Ашық сабақ 6-сынып Тақырыбы: Координаталар бойынша нүктені салу

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мүғалім: Каментиков Е.К

Математика: 6 сынып

Сабақ

Күні: 24.02.14

Сабақтың тақырыбы: Координаталар бойынша нүктені салу.

Координаталық жазықтықта суреттер сала білу дағдыларын қалыптастыру, координаталық жазықтықта суреттер салу тақырыбы бойынша оқушылардың қызметін ұйымдастыру.

Оқушылардың математикалық сөйлеу, ойлау қабілетінің дамуына, ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына ықпал жасау.

Сыныптастарымен сыйластық қарым-қатынаста болуға, ұқыптылыққа, белсенділікке, мұқияттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

2. Топқа бөлу (Карточка арқылы)

Сергіту сәті.(Бір-біріне тілек айту)

3. Үй жұмысын тексеру. Берілген координатаға сәйкес әріпті кою керек. Бұл

тапсырмаларда координаталары бойынша оқушы нүктелерді дұрыс тапқан жағдайда Ұлы

математик және философтың есімі шығады. Оқушы сол Ұлы тұлға туралы не білетінін

айтып беруі керек.

4.Оқулықпен жұмыс. №1136(1), №1140(1,3).

5. Топтық жұмыс (Постер қорғау)

Берілген координаталарды координаталық жазықтықта белгілеп, өзара қосқанда бір аңның суреті шығады. Бұл қандай аң ?Динозавр

1 топ

(1;2) (3;4) (7;5) (9;4) (14;0) (20;-6) (10;0) (9;-2) (9;-4) (6;-4) (7;-3) (7;-2) (2;-2)

(2;-4) (-1;-4) (0;-3) (0;0) (-5;4) (-7;4) (-8;5) (-6;7) (-5;7) (1;2) глаз (-6;6).

Ашық сабақ 6-сынып Тақырыбы: Координаталар бойынша нүктені салу

-Кандай анның суреті шықты ?(динозавр)

2 топ

Берілген координаталарды координаталық жазықтықта белгілеп, өзара қосқанда бір аңның суреті шығады. Бұл қандай аң ? (тышқан)

(-6;0) (-3;2) (-4;3) (-3;4) (-2;4) (-1;3) (-2;2) (-1;2) (0;3) (3;3) (5;1) (5;0) (3;-2)

(2;-2) (3;-1) (0;-1) (-1;-2) (-2;-2) (-1;-1) (-3;0) (-6;0)

Қосымша (-3;1) (5;1) (7;3).

3 топ

Берілген координаталарды координаталық жазықтықта белгілеп, өзара қосқанда бір аңның суреті шығады. Бұл қандай аң ? (мысық)

(-2;0),(0;2),(-2;6),(0;8),(-2;9),(-2;12),(-1;11),(2;12),(2;9), (0;8), (2;6), (5;5), (5;0) , (7;6), (6;0)

Нүктелер (-1;10), (1;10), (0;9).

6. Қайталау сұрақтары .

  1. Жазықтықта екі түзудің өзара орналасуының қандай жағдайлар бар?

  2. Қандай екі түзуді қиылысатын түзу дейміз?

  3. Қиылысатын түзулер жазықтықты неше бұрышқа бөледі?

  4. Қандай түзулерді перпендикуляр түзулер дейміз?

  5. Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?

  6. Берілген түзуде жатпайтын бір нүкте арқылы түзуге параллель неше түзу жүргізуге болады?

  7. Бір түзуге перпендикуляр екі түзу өзара қиылыса ма?

  8. Координаталар жүйесі қалай құрылады?

  9. Координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталары қалай аталады? Қалай анықталады?

7. Қорытынды бөлім.

Рефлексия:

Нені білдім?

Нені үйрендім?

Нені білгім келеді?



Бағалау - бағалау парағы бойынша жүргізіледі.

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні______________________________________

Үй тапсырманың

орындалуы

Оқулықпен жұмыс

Есептер шығару

Постер қорғау

Қайталау сұрақтары

8,9жауап- 5

5,6,7 жауап- 4

3,4 жауап 3

Қосымша

тапсырмалар

Қорытынды

баға



Үйге тапсырма:

Т.А. Алдамұратова оқулығынан -

№ 1136(2), 1140 (2), 1145.

Сабақтың қорытындысы:

Бүгінгі сабақта: Мен … таныстым. Мен … үйрендім. Маған … ұнады. Маған … ұнамады.

Менің көңілім … тамаша - қызыл, жақсы - сары, қанағатты - жасыл.

© 2010-2022