Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту

Раздел Математика
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейтуКөп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейтуКөп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейтуКөп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейтуКөп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейтуКөп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейтуКөп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейтуКөп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейтуКөп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейтуКөп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейтуКөп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейтуКөп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейтуКөп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейтуКөп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейтуКүні: 20.10.2015

Мектебі: №16 қазақ орта мектебі

Сыныбы: 4 б

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы: көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту туралы түсініктерін қалыптастыру;

Дамытушылық: Сабаққа қызушылығын,белсенділігін арттыру,баланың жылдам есеп шығаруын дамыту;

Тәрбиелік: уақытты үнемді пайдалануға, тез ойлауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ - жауап,түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Жазба қағаздар, қима қағаздар.

Сабақтың барысы:

Сабақтың

кезеңі

Кезең - мақсаты

Уақыт

(мин)

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Оқушыларды түгендеп, оқушылар-дың зейінін сабаққа аудару

(1мин)

-Сәлеметсіңдер ме балалар отыра қойыңдар!

-Балалар көңіл күйлерің қалай? Бүгінгі сабақтарыңды мен жүргізетін боламын. Мені танисыңдар ғой, ия? Менің есімім Буконева Сымбат Болатбекқызы

- Сабағымызды бастамас бұрын сабақта кім жоқ екенін анықтап алайық.

-сонымен бүгінгі сабаққа дайынсыңдар ма?

- Сабақта кім жоқ? Ал онда сабағымызды бастайық.


  • Балалар орындарынан тұрып, мұғалімге сәлемдесті.



  • Жақсы



  • Кезекші сабақта жоқ оқушыларды (не себепті келмегенін) айтады .



  • Иә!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларды өткен сабақ бойынша тақырыпты қаншалықты түсінгенін тексеру

(3 мин)

Үйге берген тапсырманы тексерейік, барлықтарың дәптерлеріңді алмастырыңдар. Кімде жоқ айта қойыңдар!

Жақсы, ендеше балалар, дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді сол жақ шетінен 8-ші тор көзден бастап жазып қоямыз:

20 қазан

Сынып жұмысы

бүгін 43 санын санын дәптерге жазып жіберейікші. Арасына 1 тор көз тастап жазуды ұмытпаңдар. Әдемілеп, тез жазамыз

  • Қане, кім жазды?

  • Жарайсыңдар!

Оқушылар дәптерлерін алмастырып, 43

санын жазады.

Жаңа сабаққа дайындық



Жаңа сабақты түсіндіру




(10 мин)


  • Сонымен, балалар біз негізі қалай көбейту керек екенін білеміз ғой иә? Сол сияқты біз көптаңбалы санға бір таңбалы санды жазбаша көбейтуді үйренеміз.

  • төменгі сыныптарда бір, екі, үш таңбалы сандармен танысып өттіңдер солай ма?

55 - неше таңбалы сан?

556 - неше таңбалы сан?

5561 - неше таңбалы сан?

55618 - неше таңбалы сан?



  • Қанекей енді барлығымыз есімізге түсіріп өтейікші: екі таңбалы, үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша қалай көбейтетін едік?





  • №1 тапсырма

3

2

7

3

9

8

1





3

2

7

1

3

9

8

1

3





3

2

7

1

3


3

9

8

1

3

9

Мыңдықта осы ретпен жазылады. Естеріңе сақтаңдар, әрдайым соңынан яғни бірліктен бастап көбейтеміз.

Сонымен балалар, «Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейткендегідей орындалады.

  • Алдымен бірліктер, содан соң ондықтар, жүздіктер және т.б. көбейтіледі.»

Баріміз хормен оқиық. Жарайсыңдар!





