«Рационал сандарға амалдар қолдану»

ШҚО  Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылы КММ «Ленин атындағы орта мектебі » математика пәнінің мұғалімі: А.Ж Жанузакова           Оқушылардың ойлау қабілетін, математика пәніне деген сүйіспеншілігін тудыру үшін әр сабақты оқушылардың қызығушылығын тудыратындай етіп ұйымдастыру керек.  Оқушылардың таным белсенділігін арттыру,олардың шығармашылық қабілетін дамыту мұғалімнің басты мақсаты. Ал оқушының сабаққа белсене қатысуы мұғалімнің еңбегінің жемісі екені анық. Төменде пәндермен байланыстыра оқыту үлгісіндегі сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану

Білімділік мақсаты: Рационал сандарды қосу, азайту, көбейту, бөлу тақырыптары бойынша оқушылардың білімдерін саралау, ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: танымдық қызығушылығын, логикалық, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: жылдамдыққа, ұқыптылыққа, оқуға ынтасын тәрбиелеу

Сабақтың типі: Кіріктірілген сабақ

Сабақтың түрі: Бекіту - жинақтау

Сабақ көрнекілігі: интербелсенді тақта, карточкалар, деңгейлік есептер топшалары, тест тапсырмалары.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

  2. «Күн» ойыны ауызша есептер шығару ( Ереже айту)

  3. Тарихқа көз шолу

  4. Географиялық картамен жұмыс

  5. Сергіту сәті

  6. Тест тапсырмасы

  7. Мақал -мәтелмен жалғастыр

  8. Қорытындылау

І. Ұйымдастырушылық кезең:

Айналаға алақанмен

Жылулықты шашайық

Сәттілікті біз тілеп

Сабағымызды бастайық .

Біз сендермен қандай тақырыпты өттік? Олай болса бүгін бізде осы өтілген тақырыптар бойынша қайталау, бекіту сабағы. Осы сабаққа сендер алдарыңа қандай мақсат қоясыңдар? Сендердің бүгінгі сабақта міндетерің не? Енді осы алға қойған мақсат, міндеттеріңді жүзеге асыру үшін түрлі тапсырмалар орындайсыңдар

  1. Тақырыпты қалай меңгергендеріңді «Күн» ойыны арқылы көрейік.Әр топтан 3 баладан жауап береді. Есепті талдаймыз, оған сәйкес ережені айтамыз. Егер дұрыс есептесеңдер жасырын сөзді таба аласыңдар.

«Рационал сандарға амалдар қолдану»

Жауаптары: -14,5; -13; 225;-36;-30,75;-52,43;-10;-30;-25

Балалар күніміздің шуағындағы жасырын сөзіміз қандай сөз болыпты? Ия, Президент туралы не айта аласыңдар.( Әр топтан бір оқушыдан ойларын айтады.)


  1. Әр сөздің астарына осы арада

Ағайын ,ой жіберіп жете қара

Тәуелсіз Қазақстан тарихында

Тұлғасы Елбасының жеке дара дегендей келесі тапсырмамыз Тәуелсіз Қазақстан тарихына көз шолу. Әр топқа үлестірмелі тапсырмалар беремін , топпен талдап шығарасыңдар.

Карточкалық жұмыс №1

Біздің Республикамыздың Тәуелсіздігіне биыл неше жыл болса, квадраттың қабырғасы сол санға тең. Квадраттың ауданын тап (а=22. S=484)

Есептеңдер: ( -2,6+(-0,3)+(-1,4)+(-9,7))*(-2)=8.72

Карточкалық жұмыс №2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бекітілген жылы 3 - ке бөліне ме? 1992 ж. 1+9+9+2=21/3 бөлінеді.

Есептеңдер: (0,13+(-9,94)+(-2,13)+(-0,06))*(-2)=24

Карточкалық жұмыс №3

Желтоқсандықтар «Мұзға алау жаққан күн»; Осы күнге сәйкес айдың рет саны; және осы сұрапыл оқиға болған жыл; Осындай сандар тізбегі берілген. Осы сандардың айырмасын тап 16;12;1986

16-12-1986=-1982

Есептеңдер: (1,5-5,4+(-1,6)+8,5)*(-2)=-6

  1. Келесі тапсырманы барлығымыз бірге орындаймыз. Тапсырманы мұқият тыңдаймыз: Географиялық картаны қолдана отырып, Қазақстан Республикасының бұрынғы астанасымен қазіргі Астанасының ара қашықтығын табыңдар x= 39*25=975 км

Ауызша сұрақтарға жауап береміз: Құрамында сан есім қатысқан жер , су, тау аттарын айтамыз.

Сергіту сәтіне ортаға шығамыз.Сергіту сәтін ұйымдастыру Шырайға берілген.

Енді балалар бір-бірден компьютерге отырамыз, деңгейлік тапсырмамен берілген тест шешеміз. Ал, Рахат, Нұрай, Алтынай , Айдана, Шырай орнында отырып кітаптан «С» тобының есептерін шығарады. №549 ( 1,5) № 516 ( - 1/3) ( тақтаға шығарады.)

5. Тест тапсырмалары:

-2,3+(+5,6) = 7,9

-18,5+29,18 = 10,68

-3,2*3 = -9,6

-7,2-5 = -12,5

-28+31 = 3

-4*(-5) = 20

-1*(-1)*(-1)*(-1)*(-1) = 1

Бағамызды топ басшыларына айтамыз.

6. «Кім жылдам» тапсырмасында есепті шешеміз жауабына сәйкес мақал мәтел айтамыз.

-8*(-4)-31=1 9*(-3)+29 =2 -15-45+69=9 74+(-50)+16=40 -19+39-14=6

-7*(-7)-42=7 -100*2+100 =-100 -11*(-100)-100=1000 -38+8=-40 10-60=-50 -5*(-20)=100

7. Қорытындылау:

1 топ: Ой-пікірлерін сурет бетіне түсіреді

2 топ: Эссе жазамыз

3 топ: РАФТ стратегиясын қолданады «Мен рационал санмын»

Топтар рефлекция жасағанда бағалау критерийлеріне сүйене отырып оқушыларды бағалаймын.

  1. Үйге тапсырма: Рационал санның қасиеті ой толғау жазу

№553

Оқушының аты

Күн ойыны

Карточкалық тапсырма

Қосымша тапсырмалар

Тест

Кім жылдам

Қорытынды

баға














© 2010-2022