Қысқа мерзімді жоспар. Үшбұрыштың түрлері

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пәні

Геометрия

Класы

7

Күні 23.10.2013

Сабақтың тақырыбы

Үшбұрыштар және оның түрлері

Мақсаты

Сындарлы оқыту теориясы негізінде оқушылардың өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру. Үшбұрыш туралы білімдерін кеңейту, үшбұрыштардың барлық элементтерін; қабырғаларының ұзындықтары мен бұрыштарының шамаларына қарай оның түрлерімен таныстыру, оларды қолданып есептер шығаруға үйрету.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар өз бетімен меңгеру арқылы Үшбұрыш туралы білімдерін кеңейтеді, үшбұрыштардың барлық элементтерін; қабырғаларының ұзындықтары мен бұрыштарының шамаларына қарай оның түрлерімен танысады, оларды қолданып есептер шығара алады, өмірдегі қолданысын түсінеді.Топпен, жұппен жұмыс жасай біледі. Өз ойларын еркін, жан - жақты жеткізуді үйренеді.

Түйінді идея

Оқушылардың сыни ойлауы артады,топтық жұмыс арқылы бірге ойлауға үйренеді, диалогты қолдану арқылы сөйлеу мәдениеті жүйеленеді.

Уақыты

Ресурсы

Стратегия

Сабақтың мазмұны:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті





2'

Смайликтер

Ұйымдастыру. Сәлемдесу. «Жүрек жылуы» тренингі. Көңіл-күйлерін смайликтер арқылы білу.

Оқушылар дөңгелене тұрып, бір-біріне жүрек ұсына отырып жылы сөздерін айтып, лебіздерін білдіреді, көңіл-күйлерін «Біздің көңіл күйіміз» тақтасында көрсетеді.

3'

Кеспе қағаздар

Оқушыларды топқа бөлу. Үш нұсқа бойынша топқа бөлінуге болады:

  1. Кеспе түстеріне қарай: қызыл, жасыл, сары, күлгін, көк.

  2. Фигуралар бойынша: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, көпбұрыш, жарты шар.

  3. Кеспелерде жазылған мәліметтер бойынша: Бұрыштық шамалар, ұзындық өлшем бірліктері, салмақ өлшем бірліктері, рационал өрнектер, сандар.

Дайындалған кеспе қағаздарындағы мәліметтер арқылы топқа бөлінеді.

Интерактивті тақта

Қызығушылығын ояту

Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі, сұрақтар қойылады,сол арқылы сабақтың тақырыбы ашылады.

  1. суретте не байқап отырсыз?

  2. Тақтада не бейнеленген?

  3. Ал мынау ше?

  4. Мынау неге ұқсайды?

  5. Табиғат қандай әдемі?

  6. Суретте не бейнеленген?

Барлығына ортақ қандай бейнені байқадық?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп отырады


12'

Мағынаны тану

Оқулық , плакат, маркер

Блум токсономиясы

Түсіну , тану, білу. Оқушыларға жаңа сабақтың мәтіні таратылады.өздері меңгереді. Постер жасау арқылы білімдерін толықтырады

Әр топ өздері мәтінді жеке оқып түсінеді, түсінгендерін ортаға салып постер жасайды, топтан бір оқушы шығып қорғайды.

.

10'

Кеспе қағаз, стикер, слайд

«Бинго»

Қысқа мерзімді жоспар. Үшбұрыштың түрлеріҚолдану. Бинго ойыны арқылы тапсырманы таңдап , есептер шығару.

Оқушылар тапсырманы таңдап алып орындайды.

3'

Интерактивті тақта, ролик

Сергіту

Сергіту сәтін жасау.

  1. Сүйір бұрыш

  2. Доғал бұрыш

  3. Тік бұрыш

  4. Тең бүйірлі үшбұрыш

  5. Тең қабырғалы үшбұрыш

Әр топ Лентаны қолдану арқылы өздеріне берілген тапсырманы келесі топқа көрсетеді, нені бейнелеп тұрғанын табу қажет.


10'

Ой-толғаныс

Смайликтер, слайд.

Жинақтау. «Интервью»

  1. Үшбұрыштың неше төбесі бар?

  2. Теңқабырғалы үшбұрышты теңбүйірлі үшбұрышқа жатқызуға бола ма?

  3. Үшбұрыштың неше қабырғасы болады?

  4. Тікбұрышты үшбұрыш теңбүйірлі бола ала ма?

  5. Үшбұрышта неше бұрыш болады?

Микрофон ұсынылған оқушы өзінің сұрағын кез-келген бір оқушыға қояды. Осылайша бекіту сұрақтарына жауап береді.

Өзін-өзі бағалау парағы

«Бағдаршам» әдісі

Сабақтың басында әр топқа таратылған критерий бойынша бағалау парағын әр кезең бойынша толтырып отыруды тапсырады.

Топтың ішінде өздері сайлаған бағалаушы әр оқушыны критерий бойынша бағалап отырады, қорытынды бағаны «Бағдаршам» әдісі бойынша жасалған плакатта көрсетеді.

5'

Слайд,

«MMDEN/S»

Қысқа мерзімді жоспар. Үшбұрыштың түрлері

Оқушылар өздерінің дайындап әкелген бес саусақтарына өздерін бағалайды.

Не сәтті өтті ?

Топқа шапшаң бөлінді, ойларын толық қорыта білді, өзін-өзі бағалауды оқушылар қызығушылықпен орындады.

Не сәтсіз өтті ?

Топпен жұмыста кедергі жасаған балалар болды. Есептерді қате шығарған оқушылар болғандықтан бағалауға уақыт аз қалды.







Шебер-класс: «Сындарлы оқыту теориясы негізінде оқушылардың өзін-зі дамыту қабілетін қалыптастыру»

Қатысушы мұғалімдердің сипаттамасы: Ақтөбе, Қарғалы, Алға, Мәртөк

© 2010-2022