  • тақтадағы көрнекілікпен жұмыс

-55 - екі таңбалы сан

556 - үш таңбалы сан

5561 - төрт таңбалы сан

55618 - көп таңбалы сан

  • Бірінші бірліктен бастаймыз. Сосын ондықты көбейтеміз, ары қарай жүздікке дейін көбейтеміз. Яғни әрдайым соңынан бастаймыз. Ал жауабын бірліктің астына бірлікті, ондықтың астына ондақты, жүздіктің астына жүздікті жазамыз

  • 1-тапсырмада үш таңбалы, 2-тапсырмада төрт таңбалы, ал 3-тапсырмада көп таңбалы сандар берілген.









  • «Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейткендегідей орындалады. Алдымен бірліктер, содан соң ондықтар, жүздіктер және т.б. көбейтіледі.»

Жаңа тақырыппен жұмыс

Тақтамен жұмыс





























Рефлексия



Мағлұматтарды бекіту

(1мин)

































30 с





№ 2 тапсырма.

2230*2 4884/4

3060*3 1680/8

1 бала тақтаға шықсын. Қанекей, бағанмен орындаймыз. Тезірек қимылдаймыз. Қалғандарымыз орнымызда жазамыз.

Бағанағы ережені естен шығармаймыз, алдымен бірліктер, сосын ондықтар деп кете береді.

Енді 3 бала тақтаға шығып қалғандарын дәл осылай орындаңдар.

№3 тапсырманы екі нұсқаға бөлініп орындайсыңдар.

Екі нұсқаға бөліп тақтаға іліп қоямын.

Болған оқушылардан тұрғызып жауаптарын сұраймын

I-нұсқа

3426 ∙ 2 - 3806 =

1208 ∙ 3 + 1258 =

II-нұсқа

2550 : 5 + 5626 =

6126 : 6 - 1005 =

Балалар біз жаңа ғана қандай тапсырма орындадық, барлығы түсініктіме?

№ 4тапсырма. Бос орынға тиісті санды қой.

  • Жақсы балалар, енді барлығымыз назарымызды маған аударайық. Менің қолымда қима - қағаздар берілген. Мен бұл қағаздарды қазір сендерге таратып беремін, тез - тез орындап жіберейік.

№ 1 қима қағаз

34 дм = ... мм

2708 м =... км ...м

№ 2 қима қағаз

6м 3 см = ... мм

36000 см = ... м

№ 3 қима қағаз

4 км 8 м =... м

7085 м = ...см

№ 4 қима қағаз

2708 м =... км ...м

6м 3 см = ... мм

№ 5 қима қағаз

36000 см = ... м

7085 м = ...см

№ 6 қима қағаз

34 дм = ... мм

4 км 8 м =... м

№ 7 қима қағаз

2708 м =... км ...м

7085 м = ...см

№ 8 қима қағаз

34 дм = ... мм

36000 см = ... м

№ 9 қима қағаз

6м 3 см = ... мм

4 км 8 м =... м

№ 10 қима қағаз

6м 3 см = ... мм

7085 м = ...см

№ 1 1қима қағаз

2708 м =... км ...м

4 км 8 м =... м

№12 қима-қағаз

36000см=__м

34 дм=__мм



  • Балалар, бұл тапсырмалармен біз қандай шамаларды есімізге түсірдік?

  • Дұрыс айтасыңдар.

Ал ары қарай №5 тапсырманы қараймыз, не деп тұрғанын оқып жіберейікші (өрнектердің мәндерін тап) Ал, енді тақтаға шықпаған оқушылар тақтаға шығып, орындайық. Орындарында отырған оқушылар өз беттеріңмен орындайсыңдар.

  1. 63см 80мм - 9см 36мм =

  2. 54дм 41см - 45дм 28см =

  3. 3м 49см - 166см =

  4. 2км 800м - 1900м =



  • Жақсы, ал бұл тапсырманы орындауда нені еске түсірдік?

  • Дұрыс айтасыңдар.

Енді № 6 есепкке назар аударыңдар. Қанекей 1 бала дауыстап оқысын.

І кезең: Есеппен танысу, талдау.

