Ашық сабақ: Ондық бөлшектерді салыстыру

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Сабақтың тақырыбы: 5.1. Бөлшек сандардың ондық жазылуы

Сабақтың мақсаты:

  • Ондық бөлшек туралы түсінікпен таныстыру , ондық бөлшекті жазып , оқи білуге үйрету , бөлімінде 2 немесе 5 сандарынан басқа жай көбейткіштер болмайтын жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазуға үйрету.

  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.

  • Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: баяндау ,әңгімелесе отырып түсіндіру,есептер шығару , сұрақ -жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты сызбалар , тірек схемалары , дидактикалық ойындар : «Күн»

Сабақтың өту жоспары:

1 .Ұйымдастыру бөлімі.

2.Сабақтың барысымен таныстыру.

3. Жаңа сабақ түсіндіру.

4.Жаттығу жұмыстары. А , В деңгейінің тапсырмалары.

5.Дидактикалық ойындар .

6.Үйге тапсырма.

7.Бағалау.

Сабақтың барысы:

Күрделі есептеулерді жай бөлшекпен есептеу қиындық туғызады.Сондықтан бөлімдері 10,100,1000 т.с.с жай бөлшектерді бөлімсіз жазу қабылданды.

Мысалы : Ашық сабақ: Ондық бөлшектерді салыстыру

  • Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрлары ондық таңбалар деп аталады.

  • Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан ондық бөлшек деп аталады.

  • Бөлімдері 10,100,1000 т.с.с . разряд бірліктері болатын сандарды ондық бөлшек түрінде жазу үшін :

    1. санның бүтін бөлігін ( ол нөлге тең болуы мүмкін) жазып , одан кейін үтір қою керек;

    2. үтірдің оң жағына берілген бөлшектің алымын жазу керек;

    3. бөлшектің бөлімінде қанша нөл болса , үтірден кейін сонша ондық таңба жазылады.Алымдағы таңбалар аз болған жағдайда үтірден кейінгі (алымдағы ) цифрлардың алдына қажетінше нөлдерді (нөлді) жазу керек.

  • Бөлімдерінің жай көбейткіштерге жіктелуінде 2 ме 5 сандары ғана болатын қысқартылмайтын жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазуға болады.

Мысалы :Ашық сабақ: Ондық бөлшектерді салыстыру

  • Демек , жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін , жай бөлшектің бөлімі 10,100,100 және т.с.с. болатындай натурал санға оның алымын да , бөлімін де көбейту керек.

  • Егер бөлшектің бөлімдерінің жай көбейткіштерге жіктелуінде 2 ме 5 тен басқа да жай көбейткіштер бар болса , онда оны жай бөлшек түрінде есептеу керек.

  • Кез келген ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазуға болады.

4.Жаттығу жұмысы . А деңгейінің тапсырмалары

Оқулықтан № 888,889,890,891,892,893,894 есептердің тақтары

В деңгейінің тапсырмалары. № 896,897,898,899,900,901

5.Дидактикалық ойындар . «Күн»

Тапсырмалар үлестірмелі парақтарға жазылады.

6.Үйге тапсырма .№ 888,889,890,891,892,893,894 есептердің жұптары

В деңгейінің тапсырмалары. № 896,897,898,899,900,901

есептердің жұптары


© 2010-2022