Урок по математике на тему Натурал сандардың бөлінгіштігі

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 5 «а»

Күні: 27.11.2013ж

Пәні: Математика

Пән мұғалімі: С.Еңсепова

Сабақтың тақырыбы: Тарауды қайталауға есептер шығару.

(ІІ тарау. Натурал сандардың бөлінгіштігі)

Сабақтың мақсаты: Натурал сандардың бөлінгіштігі тарауы бойынша алған білімдері жинақталып, есептеу дағдылары жетілетін болады.

Күтілетін нәтиже: Натурал сандардың бөлінгіштігі тарауы бойынша алған білімдері жинақталады. Тарау бойынша алған білімдері дамиды, есептеу дағдылары қалыптасады.Сабақтың әдісі: Жеке, топтық жұмыс, Математикалық диктант, деңгейлік тапсырма, құзырлылық тапсырма, жадыны дамытуға арналған жаттығу, «Сен-маған, мен-саған» әдісі.

Бағалау: Критерий белгілеу арқылы, баллдық жүймен бағалау, көңіл-күй нышандарымен бағалау, кері байланыс, мадақтау.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Сабақ мазмұны

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдастыру

3 мин

- Сәлемдесу.

- Оқушыларды түгелдеу

- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

-Түрлі-түсті стикерлер арқылы топқа бөлу.

1-топ Жай сан

2-топ Құрама сан

3-топ Тақ сан

4-топ Жұп сан

Сәлеметсіздер ме оқушылар!

Бүгінгі сабақта топқа бөлініп, «Натурал сандардың бөлінгіштігі» тарауы бойынша білімізді кеңейтетін боламыз. Стикерде жазылған әріптерден әр топ өз топтарының аттарын құрастырады және сұраққа жауап береді.

1.Жай сан деп қандай сандарды атайды?

2.Құрама сандар деп қандай сандарды атайды?

3.Қандай сандарды жұп сандар деп атайды?

4.Қандай сандарды тақ сандар деп атайды?


Мұғаліммен амандасады.

Сабақтың тақырыбын жазады.

Стикерлерінің түстеріне қарай топқа бөлінеді.

Топтарының аттарына байланысты ереже тұжырымдайды.

1.1-ге және өзіне ғана бөлінетін сандарды жай сандар деп атайды.

2.Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандарды құрама сандар деп атайды.

3.2-ге бөлінетін натурал сандарды жұп сандар деп атайды

4. 2-ге бөлінбейтін сандарды тақ сандар деп атайды.


Үй тапсырмасын тексеру

5 мин

Үйге берілген есептер тексеріледі.

Интернеттен немесе қосымша кітап журналдардан натурал сан, жай және құрама сандар, натурал сандардың бөлінгіштік белгілері туралы қосымша мәлімет қарау тапсырылған болатын.

Оқушылардан тапсырманы сұрайды.

Мұғалім натурал сандар және бөлінгіштік белгілері туралы қосымша мәлімет береді.






Оқушылар өздері алып келген мәліметтерін оқиды

Урок по математике на тему Натурал сандардың бөлінгіштігіУрок по математике на тему Натурал сандардың бөлінгіштігіУрок по математике на тему Натурал сандардың бөлінгіштігіУрок по математике на тему Натурал сандардың бөлінгіштігіБілім бекіту

25 мин

Жеке жұмыс.

«Басқыш тапсырмалары»

Деңгейлік тапсырма беру

І басқыш. Кесте толтыру

ІІ басқыш. №343 есеп

ІІІ басқыш. Құзырлылық тапсырма №345,346 есептер.

Критерий бойынша бағалау. Мұғалім есеп шығарған оқушыларға геометриялық фигуралар береді

-өте жақсы

- жақсы

- орташа

Интерактивтік тақтадан тапсырманы көрсетеді, түсіндіреді






Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне орындайды, тақтаға жазады.

Топ бағалаушысы алған геометриялық фигураларын бағалау парағына түсіріп отырады.


Урок по математике на тему Натурал сандардың бөлінгіштігі

2 мин

Топтық жұмыс.

«Жадыны дамытуға арналған» жаттығу.


Тақтадан тапсырма беріледі. 15 секунд уақыт көрсетіп жауып тастайды.


Көргендерін планшетке түсіріп мұғалімге көрсетеді

«Сен-маған, мен-саған» әдісі бойынша топтар бір-бірінің тапсырмаларын тексереді. Көңіл-күй нышандары арқылы топтар бір-бірін бағалайды

Урок по математике на тему Натурал сандардың бөлінгіштігіСергіту сәті

2 мин

«Математикалық эстафета»

Эстафета таяқшасы-activpen




Интерактивтік тақтадан тапсырма береді.

Тапсырма «Натурал сандарды көбейткіштерге жіктеу»

Оқушылар тапсырманы жүгіріп тез орындайды


Урок по математике на тему Натурал сандардың бөлінгіштігіБілім пысықтау

5 минут

Жеке жұмыс. «Математикалық диктант»

Жұмыстарын сағат тілі бағытымен алмастырып тексеру. Баллдық жүйемен бағалау.

1 дұрыс жауап - 1 балл


Математикалық диктант таратады. Оқушылар жазып болғасын интерактивті тақтадан дұрыс жауабын көрсетеді.

Математикалық диктант толтырады.

Тақтадағы дұрыс жауабына қарап отырып, оқушылар өздерін баллмен бағалайды.

Урок по математике на тему Натурал сандардың бөлінгіштігіРефлексия

2 мин

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін мына сұрақтарға берілген жауаптарды белгілеу арқылы білдіреді.

1.Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

2.Бұл сабақ қаншалықты қиын болды?

3.Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдың?


Оқушылар жауаптарын карточкадан белгілеп, мұғалімге береді

Үйге

1 мин

№342,344 есептер

Тарауды қайталап, бақылауға дайындалып келу

Үйге тапсырма береді

Оқушылар күнделіктеріне жазады









© 2010-2022