XXI ғасыр көшбасшысы 5класс

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ХХІ ғасыр көшбасшысы

Пән: Математика

Сынып: 5, 6

Сабақ тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушылардың танымдық көзқарасын, ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлау, шапшаңдық, ізденімпаздық, іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, өз пікірін қорғай алуға үйрету, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімін көтеру.

ә) тәрбиелік: оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, өз ойын жеткізе алуға, адамгершілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

б) дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, есте сақтау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ типі: Интеллектуалды ойын

1 - жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар, әділ қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Әсемпаз болма, әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан,- деген Абай атамыздың сөзін қайталай келе ойынымыздың шартын түсіндіре кетсек. Сайысымыз төрт кезеңнен тұрады.

2 - жүргізуші: 1- кезең БӘЙГЕде берілген. Оған бірінші болып тетікті басқан оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 баллдан есептеледі. Кезеңнің соңында ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.

1 - жүргізуші: 2 - кезең ПОЛИГЛОТта әр түрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ - орыс - ағылшын тілінде жауап беруге тиіс.

Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір - бір балдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген сұраққа 3 балл беріледі. Толық жауапқа 5 балл. Екі кезеңде балы аз екі оқушы келесі кезеңге өте алмайды.

2-жүргізуші: 3-кезең «Ғажайып жетілікте» оқушылар әр тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі.

4-кезең «Жорғада» балы жоғары екі оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке жеке тапсырманы орындап шығуы тиіс.

1-жүргізуші:

Ойын толып жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

2-жүргізуші: «Батылдық балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларды ортаға шығарайық. Ойынға оқушы қатысады.

  • Оқушы

  • Оқушы

  • Оқушы

  • Оқушы

  • Оқушы

  • Оқушы

  • Оқушы

  • Оқушы

1-жүргізуші: Ендігі кезек әділ қазылар алқасы

1

2

3

4

2-жүргізуші: Бақпен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Ал жас қырандар «Бәйге» турын бастаймыз.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

1-кезең БӘЙГЕ

  1. Столдың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса , неше бұрыш қалады? (5)

  2. Егер 1 жұмыртқаны 4 минут қайнатса, 5 жұмыртқаны неше минут қайнатады? (4 минут)

  3. Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр. Осы ұйде қанша жан отыр? (3 жан)

  4. 4 қасқыр 4 қойды 4 сағат жейді, ал 10 өасөыр 10 қойды неше сағат жейді? (4 сағ)

  5. Үш түйе құс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Қаншасы қалды? (3 түйе құс. Олар ұшпайды)

  6. Бір жанұяның 5 ер баласы және олардың әр қайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6)

  7. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)

  8. 1 тонна мақта ауыр ма, әлде 10 центнер темір ауырма? (тең)

Әділ қазылар алқасы сөз кезегі өздеріңізде. Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығарылады.

1-жүргізуші:

«Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.» деп Қ.Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық.

2-кезең ПОЛИГЛОТ

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында

Ұзындығы жазулы тұр бойында. ( сызғыш-линейка-a ruler)

  1. Қабат қабат қаптама, ақылың болса аттама. (кітап-книга-book)

  2. Жиырма төрт батыр, бірін-бірі жеп жатыр. (дойбы-шашки-a strip)

  3. Ең кіші натурал сан? (бір-один-one)

  4. Көз қорқақ, . . . батыр. ( қол-рука-hand)

  5. Жүз теңгең болғанша,

Жүз . . . болсын. ( дос - друг - friend)

Ұпайы аз екі рқушыны анықтайық.

2-жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын.

3-кезең ҒАЖАЙЫП ЖЕТІЛІК

Ғалымдар

Тарих

Математика

Әр түрлі

10

10

10

10

20

20

20

20

30

30

30

30

Ғалымдар: 10. Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған ғалым?

(Әл Фараби)

20. «Миллион» ұғымын қазақ жеріне алғаш таратқан кім?

(Алтынсарин)

30. «Арифметика математиканың, математика ғылымдардың патшасы» дегенді айтұан кім?

(Гаусс)

Тарих: 10. Шахматтың отаны? (Үндістан)

20. «Арифметика» кімнің еңбегі? (Диофанд)

30. математикада Зевс құдайына жаңалық ашқаны үшін жүз өгіз сойып құрбан еткен кім? (Пифагор)

Математика: 10. Төртбұрыш қабырғаларыны қосындысы? (Периметр)

20. Жай сан дегеніміз не? ( бірге және өзіне бөлінетін сан)

30. 6 - сынып математика оқулығының авторы? (Т.А.Алдамұратова)

Әр түрлі: 10. 121 нешенің квадраты? (11)

20. Бөлмеде екі ана, екі қыз болған. Бөлмеде неше адам? (3)

30. « Алтыбақан » ойынына 12 жұп қатысты. Ойын аяқталғанда жеңілген қыздардың саны ойынға қатысқан қыздардың санынан 3 есе аз екендігі белгілі болды. Ойында қанша ер бала, қанша қыз бала жеіске жетті?

(4пар)

Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.

1-жүргізуші:

Жоғары, жоғары, жорғала

Шапшаңдыққа таң қалма.

Ойын деген арталас

Жеңілемін деп ойлама.

4-кезең ЖОРҒА

2-жүргізуші: Ойыннын шешуші сәті төрешілер өздеріңізде. Жеңімпазды анықтап і, марапаттау.

1- жүргізуші: зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.

© 2010-2022