Математика сабағынан сынып тан тыс іс-шара-Графиктер

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика сабағынан сынып тан тыс іс-шара-ГрафиктерКүні: сыныбы: 8-сынып

Тақырыбы: Графиктер әлемі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. Графиктер туралы алған білімдерін қайталап, естеріне түсіру, алған білімдерін бекіту, тереңдету, қасиеттерін меңгерту. Графиктерді бир-биринен айыра білу, қасиеттерін қолдана отырып есеп шығара білу.

2. Дамытушылық: логикалық ойлау, талдау, жүйелеу,сызу қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: ұқыптылыққа, істі жауапкершілікпен тиянақты атқара білуге тәрбиелеу.

Типі: қайталау

Әдісі: ойын, практикалық

Формасы: сайыс сабақ

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру.

1. Амандасу

2. Оқушыларды түгендеу

3. Оқушылардың және сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру.

4. оқушылардың назарын сабаққа аударту. Топқа бөліп, отырғызу.

Баяғыда білім,ғылым өркендей бастаған шақта, 1637 жылы француз ғалымы Рене Декарттың (1596 - 1650) еңбегінің арқасында Декарттық координаталар жүйесі дүниеге келеді. Сөйтіп ол өніп-өркендеп қазір адамдардың өмірінде, олардың жұмыстарында қолданылып келеді. Ол қалай болды, біз қазір осыны баяндамақшымыз.

Ол алдымен бізге бастауыш сыныптарда оқытылды. Одан кейін 6-сыныпта рационал сандарды қосуға, азайтуға көмектесті. Ол былай болды.

Берілген нүктелерді координаталық сәулеге кескіндеңдер (5-слайд).

Барлық топқа. Еске түсіру үшін орындалатын тапсырма.

1-тапсырма

Тірек схемалар бойынша сұраққа жауап алу (6-слайдтан бастап). Бірінші болып дұрыс жауап берген топқа бір ұпайдан, (әр дұрыс жауап үшін бір жұлдыз беріледі).

Математика сабағынан сынып тан тыс іс-шара-Графиктер

Одан кейін 7-сыныпта координаталық жазықтықтан нүктелердің орнынын табуды үйрендік.

2-тапсырма

Берілген нүктелердің координаталарын табыңдар.(әр топ координаталарды параққа жазып әділқазылар алқасына береді, әділқазылар алқасы оны дұрыс жауаптарымен салыстырып, бағалайды)

Математика сабағынан сынып тан тыс іс-шара-Графиктер

N(-5;6), K(-6;3),F(-4;1), A(6;4),M(5;0),C(-7;-5),B(-2;-3),D(2;-8), P(9;-3).

Координаталық жазықтықта нүктелерді белгілеу арқылы түрлі суреттер салдық.

Енді дүниеге графиктер келе бастады. Ең бірінші сызықтық график пен оның теңдеуі дүниеге келіп, ол бізді оқытуға 6-сыныпқа келді. Біз олардың қасиеттерімен таныстық, график сыздық, берілген графигі бойынша теңдеуін жазып үйрендік. Ол былай болды.

3-тапсырма. Сұрақ-жауап

  1. Графиктің бұрыштық коэффициентіне байланысты қасиеттерін айтыңдар.27, 29-слайд.(бірінші болып жауап берген топқа бір ұпай беріледі. Әр дұрыс жауап бір ұпай).

Математика сабағынан сынып тан тыс іс-шара-Графиктер

Математика сабағынан сынып тан тыс іс-шара-Графиктер

  1. Математика сабағынан сынып тан тыс іс-шара-Графиктер

Бұрыштық коэффициент 0 ден үлкен болса функцияның мәндері өсе ма, кеми ма? Ал 0 ден кіші болса ше?(30-слайд)

3.32-слайд

Математика сабағынан сынып тан тыс іс-шара-Графиктер

4) графиктің теңдеуін жазыңдар. 34-слайд

Математика сабағынан сынып тан тыс іс-шара-Графиктер

Осылайша 6-сыныптан соң 7-сыныпқа параболла, кубтық параболла,гиперболла деген графиктер келді. Біз олардың қасиеттерін меңгеріп, графиктерін салуды үйрендік. (y=x2; y=x3) 36. 37-слайд

Сөйтіп y=x2 функциясының үрім-бұтағымен 8-сыныпта толық танысып болдық. Олар : у=ах2+вх+с 43-слайд

4-тапсырма

Постер қорғау

Әр топқа бір-бір есеп беріледі. Олар сол есепті шығарып, графигін сызып оны қорғайды.

1-топ. у=(х-2)2

2-топ. у=(х-2)2+1

3-топ. у= -х2-3

Әділқазылар алқасы бағалайды.

Жақсы балар!

Осымен біз осы уақытқа дейінгі графиктер әлеміне шолу жасап өттік. Алдағы уақытта бізді әлі де графиктердің қызықты әлемі күтіп тұр.

Енді осы графиктер қайда қолданылады, олар туралы не білеміз? Ой бөлісейік

Қызметтің барлық саласында қолданылады.

  • 5-тапсырма. Суреттегі графиктер қалай алынған, түсіндіріп беріңдер.

43-45 слайд

6-тапсырма. Сәйкесткндіру тесті

Сабақты қорытындылау. Жеңімпаз топ марапатталады.

© 2010-2022