Математика әлемінде атты сайыс

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Математика әлемінде» атты сайыс сабақтың жоспары

Мақсаты: а) Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру,

алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулу.

ә) ой-өрісін, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту

б) Еңбекке, жауапкершілікке, жолдастыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі «жұлдызшалар»

Барысы

І Ұйымдастыру

Сәлем саған, көкте күн!

Сәлем, білім ордасы!

Жастық шақтың көктемі,

Жақсылықтың жолдасы.

ІІ Сабақ мақсатымен танысу

ІІІ Негізгі бөлім:

Математика өте ертеден дамыған ғылым. Бүкіл әлемдегі кез келген нәрсе санмен өрнектеледі. Яғни сан іліміне бағынбайтын бірде-бір құбылыс жоқ. Одан адам да шет қалмаған. Жер бетіндегі кез келген адамның тағдыр саны болады екен. Сол сан арқылы адам табиғатын, бітім болмысын, мінез құлқын, өзіндік ерекше қөасиеттерін тануға болады. Ғылым мен техника дамыған бүгінгі күнде матиматиканың өмірден алар орыны ерекше. Олай болса мен сендерді «Математика әлеміне» шақырамын. Екі топ болады

« Алғырлар» және « Тапқырлар » тобы.

Бұл саяхаттағы жолда бізге түрлі аялдамалар кездесіп, онда тапсырмалар беріледі. Барлық аялдамадан сүрінбей өтсек, біз өзіміздің қандай екндігімізді білеміз.

Іске сәт жас дос!

«Математика әлеміне» саяхат


  1. Білімге құмар

А) Бірдей 3 алманы 4 балаға теңдей етіп бөліп беру керек. Кесу саны ең аз болатындай етіп қалай бөлуге болады.

Ә) Поездар Астанадан шығып, 3, 6,9 күнде қайта оралады. Неше күнде үшеуі де Астанада кездеседі ?


  1. Алғыр ойлы

Төмендегі 10 санның көбейтіндісі қандай санмен аяқталады ?

А) 11·13·15·17·19·21·23·25·27·29

Ә) 10·12·14·16·18·20·22·24·26·28

Б) Отбасында 2 қыз бар және әр қыздың бір-бірден ағасы, бір-бірден бауыры бар. Отбасында барлығы неше бала бар.

В) Бөлмеде үш майшам жанып тұр, екеуін өшірсең нешеуі қалады?

3.Ұшқыр қиялды

86 81

4.Көреген көзді

35·11=385 2·9= =18

42·11=462 3·9= =27

62·11= 4·9= =36

97·11=

5. Тұнық сезімді

Сегіз бала гулесіп Су үстіне тас қалап

.............................. ...............................

6.Шындыққа жолдас

4+4+4=3·4 9·9=2·9

5·5=5+2 8·8·8=83

7. Сәттілікке серік

А) Қызыл ,жасыл, көк, сары шарды барлық мүмкін тәсілдермен қалай жұптауға болады

Ә) Жандоста алма, шабдалы және банан бар Жандос оларды қандай реттілікпен жей алады ?

Жеңген топ марапатталады.

Енді мына біз тоқтаған әр бір аялдаманың атынан құралған өлең жолдарына мән берейікші

Білімге құмар,алғыр ойлы,

ұшқыр қиялды, көреген көзді,

тұнық сезімді, шындыққа жолдас,

сәттілікке серік 5-сынып


© 2010-2022