Сабақ жоспары: Натурал сандарды жазу

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары: Натурал сандарды жазу.Математика 5 сынып

Тақырыбы 1

Натурал сандарды жазу

Мақсаты

Оқушылар натурал сандар жайлы түсніктерін қолданып есептер шығаруға үйренеді

Жалпы мақсат

Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту

Күтілетін нәтиже

Оқушылар натурал сандар ұғымын біледі, түснеді және есеп шығаруда пайдаланады

7 модульдің қолданылуы

АКТ", "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық".


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Кім жылдам, Аквариум, Семантикалық карта

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Ұйымдастыру кезеңі





Тренинг

Шаттық шеңберін жасай отырып оқушыларды санау арқылы топқа бөлу

Оқушының мұндағы мақсаты топтасу санау арқылы өз жұптарын тауып бір топ болып құралу

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім

Қызығушылық

тарын ояту

«Миға шабуыл» әдісі


Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру

Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау

Әр топ сұраққа жауап береді

Түсіну

«Кім жылдам» әдісі

арқылы топпен жұмыс жасау

Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру, соларқылы топен жарыс ұйымдастыру

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу

Топпен жұмыс жасау

Қолдану

Өткен тақырыптарға байланысты байланысты «Аквариум» әдісі

Өткен тақырыпты оқушыларға қысқаша қайталау мақсатында осы көрсетілген әдіс бойынша жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады.

Сергіту сәті

«Балапандар биі» атты жаттығу жасау

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.

Талдау

Постермен жұмыс

1 топ Натурал сандардың жазылуы

2 топ Натурал сандармен қолданатын амалдар

3 топ Вен диаграммасы

Топтарға жаңа тақырып бойынша сабақты толық меңгерту мақсатында өз пікрлерін сурет арқылы қорғайды, ол үшін конвертке салынған сұрақтар таратылады. Тақырыптар туралы өз ойларын суретке салады

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, тақтаға шығып тапсырманы қорғау

Жинақтау

Семантикалық картамен жұмыс орындау

Топ бойынша есептер шығарту

Өрнек түрінде жазып мәнін есептеп шығар:


а) 42 мен 6-ның көбейтіндісін 3-ке бөл.

б) 72 мен 2-нің бөліндісін 9-ға көбейт.


«Натурал сандар » ( Топ бойынша семантикалық картаны толтырады, жинақтайды бағалау

Оқушылардың мақсаты берілген семантикалық картадағы сұраққа өз ойларын толтыру арқылы жеткізу

Бағалау

Өзін-өзі бағалау (2 мин)

Бағдарша, бағалау парақшалары

Бағалау парақшалары мен бағалау шкаласын беру

Топпен және жеке өзін өзі бағалайды

Рефлексия

Стикерлерді толтыру Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)

ББҮ кестесін толтыру


Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру





Анықтама: Қандай да бір нәрсені санау үшін пайдаланатын сандар _____________ деп аталады.

Мысалы:__________________________________________________________

•Анықтама: Өсу ретімен жазылған 1,2,3,4,5, ... натурал сандар натурал қатарды немесе натурал сандар қатарын құрайды.

Төмендегі сөйлемді толықтырыңдар:

Натурал қатардың ең кіші саны _______

және ең үлкен саны __________________________________________________________________

Ескерту: Нөл натурал сан емес.

Сандар 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 белгілері арқылы жазылады.

• Анықтама: Натурал сандарды жазу үшін қолданылатын белгілер цифрлар деп аталады. Цифрлар______________________________________________

Жұп цифрлар____________________________________________________ Тақ цифрлар _____________________________________________________

Толықтырыңдар:

Жұп цифрлармен аяқталған сандар ______________ деп аталады.

Тақ цифрлармен аяқталған сандар _______________ деп аталады.

Әрбір натурал сан разрядтарға бөлінеді. Разрядтарды оқығанда оңнан солға қарай оқимыз.

Мысалы: 32507 санының разрядтары бойынша оқы: бірліктер разрядында _____ цифры,

ондықтар разрядында _____ цифры, жүздіктер разрядында _____ цифры, мыңдықтар разрядында _____ цифры, он мыңдықтар разрядында 3 цифры жазылған.

Санның жазылуындағы разрядтар үш-үштен біріктіріліп кластарға бөлінген.

Алғашқы үш разряд бірліктер класы деп аталады. Оған:________________________________________ кіреді.

Төртінші, бесінші, алтыншы разрядтар мыңдықтар класы деп аталады.

Оған: _______________________________________ кіреді.

Келесі үш орынды миллиондар класы, ары қарай миллиардтар класы т.с.с кете береді.

3.2. Келесі сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазыңдар:

4586 =________________________ 5540 = ________________________



ііі. ЖАТТЫҒУЛАР


Деңгейлік тапсырмалар: І деңгей тапсырмалары

1. 1) 23; 429; 81 923; 139 989; 299 999 натурал санынан кейінгі; 2) 29; 729; 1 00; 872 100 натурал санының алдында келетін 5 натурал, 3 жұп, 23 тақ натурал санды атаңдар.

2. Сандарды цифрмен жазыңдар:

1) елу екі мың алты жүз екі; 2) тоғыз жүз жеті мың төрт жүз жиырма бес;

3) екі миллион он мың тоғыз; 4) жеті миллион бір мың төрт.

3. Кітаптан төменде көрсетілген номердегі есепті шығарыңдыр:

№ 4. Мәтінде кездесетін сандарды цифрмен жазыңдар:

4. 11; 12; 13; 14; 15; 16; 17; 18; 19; 20; 312; 474; 558; 327; 441; 777 сандарының арасынан а) жұп сандарды ә) тақ сандарды теріп жазыңдар.

ІІ деңгей тапсырмалары

1. 1) 4, 5; 2) 1, 2, 3 цифрларын қолданып, барлық екі таңбалы санды жазыңдар. Олардың арасында а) жұп сан; ә) қанша тақ сан бар?

2. Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазыңдар:

1) 91=______________________ 2) 384 =_____________________

3) 4295=____________________ 4) 59231=___________________

5) 50 =______________________ 6) 290075=___________________

3. a) 5 және 21; ә) 229 және 343; б) 1001 және 1441 сандарының арасында қанша натурал сан орналасқан?

а)5 және 21______________1,2,3,4,5,6…21________21-4 = 17 сан___________

ә) 229 және 343______________ б) 1001 және 1441____________


ІІІ деңгей тапсырмалары

-шартты белгісіне назар аударыңдар.

Әрбір мұндай санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазуға болады.

Мысал: Сабақ жоспары: Натурал сандарды жазу. = m Сабақ жоспары: Натурал сандарды жазу., Сабақ жоспары: Натурал сандарды жазу. = 3Сабақ жоспары: Натурал сандарды жазу.



Топтық жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлініп төмендегі есепті шығарады.

Әрбір топ берілген есептердің нұсқауына сәйкес тапсырманы орындайды, талдау жасайды.

І топ. Қанша екі таңбалы;

ІІ топ. Қанша үш таңбалы;

ІІІ топ. Қанша төрт таңбалы натурал сандар бар? Ол сандардың арасында қанша

а) жұп сан; ә) тақ сан бар?



© 2010-2022