- Преподавателю
- Математика
- Презентация по математике «Өткен тақырыпты қайталау»
Презентация по математике «Өткен тақырыпты қайталау»
Раздел | Математика |
Класс | - |
Тип | Презентации |
Автор | Рсмагамбетова А.Т. |
Дата | 31.12.2013 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Ашық сабақ жоспары. Пәні : Математика
03 Ноя, 12:00
Тақырыбы : Өткен тақырыпты қайталау
Өткізген сынып : 2 «б»
Өткізген мұғалім : Казымбетова Г.К.
Мақсаты:
1-Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін тереңдету. Есепті ауызша, жазбаша сурет бойынша құрастыру,шығару .
2-Оқушылардың есеп шығару барысында толық жауап беру арқылы байланыстырып сойлеу қабілеттерін дамыту. Есте сақтау қабілеттерін, зейіндерін, байқағыштарын арттыру.
3- Салауатты өмір салтын тәрбиелеу. Спортшы бейнесін елестету арқылы
Сабақ барысында спортшы бойындағы бар қасиеттерге ( жылдамдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа, зеректікке) еліктеуге ұмтылдыру.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы, жарыс.
Әдісі: Сұрақ жауап, жарыс, саяхат.
Пәнаралық байланысы: дене шынықтыру
Қажетті құралдар: презентация, смайликтер (қызыл , жасыл), карточкалар, қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: топқа бөліну, амандасу:
Қайырлылы күн, ұстаздар!
Қайырлы күн, қонақтар!
Тай құлындай тебіскен,
Армысындар жас достар!
Кіріспе:
Бүгін біз сабақта өткен тақырыптарды қайталаймыз : «11- ден 20- ға дейінгі сандардың ондық құрамы»
Балалар, былтыр Қазақстанда қандай әлемдік , спорттық іс шара өтті?
Қысқы Азиада ойыны.
Ал Азиада дегеніміз не?
қысқы Азия ойындары , Қазақстанның екі қаласында Астанада және Алматыда өтті.
Азиада еліне саяхат жасай отырып, жарыс өткіземіз. Өте жақсы орындалған тапсырмаларға қызыл смайликтер, ал жақсы орындалған жасыл смайликтер беріледі.
Ал, енді жарысты бастаймыз. Осы топтардың ішінде кім Азиада ойындардың жеңімпазы болады екен?
Үш топқа бөлінеді : «Жылдамдар», «Жүйріктер», «Мықтылар».
1.Тиісті сандарды қой
.
13- 4 + * = 14 6+ 2 + * = 15 4 + 8 + * = 7
3 + 5 + * = 12 5 + 1 + * = 14 16 - 8 + * = 14
7 + 5 + * = 15 7 + 3 + * = 15 17 - 9 + * = 11
13 - 6 + * = 11 17- 9 + * = 12 15 - 8 + * = 14
Слайд № 1 «Биатлон» бірнеше ату шебінде кіші калибрі винтовкадан жатып және тұрып ататын шаңғы жарыстары.
2 Сурет бойынша сөз құрастыру . Кері есеп шығару
Шарты:
Қосалқы - 7
Негізгі - ? 18
Слайд .№2. «Хоккей» мұз алаңында өтетін спорттық командалық ойын . Ойыншылар доптаяқты пайдаланып , қарсылас команданың қақпасына допты соғуға талпынады .
Көзге жаттығу:Орындықта жақсы отырып , көздерімізді алақандарымен жауып елестету : «Сендер көрермен ретінде , төреші немесе спортшы 1, 2, 3, орынды алып жеңімпаз болып міңбеде тұрсындар»
Көздерімізді ашамыз, сергіту сәтін жасаймыз:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Уақытыңда жаттығуды жасаймын,
Білім нұрын бойға жинап аламын.
3.Ойын «Тізбек» ауызша есептеу
9 + 9 - 10 + 6 - 14 +20 = 20
8+ 5 - 3 + 6 - 8 + 12 =20
5 + 10 - 7 +4 - 5 + 13=20
- 20 саны Қазақстанға қандай қатысы бар?
- Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл.
3.Теңдеу құрастыру
Слайд №3 «Мәнерлеп сырғанау» бұл спортшының музыка ырғағымен мұзда конькимен жасалатын қимыл қозғалысы (жұптық сырғанау , спорттық билер , синхронды сырғанау болып бөлінеді)
4.Ойлан , тап: - қосу немесе азайту амалын қой , () - тиісті санды қой .
3+ 4 > 2 * ()
7 * 3 > 8 - 2
() + 4 > () - 3
9*1 > 5* 4
9 -() < 8 - 1
() + 2 < 4 * 3
5 .Геометриялық фигуралардан басқа фигура құрастыру .
«Танграм» ойыны
Танграм - шамамен 4000 жылдық тарихы бар қытай ойыны. Белгілі бір қатынаста кесілген 7 әртүрлі фигуралар арқылы алдын ала білетін немесе жаңадан ойлап қалаған бейненің кескінін келтіру.
Ойын шарты
Әрбір құрастырылатын бейне ойының барлық жеті фигурасымен құрастырылуы тиіс, яғни жетіден аз таспен құрастырылған бейне Танграм ойыны болып есептелмейді.
Фигуралар бірінің үстіне бірі шығып кетпеу керек, бір жазақтықтың бойымен ғана орналасады.
Фигуралар бір - біріне толықтай немесе белгілі бір бөлігі тиіп тұрады. Ең болмағанда бір нүктеде жанасып тұруы тиіс . Яғни , қандай да бір фигура қалғандарына алшақта тұра алмайды. Бұлай болса ойын шарты бұзылмайды.
Қорыту :
-Бүгінгі сабақ ерекше болды ма? Қандай тақырыпты қайталадық.
- Қандай спорт түрлерімен таныстық?
- Қалай ойласыңдар «Азиада ойының» мақсаты неде?
- салауатты өмір салтын ұстану
- достық қарым -қатынасты басқа елдерімен нығайту .
Осы ойынға Қазақстан елінен басқа 25 елдері қатысты . Бұл Тәуелсіздіктін арқасында.
Бағалау: Жеңімпазды аңықтау .
Үй жұмысы: 48 бет . №1 ,№2.
Оқушылар
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер, білім көп алып,
Өсе берсін санамыз.
Сендерге, рахмет болашақта дүниежүзілік Азиада ойындарының жеңімпаздары болуларына тілек білдіремін.
Скачать файл