Егістіктен 3 машинамен әрқайсысында 1 т 500 кг картоп тасымалданды. Егістіктен неше кг картоп әкетілді?

ІІ кезең: Схемалық түрде жазу.

  1. Есеп не жайында айтылған? (Егістіктен каротоп тасмалданғаны жайында)

  2. Есепте не белгілі? (3 машинамен әрқайсысында 1 т 500 кг картоп тасымалданғаны)

Есепте нені табуымыз керек? (егістіктен неше килограмм картоп әкелінгенін)

ІІІ кезең: Шығарылу тәсілін іздестіру.

  • Есептің жауабын бірден таба аламыз ба? (Есептің жауабын бірден таба аламыз, себебі бізге бәрі белгілі)

Есептің шешілу жолын іздестірейік.

  • Бірінші не істейміз?

  • (тоннаны кг айналдырамыз)

  • Есепті қандай амалмен шығарылады? Неліктен?( көбейту амалын қолданамыз.себебі 3 машинаның әрқайсысында делінген)·

Шығарылу жолы: 1) *

ІV кезең: Шығаруды жүзеге асыру.

  • Есептің шешуін өз беттерінше көбейту амалын қолдана отырып жазу.

1500*3=4500

V кезең: Шығарылуын тексеру.

Есептің шешуін кері амалмен тексереміз

4500 /3=1500

VІ кезең: Есепті зерттеу.

Есептің шешуін кері амалмен қарастырып, жауабын алдық.

VІ кезең: Жауабын тұжырымдау.

Егістіктен 4500 кг картоп әкетілді

VІІІ кезең: Есептің шығарылуына талдау жасау.

Сонымен есепті 1 амалмен шығара отырып, жауабын таптық. Дәптерімізге жазып аламыз.

Жақсы, енді келесі есепке қараңдар.

№ 7 есеп. Қане, бірінші іштеріңнен оқып алыңдар. Оқыдық па? Онда 1 бала тағыда дауыстау оқып жіберсін.

І кезең: Есеппен танысу, талдау.

Шаруа қожалығында 49 үйрек бар,ал тауықтар олардан 5 есе көп. Шаруа қожалығында барлығы неше үй құсы бар?

ІІ кезең: Схемалық түрде жазу.

  1. Есеп не жайында айтылған?



  1. Есепте не белгілі?



  1. Есепте нені табуымыз керек?

ІІІ кезең Шартын жазу:



ІІІ кезең: Шығарылу тәсілін іздестіру.

  • Есептің жауабын бірден таба аламыз ба?

Есептің шешілу жолын іздестірейік.

  • Бірінші амалда нені табамыз?

  • Есепті қандай амалмен шығарылады? Неліктен?

  • Екінші амалда нені табамыз?

Шығарылу жолы: 1) * 2) +

ІV кезең: Шығаруды жүзеге асыру.

  • Есептің шешуін өз беттерінше көбейту амалын қолдана отырып жазу.

49 *5 =245(тауық) 245 + 49=294

V кезең: Шығарылуын тексеру.

Есептің шешуін кері амалмен тексереміз

294-245=49 245 / 5 =49

VІ кезең: Есепті зерттеу.

Есептің шешуін кері амалмен қарастырып, жауабын алдық.

VІ кезең: Жауабын тұжырымдау.

Шаруа қожалығында барлығы 294 үй құсы бар.

VІІІ кезең: Есептің шығарылуына талдау жасау.

Сонымен есепті 2 амалмен шығара отырып, жауабын таптық.

