Тақырыбы: Қазақтың ырым – тыйым сөздері

Тақырыбы: Қазақтың ырым – тыйым сөздеріМақсаты :Оқушыларды қазақ халқының салт – дәстүрін сақтауға , ырымдар мен тыйым сөздерарқылы жаман әдеттен , теріс мінезден сақтануға тәрбиелеу.Көрнекілігі:Интерактивті тақта, ырым – тыйым сөздер.Әдісі :ойын әдісі , топтық жұмыс.Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Мұғалім: Қазақхалқы бала тәрбиесіне мән беріп, оның ырым – тыйымдарын , салт – дәстүрінерекше сақтаған. Ырым – жақсылықтан өнеге алып, оған жету үшін жасалаты...
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қазақтың ырым - тыйым сөздері

Мақсаты : Оқушыларды қазақ халқының салт - дәстүрін сақтауға , ырымдар мен тыйым сөздер арқылы жаман әдеттен , теріс мінезден сақтануға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ырым - тыйым сөздер.

Әдісі : ойын әдісі , топтық жұмыс.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Қазақ халқы бала тәрбиесіне мән беріп, оның ырым - тыйымдарын , салт - дәстүрін ерекше сақтаған. Ырым - жақсылықтан өнеге алып, оған жету үшін жасалатын әрекет. Ал, тыйым рәсімдері жас ұрпақты , аруақты сыйлауға , табиғатты қорғауға, әдепті болуға , қарапайымдылыққа , инабаттылыққа баулиды. Халқымыздың әдет - ғұрпын , салт- санасын жақсы біліп, оны іс жүзінде орындай білу - әрбір перзенттің борышы . Ол - мәдениеттің белгісі.

1. «Құнды сөз» ойыны

Берілген тыйым сөздерді толықтыру.

  • Дастарқанды ------------------баспа. (тамақты)

  • Үйді айнала ----------------------жүгірме.

  • Тізеңді ------------------құшақтама

  • Құстың ------------------бұзба (ұясын)

  • Жұрт көзінше ----------------кекірме , керілме.

Ойынның қорытындысы бойынша осы тыйым сөздердің құндылығы бар екенін дәлелдейді.

2. «Ұлағатты ұғымдар» бөлімі

Үш, бес , жеті сандарына байланысты тірек сөздер беріледі. Әр топ сөздерінің санына байланысты ұлттық ұлағатты ұғымдар айтады.

Берілген тірек сөздер:

1-топ (3 саны). Үш дана (Абай, Шоқан , Ыбырай). Үш бәйтерек (Сәкен, Ілияс, Бейімбет). Үш жақын (Жан, мал, жер). Үш арсыз (Ұйқы , күлкі , тамақ).

2-топ (5 саны). Бес асыл , бес дұшпан (Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі). Бес қатер (От , жау , борыш, ауру , сөз). Бес жаратылыс (Күн, ай , жұлдыз, күндіз, түн). Бес қару (Садақ, мылтық, найза , қылыш, айбалта).

3-топ (7 саны). Жеті қазына (Ер жігіт. Сұлу әйел. Ақыл. Білім. Жүйрік ат. Қыран бүркіт. Берен мылтық. Жүйрік тазы). Жеті жұт (Құрғақшылық , жұт мал қырылу . Өрт . Оба. Соғыс. Топан су . Зілзала). Жеті ата (бала , әке, ата, арғы ата, баба, Түп ата, Тек ата). Жеті күн(Дүйсенбі , сейсенбі , сәрсенбі , бейсенбі , жұма , сенбі , жексенбі).

Қосымша 3,5,7 санына байланысты тірек сөздер.

