Конспект по математике Кім жылдам? (6 класс)

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:

«Көңілді тапқыштар» сайысы

Мақсаты:

Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлықпен жылдамдыққа баулу, білімдерін арттыру.

Түрі:

Сайыс

Көрнекілігі:

Магнитті тақта, нақыл сөздер, сайысқа қажетті заттар, ұпай саны жазылатын плакат, шарлар, конверт, карточкалар.

Сайыстың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Кіріспе.

Құрметті ұстаздар!. «Зеректер» мен «Тапқырлар» тобының сайыскерлері.

Математика - ермек емес балалық,

Математика - көргендік, даналық - деп, бүгінгі сайысқа келіп, өздерінің білімдерін, тапқырлықтары мен алғырлығын сынау үшін, тапқырлықпен шапшаң жауап бере алатындықтарын дәлелдегелі отыр.

Алдымен, сайыстың жоспарымен таныстырайын:

  1. бөлім. Математикалық санамақ.

  2. бөлім . Математика және біз.

  3. бөлім. Математикалық атаулар.

  4. бөлім. Математика және логика.

  5. бөлім. Математикалық почта.

  6. бөлім. Фигуралар.

ІІІ. Біздерде бар санамақ,

Өздерің көп саралап, - дей келе сайысымыздың 1-бөліміне келейік.

1 дұрыс жауап 1- ұпай.

  1. Түйе, бота маң басқан.

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой (19)


  1. Тал басында тізіліп,

Он жапырақ тұр еді.

Жел соқты да үзіліп,

Ұшып кетті біреуі.

Ізінше оның жұлынып,

Түсті тағы бесеуі,

Тұр әлі де ілініп,

Жапырақтың нешеуі? (4)


  1. Мынау да бір санамақ,

Өздерің көр саралап.

Төбеден төрт бөктергі,

Аңдыпты қос кептерді.

Шаңқылдаса көк қарға.

Үн қоспапты көп қарға.


  1. Секе ап бір сауысқа,

Тезектеп бес сауысқан.

Алды белден асыпты.

Тым тырақай қашыпты.

Тасқа да құлап түсіпті.

Жарда жеті жапалақ,

Отырғанда қаталап,

Топ-топ тоғыз тоқылдақ.

Қарғып кеткен топырлап.

Сөйтіп қызық іс болды.

Бәрі қанша құс болды? (23)

2-бөлім. Музыка және математика.

Мына қосымшаны пайдаланып, жылдам есептеу қажет:

Дәуіт - екі, 26 =

Трио - үш, 10 =

Квартет - төрт, 7 =

Септеп - бес, 8 =

Октет - жеті,

Нонет - тоғыз.

3-бөлім. Математикалық атаулар.

П-дан басталатын математикалық терминдер, атаулар жазу керек. Неше сөз жазса, сонша ұпай аласыңдар.

4-бөлім. Математика және логика.

  1. 1 2 3 4 5 6 = 1. Арларын қосу, азайту амалдарын қою арқылы есепте.

  2. 0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9 сандарының көбейтіндісі әлде қосындысы артық?

  3. 2 және 3 сандарының арасында қандай белгі қойғанда 2-ден артық 3-тен кем сан шығады?

  4. Бөлгіштерінің қосындысы өзіне тең санды кемел сан немесе тамаша сан деп атайды. Сондай сан 6-ы.

6-ның бөлгіштері; 1:2:3

6 =1+2+3.

  1. Тиімді тәсілмен есептеңдер.

11 * 12 =

11 * 13 =

11 * 14 =

11 * 15 =

11 * 16 =

11 * 17 =

11 * 18 =

11 * 19 =

11 * 20 =

1

1


1


2:2:2:3:3:3 сандарын бос торкөздерге орналастырғанда тігінен де көлденеңінен де, диагоналінен де 6 шығатын болуы керек.

5-бөлім. Математикалық почта.

2 конвертке бүтін сандарды ғана теріп салу керек.

-6; 108; 0;9; -3; 71; 0,001; -0,3.

6-бөлім. Фигуралар.

  1. Бұл қай фигураның жазбасы (развертка).

  2. V табыңдар.

  3. Бір бетінің (S) ауданын тап.






IV. Қорытынды.

Сонымен, балалар бүгінгі сайысымызды аяқтайық.

Дүниедегі құбылыстың мәніне,

Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де

Мүмкін емес есептерсіз түсіну,

Есеп деген кілті әлі де - деп сайыс жеңімпазы ұпай саны бойынша анықталады.

© 2010-2022