ҚМЖ тақырыбы Қисық сызықты трапеция. Қисық сызықты трапецияның ауданы (11 сынып)

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Тексерілді"

___________________________

директордың ОІЖ орынбасары

Алгебра және анализ бастамалары пәні бойынша № 9 сабақ

Өткізген күн: 21.09.2015 ж.

Сыныбы: 11"Ә" Пән мұғалімі Еспентаева Клара Кумаргалиевна

Тақырыбы: Қисық сызықты трапеция. Қисық сызықты трапецияның ауданы.

Күтілетін нәтиже:

  1. Білу және түсіну: Дәл жоғарғы және дәл төменгі шен, қисық сызықты трапеция ауданы туралы ұғымды және қисықтармен шектелген қисық сызықты трапецияны кескіндей білу.

  2. Қолдану: Алғашқы функция ұғымын қолдану арқылы, қисық сызықты трапеция ауданын табу біліктілігін мен қисықтармен шектелген қисық сызықты трапецияны кескіндеуді меңгеру.

Ресурс: _Оқулық, сызғыштар, интербелсенді тақта__

Сабақ түрі: Жаңа білімді игеру

Сабақтың құрылымы мен мазмұны:

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1

Ұйымдастыру бөлімі

2 мин

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу

Мұғаліммен сәлемдеседі. Кезекші жоқ оқушыларды хабарлайды

2

Үй тапсырмасын тексеру

4 мин

Интерактивті тақтада: «Қайталау-оқу айнасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі, оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.

№55, 56

Оқушылар кезектесіп жауап береді.Оқушылар өткен сабақтағы ұғымдарды еске түсіреді, талдайды.

Оқушылар екеуара үй тапсырмасын тексеріп, бағалайды.

3

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау

4 мин

Жаңа білімді қажет тірек ұғымдарды "Алфавит сызығы" арқылы оқушылардың өздеріне айқындауға көмектесу

Оқушылар өз тәжірибесіне сүйеніп, тірек ұғымдары арқылы жаңа сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындайды

4

Проблемалық жағдай туғызу

5 мин

Жаңа білімге қатысты интербелсенді тақтада сызбалар ұсынып, пікіраласу жүргізеді (модульдер: СТО, ДО, АКТ)

Сызбалар арқылы жаңа білім геометриямен байланысын тауып, оның 4 аксиомасы орындалатынын байқайды. Анықтамасын тұжырымдап, оқулықтағы 4-9 суреттерден қисық сызықты трапецияны әр түрлі функцияның графигі арқылы алуға болатынын түсінеді.

5

Тапсырманы екеуара орындау

22 мин

Оқулықтан

А: № 88, 91, 93

В: № 95

Оқушылар екеуара оқулықтан берілген тапсырмаларды пікірлесіп, талдап орындайды.

6

Эвристикалық тапсырма (шығармашылық, зерттеушілік)

С: № 100, 101,102

Дарынды оқушылар берілген тапсырманы орындайды

7

Білімді жинақтау және жалпылау

3 мин

Жаңа білімді алдынғы біліммен салыстырып жинақтауға сұрақтар ұсыну

Сұрақтарға жауап беру арқылы алған білімдерін алдынғы тақырыптар бойынша жинақтау

8

Бағалау:

3 мин

Оқыту үшін бағалай және оқуды бағалау

Оқушылардың бағаларын талдау арқылы қорытынды бағаны шығару

Оқушылар сабақ соңында бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша орташа бағасын анықтайды.

9

Үйге тапсырма

1 мин

№ 89, 90(А); 97 (В)

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады

10

Рефлексия

1 мин

Оқушыларға "бағдаршам" арқылы сабақты бағалауды ұсыну

Оқушылар "бағдаршам" арқылы сабақты бағалайды











© 2010-2022