Үш жұрт (Ағайын жұрт, Нағашы жұрт, Қайын жұрт)

Үш байлық (Бірінші байлық - денсаулық, Екінші байлық - ақжаулық, Үшінші байлық - қорадағы бес саулық)

Үш би (Үйсін Төле би. Арғын Қаздауысты Қазыбек би. Алшын Әйтеке би)

Үш қат (Жоғарғы қат аспан, Орта қат жер үсті, Төменгі қат жер асты )

Үш қуат (Ақыл, жүрек , тіл)

Үш ғайып (Ажал , Қонақ , Несібе)

Үш дауасыз (Мінез , кәрілік , ажал)

Үш қадірлі (Ырыс , бақ , дәулет)

Үш қадірсіз (Жастық шақ, денсаулық, Жақсы жардың қадірін білмейді)

Үш ақиқат (Қымбат - шындық. Арзан - өтірік . Дауасыз - кәрілік)

Үш қуаныш (Алғыс алу , Өзіңді көптің іздеуі, Ісіңнің өшпеуі)

Үш биік (Билік , дәулет , даналық)

Үш асыл (Көз, тіл, көңіл)

Үш кедейлік (Кежірлік , Еріншектік , Ұйқы)

Үш қасиет (Өліде - аруақ, малда - кие, аста - кепиет).

Бес намаз (Таң, Бесін, Екінді, Ақшам, Жашиақ намазы)

Бес борыш (1. Аллаға , пайғамбарға байланысты борыш. 2. Адамның өзіне байланысты борыш. 3. Мемлекет пен халыққа борыш. 4. Үй - іші , жақындарға борыш. 5. Адамгершілік әлеміне борыш).

Бес ақыл , бес дұшпан (1. Бес нәрседен қашық бол.

Бес нәрсеге асық бол

Адам болам десеңіз...

Еріншек , бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеніз,

Талап , еңбек , терең ой ,

Қанағат , рахым ойлап қой ,

Бес асыл іс көнсеңіз(Абай))

Бес өсиет (Топасқа сенбе , Жауға иілме , Әрқашан сақ жүр, Аш үйге қонба , Жарлыдан сый алма.)

Жеті жарғы (Әз Тәукенің заңдары)

Жеті жетекші (1. Адамның басшысы - ақыл

2. Жетекшісі - талап

3. Жолдаушысы - ой

4. Жолдасы - кәсіп

5. Қорғаны - сабыр

6. Қорғаушысы - мінез

7. Сынаушысы - халық).

Жеті жоқ (1. Жерде өлшеуіш жоқ, 2 . Аспанда тіреуіш жоқ. 3 . Таста тамыр жоқ . 4. Тасбақада талақ жоқ . 5. Аллада бауыр жоқ. 6 . Аққуда сүт жоқ. 7.Жылқыда өт жоқ).

Жеті жетім (Тыңдамаған сөз жетім ,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім ,

Басшысыз жоқ ел жетім,

Аққу - қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ер жетім,

Замандасы қалмаса -

Бәрінен де сол жетім).

Жеті амал (Күннің тоқырауы , қарашаның қайтуы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матуы, қыс тоқсан, ай тоғамы).

3. Қазақ ырымдары: (Әр топ ырымдарды айтып мағынасын түсіндіреді)

Ит ұлыса, жамандық болады.

Баланың желкесінен сүйсе, қырсық болады.

Қазақ үйіне келген адамға дәм таттырып шығарады.

Түнде үй сыпырмайды, тырнақ алмайды , т.б.

4. Тыйым сөздер: (Әр топ тыйым сөздерді айтып мағынасын ашады)

Босағаны керме , құшақтама.

Жұлдызды , адамды санама .

Тұзды , күлді шашпа.

Бейуақытта жылама, ұйықтама .

Жағыңды таянба т.б.

Қорытынды: Қазақ халқының әдет - ғұрпын, салт - санасын жақсы біліп, оны іс жүзінде орындау - әр перзенттің борышы. Ендеше , асыл қазынамыздың құндылығын арттыра берейік! деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз!



№18 ЖББОМ КММ

















Тақырыбы: Қазақтың ырым - тыйым сөздері







8- сынып

Өткізген: Медеубаева М.Қ.







Қарағанды

© 2010-2022