Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты: оқушылардың білім денгейін, білік дағдысын тақырып бойынша жинақтау, жүйелеу

Сабақтың типі: қайталау сабағы


Мұғалім жазбалары:

І. Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал - жабдықтардың барлығын анықтау)

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Психологиялық дайындық:

Көңіл күй стратегиясы

- Кәнеки балалар, бүгін барлығымыз бір-бірімізге не тілейміз?(оқушылар орындарынан тұрып, мұғалімге қарап: «сізге шығармашылық табыс» және бір-біріне қарап: «бізге көтеріңкі көңіл күй»,-деп айтады).

ІІ.Топқа бөлу:Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу бойынша жеңіл есептер (ауызша) беріледі. Шығарғаннан кейін бөлу мен көбейту жеке -жеке топқа бөлінеді.

IІІ. Тақырыпты ашу. Қәнеки балалар, кім айтады біз бүгін неліктен көбейту мен бөлуді орындадық? (Оқушылар жауабы тыңдалады.)

-Дұрыс бүгінгі сабағымыз шынындада қайталау сабағы. Қайталайтын тақырыбымыз «Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу». Осы тақырыпқа байланысты қандай мақсат ұсына аласыздар?

(рационал өрнектерді түрлендіру, яғни оларға көбейту және бөлу амалдарын қолдануды тиімді тәсілмен шешуді үйренуіміз керек. Оның бірінші шарты: алған білімдеріңді жинақтап, орынды қолдануды білу.

ІҮ. Үй жұмысы.

Сабақты жаңа тақырыпты меңгеруге кажетті бұрын өтілген материалды еске түсіру үшін «Қайталау - оқу анасы» дегендей, сәйкестік тест өткізіледі.

- Балалар, алгебралық бөлшектерге амалдар қолданған кезде ең көп қолданатын қандай формулалар?(қысқаша көбейту формулалары)

«Қайталау - оқу анасы»

Бірінші бағанда қысқаша көбейту формулалары жазылған. Ал оқушылар бағанның сол жағында тұрған формулалардың дұрыс жауабын тауып, берілгеннің қасына магнит көмегімен жабысытырамыз(дұрыс жауап үшін оқушылар бағалау парақтарына мұғалімнің айтқан бағасын қояды).

Сәйкестіктест

1. a2-b2= 1. а3-3a2b+3ab2-b3

2. (a-b)2= 2. (a-b)(a+b)

3. (a+b)2= 3. (a-b)(a2+ab+b2)

4. (a-b)3= 4. а2-2ab+b2

5. (a+b)3= 5. а3+3a2b+3ab2+b3

6. a3-b3= 6. а2+2ab+b2

7. a3+b= 7. (a+b)(a2-ab+b2)

V. Кластер. Тақырып пен өткен тақырыптың байланысы(«Қайталау - оқу анасы» кластер құру, түсіндіру) Екі топқа бөлінген оқушылар екі тақырыпты таңдайды сол бойынша кластер құрып түсіндіреді.

1 топ - Рационал бөлшектерді қосу және азайту тақырыбы бойынша

2 топ - Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу тақырыбы бойынша

ҮІ. «Сергіту»сәті

ҮІІ. Оқулықпен жұмыс№ 553

ҮІІІ. Сабақты бекіту( тест тапсырмалары)

ІХ. Рефлексия («Табыс ағашын отырғызу»)

Рефлексия:

- Енді «табыс» ағашын отырғызайық. (Тақтада ағаштың суреті)

Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек - экология, ал ағаштың жемісі сіздің алған білімдеріңіз(оқушылар өздері таңдаған алманы алып, тақтада тұрған ағашқа жапсырады).

Х. Бағалау.Оқушылар өздерінің бағалау парақтарныдағы бағаларын суммативті баға шығару

ХІ. Үйге тапсырма тақырып



© 2010-2022