- Преподавателю
- Математика
- Конспектказахском языке на тему Ондық бөлшектерді салыстыру
Конспектказахском языке на тему Ондық бөлшектерді салыстыру
Раздел | Математика |
Класс | 5 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Абилгазин Б.Ж. |
Дата | 29.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Күні: 14.02.2016 ж. Сынып: 5 «а» Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді салыстыру
Мақсаты:
Білімділік: Ондық бөлшектерді оқуға, жаза, білуге және ондық бөлшектерді салыстыруды үйрену
Дамытушылық:Белсенділіктерін және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту;
Тәрбиелік: Танымдық қызығушылыққа,жолдастық сезім, ұқыптылық, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу:
Сабақтың түрі: Интеллектуалдық ойын, топтар арасындағы жарыс, аралас сабақ
Сабақтағы әдіс: Есептер шығару, сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: математикалық аннограмма, презентация, тапсырмалар
Сабақ кезеңдері:
I. Ұйымдастыру
II. Қызығушылықты ояту
III. Интеллектулды модельдеу
IV. Жаңа сабақ
V. Ой түрткі
VІ. Үйге тапсырма
VIІ.Оқушыларды бағалау
Сабақ алаңы:
-
Танымдық ойын
-
КІМ ЖЫЛДАМ?
-
ФИГУРАНЫҢ БОЯЛҒАН БӨЛІГІН ЖАЗ
-
ЖАСЫРЫЛҒАН САНДЫ ТАП
-
БАСШЫЛАР САЙЫСЫ
-
ҚЫЗЫҚТЫ ЕСЕП
-
МАТЕМАТИКАЛЫҚ АННОГРАММА
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру. Кабинеттің сабақ өткізуге қолайлылығын тексеріп, сынып оқушыларын түгелдеп, ашық сабаққа дайындығына көз жеткіземіз. Сынып оқушыларын екі топқа бөліп, сабақты сайыс түрінде өткіземіз.
-
Қызығушылықты ояту:Үй тапсырмасын тексеру мақсатында ұяшықтардағы бірнеше сұрақтарға жауап алынады.
-
Танымдық ойын:
1 ұяшық. 1 - сұрақ: Бірлік бөлшек деп қандай санды айтамыз?
2 ұяшық. 2 - сұрақ: Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?
3 ұяшық. 3 - сұрақ:Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады?
4 ұяшық. 4 - сұрақ:Қандай сан аралас сан деп аталады?
5 ұяшық. 5 - сұрақ: Қандай бөлшектер аликвоттық бөлшектер деп аталады?
6 ұяшық. 6 - сұрақ: Қандай сандарды өзара кері сандар деп аталады?
-
Кім жылдам?
Мұнда екі топ есептер шығарып жарысады, қай топ оқушылары бірінші орындаса сол топ жеңеді, яғни ұпай беріледі
1-катар 2-катар
1)
3) 6 - 3)
Жауаптары:
1) ; 2) ; 3) . 1) ; 2) ; 3) .
III. Интеллектуалды модельдеу
-
Фигураның боялған бөлігін жаз
1)
А
В
С
Көкпен боялған бөлігін
Қызылмен боялған бөлігін
Түрлі түспен боялған бөлігін
Боялмаған бөлігін
-
ABCD төртбұрышының қай бөлігі боялған?
Қай бөлігі боялмай қалды?
А
О
D
А
В
С
4.Жасырылған санды тап
Жауабы: 1, 1, 5, 5
Жаңа сабақ
ОНДЫҚ БӨЛШЕКТЕРДІ САЛЫСТЫРУ
Жаңа сабақты компьтерден интер. тақтаның көмегімен экран-тақтадан слайдтар арқылы иллюстративті көрсетіп - түсіндіру. Анимациялық түрлендірулер пайдалану.
Бөлімдері 10, 100, 1000 және т.с.с болатын бөлшектер
0,7 = 0,70 = 0,700 0,300 = 0,30 = 0,3
Оқылуы: нөл бүтін оннан бес, он бес бүтін жүзден отыз тоғыз,
Он сегіз бүтін мыңнан үш жүз жиырма жеті.
Жай бөлшекті немесе аралас санды ондық бөлшек түрінде жазу үшін:
-
Керек жағдайда бөлшектің алымындағы цифрлар саны мен бөліміндегі нөлдер санын теңестіру;
-
Бүтін бөлігін жазу;
-
Бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен айыру үшін үтір қою керек;
-
Бөлшек бөлігінің алымын үтірден кейін жазу керек.
