -6
х<4 х>3 х ≤2

Тапқыр болсаң, тауып көр.
№ 1012
Теңсіздіктерді шешіп, шешімдерін координаталық түзуде кескіндеңдер.
1 оқушы 2 оқушы 3 оқушы
Х-3 ≥ -13
9х-7> -25 Х+1≤9
4х+5≤21 Х+3>5
2х+7<11

№1015
Берілген жұп санмен 3 еселенген келесі жұп санның қосындысы 32-ден кем. Осы шартты қанағаттандыратын ең үлкен жұп санды табыңдар.
Б - х х+3х < 32
К - 3х 4х < 32
Х < 8

Әр топ мүшелері берілген сан аралығының атын, сан аралығының координаталық түзудегі кескінін, теңсіздікпен жазылуын жазады. Содан соң әрбір оқушы шығып, тапсырманы қалай орындағандарын айтады.
№1
Сан аралығыныңбелгіленуі [ -3; 2] (-∞; 4) (1; 6) (-2; + ∞) (-1;3]
Сан аралығының аты
Сан аралығының координаталық түзудегі кескіні
Теңсіздікпен жазылуы

№2

Сан аралығыныңбелгіленуі (-4; 5) (-∞; 2] [-1; 3] (-6; 8] (-2;+∞)
Сан аралығының аты
Сан аралығының координаталық түзудегі кескіні
Теңсіздікпен жазылуы

№3
Сан аралығыныңбелгіленуі (-∞; 4) (-2;7] [ -1; 6] (-4; 3) (-5; + ∞)
Сан аралығының аты
Сан аралығының координаталық түзудегі кескіні
Теңсіздікпен жазылуы

ІІІ. Оқулықпен жұмыс Есептер шығару:

Тақтада орындалатын тапсырмалар: №-1014-1015-1016

Орындарында орындалатын тапсырмалар: №1011-1012-1013

ІV. Бекіту

  • Сан аралығы дегеніміз не?

  • Интервал мен кесіндінің айырмашылығы?

  • Ашық нүкте не үшін белгіленеді?

  • Ашық сәуле ше?

V. Сабақты қорытындылау:

Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

VI . Үйге тапсырма: 64-бет №1034


© 2010-2022