2230 * 2 = 4460

4884 / 4 = 1221

3060 * 3 = 9180

1680/ 8 = 210





Нұсқа бойынша берілген тапсырмаларды орындап, бірінші аяқтаған оқушылар жауаптарын оқиды

I-нұсқа

3426 ∙ 2 - 3806 = 3046

1208 ∙ 3 + 1258 = 4882

II-нұсқа

2550 : 5 + 5626 = 6136

6126 : 6 - 1005 = 16







34 дм = 3400 мм

2708 м =2 км 708 м

6м 3 см = 6030 мм

36000 см = 360 м

4 км 8 м =.4008 м

7085 м = 708500см



2708 м =2 км 708 м

6м 3 см = 6030 мм

36000 см = 360 м

7085 м = 708500 см

34 дм = 3400 мм

4 км 8 м =4008 м

2708 м =2 км 8 м

7085 м = 708500см

34 дм = 3400 мм

36000 см = 360 м

6м 3 см = 6030 мм

4 км 8 м = 4008 м

6м 3 см = 6030 мм

7085 м = 708500 см

2708 м =2 км 708 м

4 км 8 м =4008 м

36000см = 360м

34 дм = 3400мм







  • Ұзындықты өлшем бірліктерін

Тақтаға шықпаған бір - екі оқушы тақтаға шығып, №5 (өрнектердің мәндерін тап) тапсырманы орындайды. Орындарында отырған оқушыларда өз беттерімен орындайды.

  1. 63см 80мм - 9см 36мм = 54см 44мм;

  2. 54дм 41см - 45дм 28см = 9дм 13см;

  3. 3м 49см - 166см = 349см - 166см = 183см;

  4. 2км 800м - 1900м = 2800м - 1900м = 900м



  • Ұзындық өлшем бірліктерін













1 т 500кг=1500 кг



Б - ні:

3 м - әрқайсысы 1т 500кг картоп тасыды.

Барлығы әкетілген картоп - ?

Шешуі:

1500кг * 3 =4500кг

Жауабы: егістіктен 4500кг картоп әкетілді.









(шаруа қожалығындағы тауықтар мен үйректер жайында)

(49 үйрек және одан 5 есе көп тауық бары)

(Шаруа қожалығында барлығы неше үй құсы бар?)

үйрек- 49

тауық-5 есе көп

Барлығы неше үй құсы?

(Есептің жауабын бірден таба аламыз, себебі бізге бәрі белгілі)

(тауықтың санын?)

( көбейту амалын қолданамыз.себебі 5 есе артық делінген)·

(барлығы неше үй құсы екенін)







Тірек білімдерін белсендіру.



Есептер шығару.

10 мин

Енді №8 есепті шығарамыз.

І кезең: Есеппен танысу, талдау.

1 оқушы дауыстап оқиды: 80бет 8 есеп

Кондитерлік бөлімде бір сағатта бағасы а тг тұратын 3 кг кәмпит және килограмы 240 теңгеден 4 кг кәмпит сатылды. Сатылған тауардан қанша ақша түсті?

Егер а=480; а=350 болса, есептің сұрағына жауап бер.

  1. Есеп не жайында айтылған?

  2. Есепте не белгілі?

  3. Есептің шарты:

  4. Есепте нені табуымыз керек?

  5. Есептің шешуін өз беттерінше 3 амалды қолдана отырып жазу.

  6. Шешімі

  7. Жауабын тұжырымдау.

Бір оқушы кітабындағы №8 есепті дауыстап оқып береді.

Тақтаға бір оқушы шығарады, талдау жасайды.


  1. Есепте конитерлік бөлімдегі тауарлардың сатылымы жайында

  2. Кондитерлік бөлімде бір сағатта бағасы а тг тұратын 3 кг кәмпитжәне килограмы 240 теңгеден 4 кг кәмпит сатылғаны белгілі

  3. а - 3 кг

240 -4 кг

Барлығы-? тг

  1. Сатылған тауарлардан қанша ақша түсті?

Шығарылу жолы: 1) * 2)* 3)+

480×3=1920

240×4=960

1920+960=2880

2)

350×3=1050

240×4=960

1050+960=2010



  1. Жауабы:.

Сатылған тауардан 1 жағдайда 2880 тг, ал 2 жағдайда 2010 тг ақша түсті.

Тірек білімдерін белсендіру.