Мысалы:
Ондық бөлшектерді салыстырудың тәсілдері
І тәсіл. Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе салыстыру
1-мысал. 0,6 және 1,4 ондық бөлшектерін координаталық сәуледе салыстырайық
А(0,6); В(1,4). Онда 0,6 < 1,4
О А В х
0 0,6 1 1,4
Координаталық сәуледе үлкен ондық бөлшек оң жақта, ал одан кіші ондық бөлшек сол жақта кескінделеді.
ІІ тәсіл. Ондық жүйеде жазылғандықтан, ондық бөлшектер разрядтары бойынша да салыстырылады
2-мысал. 6,56 >4,89. Себебі: 6> 4
6,425 < 6,517
8,671> 8,648
9,8563 < 9,8571
Ондық бөлшектердің алдымен бүтін бөліктерін салыстырамыз: олардың қайсысы үлкен болса, сол сан үлкен болады.
Осылайша ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестерін салыстыру керек
ІІІ тәсіл. Ондық бөлшектерді натурал санға түрлендіріп салыстыру
Ондық бөлшектерді ондық таңбаларының сандарын теңестіріп, сонан соң үтірді ескермей, натурал сан түрінде салыстыруға болады.
3-мысал. 3,456 <3,46 Онда 3456 <3460;
0,923 < 0,93 онда 923 < 930;
6,3 > 5,1 онда 63 > 51
Есте сақта!
Тарихи дерек.
Ондық бөлшек орта ғасырда араб математиктерінің және олармен бір уақытта Ежелгі Қытайда пайда болған. Еуропа ондық бөлшектерді Нидерланды математигі және инженері Симон Стевин (1548-1620) 1585 жылы "Оныншы" кітабын жарыққа шығарғанда қолданысқа енгізген
5.Басшылар сайысы
1. Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жаз;
2. Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жаз;
Топ мүшелерімен бірге шешуге арналған жаттығулар
-
Егер ыдыстағы сүттің 1/5 -і 13 л -ге тең болса, онда ыдыста неше литр сүт бар?
13 : (1/5)= 13 * 5 = 65 (л), сонда ыдыста 65 литр сүт бар?
2) Аквариумның көлемінің 6/7 -на, яғни 6 л су құйылды. Аквариумға неше литр су сияды?
6 :(6/7) = 6·7 ː 6 =7 (л) . Аквариумға 7 литр су сияды.
3) Бес литрлік битоннан 2 л сүтті құйып алды. Сүттің қандай бөлігі құйылып алынды? (Ондық бөлшек түрінде )
Қызықты есеп:
1. Далада 10 ат жайылып жүр, оның 2 - уі қара ат.
-
Қара аттар барлық аттардың қандай бөлігін құрайды?
. .
2.Көлде 25 құс жүзіп жүр, оның 6 - уы аққулар.
2.Аққулар барлық құстардың қандай бөлігін құрайды?
.
3. Аулада жүрген барлық құстардың саны 10, оның 3 - уі қораздар№
-
Қораздар барлық үй құстарының қандай бөлігін құрайды?
+30МАТЕМАТИКАЛЫҚ АННОГРАММА
-40
+10
-20
401)
60
30
?
70
50
-
Үш рет кесу арқылы, ірімшікті қалай тең 8 бөлікке бөлуге болады?
Тақтамен жұмыс
Оқулықтан №1 ;№2
САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
-
Ондық бөлшектің соңына нөлдерді тіркеп жазғаннан немесе алып тастағаннан ондық бөлшек өзгере ме?
-
Ондық бөлшектер координаталық сәуледе қалай салыстырылады?
-
Бағалау критериі: Әрбір дұрыс жауап 1 балл.
4. 7 балл - «5», 5 балл - «4», 3 балл - «3»
5.Үй тапсырмасы. §38, № 173
Қолданылған әдебиеттер:
1.Математика. Автор: Ж.У.Кобдикова, Ш.Қ.Нұрманбетова, А.К.Жолдасова, Е.Харабай
2.Математика.Дидактический материал.Автор: Т.А.Алддамуратова, О.С.Кособокова, Р.С.Базаканова
3.Математика.Тестовые задания.Автор: Т.А.Алддамуратова, Н.Б.Снегуренко
4. Я иду на урок математики. Учебный комплект по математике под ред. Г.В.Дорофеева и И.Ф.Шарыгина