(10 мин)

Өте жақсы, балалар! Енді оқулығымыздағы №9 есепті шығарайық. Тақтаға шықпас бұрын бір оқушы бізге дауыстап оқып берсін.

Ұста 6 сағат ішінде бірдей 180 бұйым жасап шығарды. Дәл осындай өнімділікпен ол 120 бұйымды неше сағатта жасай алады?

  1. Есеп не жайында айтылған?



  1. Есепте не белгілі?



  1. Есептің шарты:

.

  1. Шешімі



  1. Жауабын тұжырымдау.

Жақсы, олай болса барлығымыз №12 тапсырмаға назар аударайықшы.

1) Төртбұрыштардың қабырғаларының ұзындықтарын өлше.

2) А және С,В және D; М және К, L және N, Е және Р,Т және F нүктелерінің арақашықтықтарын өлше және оларды салыстыр

Бәрекелді, жарайсыңдар. №13 тапсырманы орындап жіберейік. Орындарында отырған оқушыларда өз беттерімен орындайды.

Тік төртбұрыштың ұзындығы 12 см, ал ені ұзындығынан 3 есе қысқа. Тік төртбұрыштың ауданының алтыдан бір бөлігі неге тең?

Өте жақсы, балалар! Енді оқулығымыздағы №14 есепті ( тура теңсіздік шығу үшін шаршылардың орынына қандай натурал санды немесе нөлді жазу керек)шығарайық.

1) 36897×6+778617<1000×1000-___

2) (52304×7-366000)×5>638+_____




  1. Есепте ұстаның жасаған бұйымдары жайында

  2. Ұста 6 сағат ішінде бірдей 180 бұйым жасап шығарғаны белгілі

  3. 180 б- 6 сағ

120 б- ? сағ

120 б- ? сағ

  1. Шешімі

180÷6=30

120÷30=4 cағат



  1. Жауабы: 4 сағат



  • Барлығы 12-тапсырмаға назар аударады


  • Сызғыштарымен өлшеп натижелерін айтады

Ұзындық-12 см

Ені-3 есе қысқа

1/6-?

12÷3=4

12×4=48

1/6×48=8



1) 36897×6+778617<1000×1000-0

(52304×7-366000)×5>638+0 немесе 1

Сабақты бекіту

(2мин)

№15 тапсырма . Көбейтінділердің мәндерін тап. Бұл мына қима қағаздағы тапсырманы кім жылдам орындайды екен, канекей байқап көрейік.


4112 * 2 =

7 * 2101 =

3321 * 3 =

8 * 1100 =

14110 * 5 =

7 * 20101 =

213012 * 4 =

8 * 110102 =


№1

4112 2101

× 2 × 7

8224 14707

№2

3321 1100

× 3 × 8

9963 8800

№3

14110 20101

× 5 × 7

70550 140707

№4

213012 110102

× 4 × 8

852048 880816



Қорытынды



  1. Сонымен біз қандай тақырып өттік?



  1. Сонымен бүгінгі сабақта қандай тапсырмалар орындадық?



  1. Нені үйрендік?



  • көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту

  • ұзындыққа байланысты амалдар, көп танбалы сандарды көбейтуге байланысты

  • көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейтуді



Үй тапсырмасын беру

Тақтаға үй тапсырмасын жазу(қай бет, тапсырма нөмері).

Ал енді балалар күнделіктерімзді ашып, үй жұмысын жазып аламыз.

79б №10 - 11 тапсырма





VIIІ. Бағалау

Оқушылар-дың білімін шыңдау,

алға қарай тарту

(1мин)

Оқушыларға сабаққа қатысуын, белсенділіктерін бағалау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ











САБАҚ ЖОСПАРЫ

ТАҚЫРЫБЫ: көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту










Орындаған: Буконева Сымбат 3-инфо-1

Тексерген: № 16 қазақ орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі

Машаева Г.М_______________

Әдіскер: Байбатырова Т.К___________

Өскемен, 2015 жыл

© 2010-2022